Жұбанын әлдилейді Ақжайығы

 

Алғы сөз.

 

Биылғы жылы жерлесіміз, ұлт мақтанышы, жүрегін жырға бөлеп,  үміті - өлең, тақырыбы - туған жер, мақсат - мұраты – Отан деп өткен Жұбан Молдағалиевтің 90-жылдық мерейтойы екендігі баршаңызға аян. Ақынның есімін қастерлеп, кейінгіге үлгі етіп қалдыру бүгінгі ел азаматтарының қасиетті борышы деп білеміз. Демек, ардақты ақынның поэзиядағы, қоғамдық өмірдегі зор еңбегін ешқашан ұмытпауымыз керек. Осы айтулы датаға байланысты барлық кітапханаларда түрлі көпшілік шаралар ұйымдастырылып, ақын тойын лайықты өткізуге атсалысып келеміз. Осы орайда ақын өмірі мен шығармашылығы туралы деректерді  пайдалана отырып құрастырылған бұл «Жұбанын әлдилейді Ақжайығы» атты сценарийлер жинағын кітапханашыларға көмек ретінде ұсынып отырмыз.

 

Өмірбаян сыр шертеді.

 

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы 5 қазанда қазіргі Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық (бұрынғы Тайпақ) ауданының Сайқұдық ауылының Жыланды деген жерінде дүниеге келген. Орал ауылшаруашылық техникумын бітіріп, 1940 жылы армия қатарына шақырылады. Содан 1947 жылға дейін Отан соғысының барлық аласапыран күндерін түгелдей бастан кешіріп, аттай жеті жылды армия қатарында өткізеді. Әуелі соғыста артиллерия батереясында, сонаң соң 1942 жылдан бастап, «Отан үшін» деген майдан газетінде тілші болып істейді.

 

 1948-1952 ж.ж. «Лениншіл жас» (қазіргі Жас алаш) газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, 1958-1963ж.ж.«Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.

 

1953-1954 және 1963-1971 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының екінші хатшысы, 1979-1983 жылдары бірінші хатшысы, КСРО Министрлер кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және архитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің, «Новый мир» журналы редколлегиясының, және «Библиотека поэта» басылымы редколлегиясының мүшесі болған.

 

«Ленин тірі» атты алғашқы өлеңі Орал облыстық «Комсомол ұрпағы» газетінде (1939 ж) басылған. 1949 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы  «Жеңіс жырлары» деген атпен жарық көрді.

 

Содан кейін Жұбан ақынның 60-тан астам жыр жинағы жарық көрген. Қазақ әдебиетінде поэма жанрының дамуына мол үлес қосқан ақын «Нұрлы жол (1950), «Жыр туралы жыр (1956), «Қиял қанаты»,(1957), «Дала дастарханы» (1957), «Қызыл галстук» (1958),«Жесір тағдыры»(1961), «Туған жер»(1962), «Мен - қазақпын»(1964), «Айттым сәлем»(1966), «Кісен ашқан (1969), «Қыран дала» (1974), «Сел»(1975), «Байқоңыр баспалдақтары» (1977) сияқты көркемдік дәрежесі жоғары поэмалар жазған.

 

 Ақындық өнерін айқын танытқан «Кісен ашқан» поэмасына 1970 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына, 1978 жылы «Қыран дала» және «Сел» поэмалары үшін КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.

 

  КСРО Қорғаныс Министрлігі сыйлығының лауреаты және А.Фадеев алтын медальдың иегері. Көптеген шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгр, араб, моңғол, словак, орыс тілдеріне аударылған. КСРО Жоғарғы Кеңесінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.

 

Ленин орденімен, екі рет «Еңбек Қызыл ту», екі рет «ІІ дәрежелі Отан соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1985 жылы «Қазақ КСР Халық Жазушысы» құрметті атағы берілді.1986 жылы желтоқсанда тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан қазақ жастарын қуғын-сүргінге ұшыратқан қандықол колбиндік озбырлықты айыптап сөз сөйледі.

1988 жылы 6 қазанда дүниеден өтті.

 

 

«Жыр арқауы -Жұбан»

Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған поэзия кеші

(Есенсай ауылдық кітапханасы)

 

  

Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқырмандар! Бүгінгі Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған «Жыр арқауы -Жұбан» атты поэзия кешін ашық деп жариялаймын!Жерлесіміз, белгілі ақын Жұбан  Молдағалиев қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің белді өкілі. Жұбан алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы күндерге дейін жарты ғасырға жуық  уақыт бойы үзбей қалам тартқан, ұзақ өсу, жетілу, кемелдену сапарын бастан кешірген ақын.

 

Өлеңге ерте келіп, кеш ер жеттім,

Ойлаған шалалықты кешер деп кім ?

Қағазға қалдыруға асығыппын,

Көңілдің қуанышын, кесел дертін.-дейді.

Олай болса бүгінгі  «Жыр арқауы - Жұбан» атты поэзиялық кешке қош келдіңіздер!

 

 

 

Жүргізуші :Жұбанның ақындық творчествосы түгелдей өз дәуірі мен өзі өмір сүрген ортаның шындығын жырлауға арналады. Оны ол жалаң алмай, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы ойларымен толықтырды, сол негізде дәуір,заман туралы толғаныстар жасады. Заманын жырлау- оның ақындық кредосы еді.

 

Жазбаймын уақыт өтсін, ойнасын деп,

Жазамын, Абайша айтсам, ойланысн деп.

Ойлансын өзі жайлы – заман жайлы,

Көргенге қиялымен бойласын тек – деп оның оқырманға ұсынар өсиеті осындай.

Туған жерді асқақтата жырлау, жай адамға көріне қоймайтын оның керемет сәнділігін нәзік те жігерлене толғау – Жұбанның ақындық шеберлігінің бір саласы, жарқын бір көрінісі.

 

  • оқырман:«Жағаңда тұрмын Жайығым»
  • оқырман: «Туған ауылымда»
  • оқырман: «Ақ Жайық»
  • оқырман: «Тайпақ деген жер бар»

 

Жүргізуші: Ақынның көптеген өлеңдері әйел қауымына, қазақ әйелдерінің тағдырына, әйел- ана, әйел жар, әйел-қарындас, қыз деген қасиетті тақырыпқа арналған.

  • оқырман: «Түсімде көрдім анажан»
  • оқырман: «Анажан дейді сені балаларың»
  • оқырман: «Жер мен әйел»
  • оқырман: «Ана туралы баллада»
  • оқырман: «Қыз сыры»

 

Жүргізуші: Жұбан Молдағалиев туған жері — Жайық бойы жайлы әдемі жырлар қалдырды. Ал 1914 жылы жазылған "Сағындым, Жайық" өлеңінде ақын өзінің суреткерлігімен көрінеді.

 

 10 – оқырман: «Сағындым, Жайық»

 

Сағындым сені, Жайық, алма бақты,

Өткізгем өз бойыңда жастық шақты.

Сүюші ем төңкерілген толқыныңды,

Солқылдап соғып жатқан жарқабақты.

Суына қармақ салып, ілгем талай,

Күмістей жалтыраған ақ шабақты!

 

Мұнда ақын туған, өскен жерге деген сағыныш сезімін өзен, толқын, "күмістей ақ балық", т.б. нақты дәл берілген суреттер арқылы оқырманның көз алдына келтіреді. Жайықтың әсем көрінісі өрнектеледі.

 

Жүргізуші: Алғашқы жырларынан-ақ Жұбан жалаң ұраншылдыққа берілмей, адамның шынайы көңіл күйін, сезімін қоршаған ортаның шындығымен астастыра жырлайды. "Алматы тау өзені" өлеңінде:

 11 – оқырман: «Алматы тау өзені»

...Тау текедей бір ұсталмай

Тастан-тасқа атылды.

Темір тиген хрустальдай                                                  

Шытынайды, уатылады, — деген жолдарда ақын толқындардың шатынауын естіртеді, өзен ағысының күштілігі көз алдымызға келеді. Өлеңнің әсерлілігі, өлең ерекшелігі келесі шумақта бір-бірімен байланыста жымдаса түседі.

 

...Тау бұйырса, сыз бұйырса,                                     

Желе  жортар желі даяр,

Кұз құласа, мұз құйылса,           

Сең-сең тасы, селі даяр... —   деп, ақын тау өзенінің жан-жақты тағы бір қыр-сырын аша түседі.

 

Жүргізуші: "Бокс заңы бойынша" өлеңінде ақын алдымен оқырман назарын бокс заңына аударып, өмірдегі кездесетін күншілдікті, нағыз талантты көре алмаушылықты сынап, әшкерелейді.     

                                                        

12 – оқырман:

        «Бокс заңы бойынша»

Жекпе-жек — заңы бокстың

Бірге — жүз қарсы тұру жоқ.

Желкеден періп оқыста,

Кіндіктен төмен ұру жоқ...

.... Тұрмыста, әттең, қарсы жақ

 Бетпе-бет келе бермейді — деп өкініш білдіре отырып:

Жүгінсін бокс заңына,

Ар-ұят деген сотты ұқсын,- деген жолдар арқылы адамдыққа, адамгершілікке үндейді. Өлең көпшіліктің көкейіндегісін тап басуымен әсерлі.

 

Жүргізуші: Жұбан Молдағалиев өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде: "Аққу", "Махаббатты жырласаң", "Аққуым аспанда емес, жер бетінде", "Көзімде қалды суретің", т.б. сияқты жырларында адамды сүю, бағалау, жар сүю, ана махаббатын аялау, Отан сүю сезімдерін сабақтастыра жырлайды. Мәселен, "Махаббат ерлігі" атты өлеңінде махаббаттың құдіретті күші нені болса да жеңетінін паш етеді, екі мүгедектің (соқыр мен ақсақ) бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуі өмір мен тіршіліктің өлмес күші екенін танытады.

13 – оқырман: «Махаббат ерлігі»

 

Жүргізуші :Ақын табиғатты қорғау, сақтай білуге үндеген көптеген өлеңдер жазды. Мәселен:                                                          

...Табиғат — аңға да ана, маған да ана,

Қорғаныш бола білсе — далам дана, — деп, табиғатты анаға теңеуінде үлкен ой жатқанын көреміз. "Жалғыз ағаш" атты өлеңінде:

Әрине, ел көшсе де, жұрт қалады,

Жол салты жолаушыны құтқарады.

Көмулі тал түбінде торсық қымыз,        

Шөл емі — бірер дорба кұрт қалады, — деп суреттейді. Мұнда барынша анық, түсінікті, барынша қарапайым жолдардағы шөл, құлазыған даланы мекен етіп өскендер, сол далада жол көшкендер бұл суретті айнымай таниды. Ақын мұнда дала үшін жалғыз ағаштың көрікті екендігін аша түседі. Сондай-ақ салт-дәстүр бойынша жолаушыға деп жанашыр, сезімтал қазақ халкының ағаш түбіне сақтаған сусын, ас-дәмі оның адамгершілік, адам сүйгіштік қасиетін асқақтата түседі. Осыдан келіп, жалпы қазақтың жомарттығы, қонақжайлылығы біртіндеп толыға түседі. Ақын "біз жомарт, дарқан елміз" деп құр айғайлап айтпай, нәзік суреттейді. Өзіндік үнін танытады.

 

14 – оқырман: «Жалғыз ағаш»

 

 

Жүргізуші: Ал "Жер — глобус" өлеңінде айрықша ештеңе жоқ сияқты көрінгенімен, лирикалық кейіпкердің бала кезінде мұғалімнен жердің глобус сияқты екенін, оны сақтау керектігін естігеніне шегініс жасай отырып, оны даралай түседі:                                                                              

 

Жер емес, мұғалімнің басы маған,

Бір қызық глобус боп елестейтін... — деген өзіндік ой-түйіндерімен көзге түседі. Өлең соңында кейіпкер есейеді, өзіндік көзқарасын саралай бар халықтарға тіл қатқан ақын үнін, даусын тыңдағандай боламыз.

 

— Жер — өмір. Адам сонда бағын сынар,                        

Алыссаң, жерді қорғап алысыңдар.                                  

Адамдар, глобусқа сақ болыңдар!

Адамдар, таласпаңдар, табысыңдар! — деп, ақын кейіпкері жеке өмірін бар халықтар тағдырымен шебер ұштастыра білген. Бүкіл адамзатты бірлікке, тыныштыққа шақырады, оқушысына ой тастайды. Мұнда тұтастай бір кесек образды, суретті жеткізуге арналғаны анық байқалады.

 

 

15 – оқырман: «Жер – глобус»

 

 

Жүргізуші: "Ғашық көзбен" атты лирикалық кітабы үшін Ж.Молдағалиевқа Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Поэзиядағы ең негізгі қасиет — сөз тығыздығы, ой қалыңдығы, сыйымдылығы, айқындылығы болса, мұнда ақын шеберлігі біртіндеп таныла түседі. Ақын өлеңдерінде жалтыраған сөз қатары емес, әр сөз өзіндік мағына арқылы көрінеді:

Ризамыз бүгінге, біз кешеге,                            

Бір ғұмырды таныттық бірнешеге,                 

Не тілесе туған ел — сол болдық біз.   

Бірде семсер, бірде орақ, бірде шеге.                

 

Осы шумақта бейбітшілік егінін, жемісін егу, "шеге" арқылы құрылыстағы еңбекті дәріптеу — бәрі үйлесе келіп, туған елге деген ақын сүйіспеншілігін таныта түседі.

 

16 – оқырман: «Ғашық көзбен» өлеңі.

 

Жүргізуші: "Тірілерге тіл қату монологы" жаралы жауынгердің өлім алдындағы жан сырын жеткізуге арналған. Соғыстың, арпалыстың, азаптың ортасында от оранып жатқан жауынгердің тіршілікке, жарық дүниеге құштарлығы оқушыны бей-жай қалдырмайды. Ажалмен арпалысқан жанға шипа болған, тыныс берген, асыл сезімді, махаббатты паш етеді. Бұл пенделік емес, адамзаттық асыл сезім, үзілген өмір қосқан сезім екенін айқындай түседі.

 

Көптеген лирикалық өлеңдер жазған ақынның эпикалық талантының да жоғары екенін көреміз. Ол жазған поэмалар стильдік, жанрлық үлгілері жағынан әр түрлі және қазақтың эпикалық поэзиясын биікке көтеріп, жаңа сапамен байытқан туындылар болды. Алғашқы поэмаларында — "Нұрлы жол", "Қызыл галстук", "Қиял қанатында" — ақын жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, еңбекке баулудың проблемаларын көтерді. Балалардың келешегі үшін, олардың болашағы әрқашан күн тәртібінен түспейтіні кімді болса да толғантар мәселе екенін ақын айқын, дәл суреттей отырып, жастарға үлкен сеніммен қарайды. Заман, дәуір шындығын шебер суреттеуде ақын жеткен табыстар аз емес.

 

 

 

Жүргізуші: Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

 

Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде табыстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

 

Мен — қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен, — деген өлең жолдарынан-ақ ақынның қазақтық азаматтық, патриоттық намысын бірден танимыз. Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз.

 

Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.

 

17 – оқырман : «Мен  - қазақпын»

Жүргізуші: Ақын туған өлкесіне келген сайын өзі өскен ортаның өткендегісі мен бүгінгісін салыстыра қарап, қай жақта жүрсе де өзі туып - өскен жерлестерінің жүрегіне жылы тиер өлеңдерін сыйлады:

 

Ән: «Еділ мен Жайық» сөзі: Ж. Молдағалиевтікі, әні: І. Жақановтікі.

Ән: «Қайда да біргесің, туған ел» сөзі: Ж. Молдағалиевтікі.

 

Кітапханашы: «Тұғыры биік тұлға» кітап көрмесіне библиографиялық шолу.

 

Қорытынды:

Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулысақ, сол арқылы мына күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы  өмірінде елінің  болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек  поэзияда  ғана емес,  өмірде де, күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген Жұбан  Молдағалиев еді. Алты алаштың ардақтысы ақиық ақынымыздың рухы мәңгі асқақтары анық.

 

«Тұғыры биік тұлға»

(кітап көрмесінің жобасы)

 

І бөлім: «Туған елдің мақтанышы»

Дәйек сөз:

 

     Бар қазақ  Жұбанына сенбеп еді,

     Ақынын пайғамбардай көрмеп пе еді,

     Есінен туған елдің шығар қалай

     Жырың мен жас ұрпағын тербеткенің!...

                                                                                        Ә. Тәжібаев

 

  1. Аязбаева Г. Поэзия құдіреті: Жұбан – 80 // Жайық таңы.-2000.-№40.-Б.2

 

  1. Жұбан Молдағалиев: өмірі мен қызметі  //  Қазақ совет энциклопедиясы. Т.8.-Алматы, 1976.-Б. 102

 

  1. Жұбан Молдағалиев :  өмір жолы мен шығармашылығы  //  Батыс Қазақстан облысы : энциклопедия.-Алматы,2002.-Б.396

 

  1. Жұбан елі [фото]: фотоальбом.-Орал: Полиграфсервис, 2008.-Б.84

 

 

  1. Елубайқызы Ү. Қазақ болу – зор бақыт : Жұбан жырлары осылай жаңғырады // Жайық таңы .-2009.-7 тамыз.- Б.4

 

 

  1. Молдағалиев Ж. Мен қазақпын: өлеңдер мен поэмалар.- Орал: Ағартушы, 2009. –Б.348

 

  1. Қирабаев С. «Мың өліп, мың тірілген : Жұбан поэзиясы туралы .- Егемен Қазақстан.- 2000.-4 қазан.- Б.2

 

 

 

 

ІІ бөлім: «Ерлік күрес шежірелері»

Дәйек сөз:

 

      «Туған республикамыздың құрдасы Жұбан бүкіл саналы өмірін  Отаны мен отандастарының бақытты жолына арнады.»

                                                                                С. Қирабаев

 

  • Бейсенова Г. Жұбан жадымыздағы эпикалық тұлға : «Мен қазақпын» поэмасы туралы //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2010.-№8.-100-105 б.
  • Шарабасов С. Азаматшыл әуен құдіреті : «Мен қазақпын» поэмасындағы ерлік туралы //Орал өңірі.-1995.-3 қазан.-Б.3
  • Қирабаев С. «Мың өліп, мың тірілген : Жұбан поэзиясы туралы.-Егемен Қазақстан.-2000.-4 қазан.-Б.2
  • Азап пен ғажап : «Мен-қазақпын» поэмасы туралы // Мырза Әлі Қ. Сөз сиқыры : жыр туралы кітап.-Алматы, 1982.-Б.164-169
  • Жұмағалиев Б. Шырағдан жырлар : «Мен қазақпын» поэмасы туралы //Өлеңде де, өмірде де Жұбан ақын. Ақиқатын айтқан айбарлы ақын.- Орал,2000.-Б.34-38
  • Домбыра : «Мен-қазақпын!» поэмасы туралы //Мырза Әлі Қ. Таңдамалы туындыларының көп томдығы. Т.13.-Алматы, 2005.- Б.185-191,337
  • Елеубайқызы Ү. Қазақ болу-зор бақыт : Жұбан жырлары осылай жаңғырады («мен-қазақпын» поэмасы туралы) // Жайық таңы.- 2009.- 7 тамыз.- Б.4
  • Нәсіпқали Р. Ақын туған топырақтың перзентімін : //Жайық таңы.-2010.-13 мамыр.- Б.12.

 

ІІІ бөлім: «Халыққа жақын ақын еді»

Дәйек сөз:

      «Жұбан Молдағалиев лирикасы – мол дүние, әрі алуан сипатты сырлы жырлар».                                                                                                    

                                                                                  М.Әлімбаев

 

  • Жұбан Молдағалиевтің шығармалары, ол туралы әдебиеттер мен мерзімді басылымдардағы мақалалардың библиографиялық көрсеткіші /Чапаев ауылындағы ОКЖ, әдістемелік бөлім.-Чапаев ауылы, 2010.-Б.32
  • «Жұлдызды Жұбан ақын» : жаднама
  • Сұлтанова Қ. Қазақтың қыран перзенті : «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Ақын рухымен сырласу» атты ой бөлісу кеші // Жайық таңы .-2009.-16 қазан.-Б.4
  • Омаров Т. Жұбан жыры жас ұрпақ жүрегінде : «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Мен қазақпын» поэмасын насихаттау мақсатында Қаратөбе аудандық кітапханасында байқау өтті // Орал өңірі.-2010.-20 шілде.-Б.6
  • Бисенғалиев А. Жыр әлемінде жадырап... : «Жұбан елі - жыр әлемі» атты көркемөнерпаздар ұжымдарының фестивалі // Жайық таңы.-2010.-12 тамыз.-Б.4
  • «Поэмалар керуені» : «Бір ел- бір кітап»акциясы аясында өткізілген поэзия кешінің сценариі
  • Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасына арналған әдеби кештің сценариі
  • Молдағалиев Ж. Бастаушымыз партия.- Алматы: Қазмемкөркемәдеб баспасы, 1954.-75 б.
  • Молдағалиев Ж. Таңдамалы шығармалар : өлеңдер.-Алматы :Көркем әдебиет, 1958.-Б.255
  • Молдағалиев Ж. Поэмалар.-Алматы: Көркем әдебиет,1960.-Б.129
  • Молдағалиев Ж. Жесір тағдыры : поэма .-Алматы : Қазмемкөркемәдеббас, 1961.-Б.124
  • Молдағалиев Ж. Заман тынысы : поэма және өлеңдер.-Алматы:Көркем әдебиет, 1963.-Б.68
  • Молдағалиев Ж. Жиырма бес: дастандар мен өлеңдер.-Алматы:Жазушы, 1965.-Б.408
  • Молдағалиев Ж. Кісен ашқан.-Алматы:Жазушы, 1969.-Б.77
  • Молдағалиев Ж. Таңдамалы екі томдық.Т.1 : өлеңдер.-Алматы:Жазушы, 1970.-Б.384
  • Молдагалиев Ж. Қызыл қайың:өлеңдер.-Алматы:Жазушы,1973.-Б.172
  • Молдағалиев Ж. Қыран дала: дастан және өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1974.-Б.88
  • Мулдагалиев Д. Дойду до горизонта: новые стихи и поэмы.-Алма-Ата: Жазушы, 1976.-С.288.
  • Молдағалиев Ж. Байқоңыр баспалдақтары: дастан және өлеңдер.-Алматы: Жазушы,1977.-Б.140
  • Молдағалиев Ж. Самал : хикаялар.-Алматы: Жазушы, 1978.-Б.163
  • Молдағалиев Ж. Шалқыма: Өлеңдер.-Алматы : Жазушы, 1978.-Б.152
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. Т.1 : өлеңдер.-Алматы : Жазушы, 1979.-Б.688
  • Мулдагалиев Д.Сель: поэмы.-М.:Сов.писатель, 1980.-С.141.
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. Т.2 : поэмалар.-Алматы : Жазушы, 1980.-Б.430
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы.Т.3: публицистика, очерктер, әдебиет туралы толғаныстар.-Алматы:Жазушы, 1981.-Б.440
  • Молдағалиев Ж. Жыр күнделіктері : таңдамалы өлеңдер.-Алматы : Жалын, 1981.-Б.256
  • Мулдагалиев Д. Голос любви: стихи и поэмы.-М.: Сов.писатель, 1981.-С.238.
  • Мулдагалиев Д. Звезда поколения : стихотворения и поэмы.-М.:Мол.гвардия, 1982.-С.158
  • Молдағалиев Ж.Таза бұлақ: роман.-Алматы: Жазушы, 1984.-Б.344
  • Молдағалиев Ж. Ақ жалын : өлеңдер мен поэма.-Алматы: Жазушы,1985.-Б.136
  • Молдағалиев Ж. Елі суреттері : әңгімелер.-Алматы: Жалын,1986.-Б.352
  • Мулдагалиев Д. Избранные произведения: В 2 т.: Т.1.- М.: Худож.лит., 1986.-С.365.
  • Молдағалиев Ж. Қыран дала: дастан және өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1990.-Б.584
  • Молдағалиев Ж. Жомарт жүрек : деректі повесть.-Алматы:Өнер,1990.-Б.208
  • Жұбан Молдағалиев. 70 жыл.1920-1990 :естеліктер.-Орал :Облыстық типография, 1990.-Б.52
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. Туған жер тынысы: екі томдық: Т.1.-Орал, 2000.-295 б.
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. Азаматтық әуендер: екі томдық: Т.2.-Орал, 2000.-239 б.
  • Мулдагалиев Жубан. Я – казах!- М.: Русская книга,2003.- С.192

 

 

«Нар тұлғалы азамат»

Ж.Молдағалиетің 90 жылдығына арналған тақырыптық кеш.

(Мерген модельді ауылдық кітапханасы)

 

 

Кітапханашы: Құрметті оқырмандар!Ақын Жұбанның, азамат Жұбанның, қоғам қайраткері, қазақ халқының тарихында алатын орны ерекше екені осы отырған баршамызға белгілі деп ойлаймын. Елжандылық – ақыл, ой – сананың, табанды тәрбиенің жемісі. Бұған Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біз Қазақстанның барлық азаматтарынның отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» - деген стратегиялық  даму бағдарламасында  айтылған сөзі дәлел. Оқырманға аты әбден қанық, белгілі ақын Жұбан Молдағалиев – қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі. Жұбан – алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы күніне дейін, жарты ғасырға жуық уақыт бойы үзбей қалам тартқан, ұзақ өсу, жетілу, қалыптасу, кемелдену сапарын бастан кешірген ақын. Оқырмандарға Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, Отанды сүюге баулу, жерлес ақынды таныту, өз беттерімен әдебиетті оқытуға үйрету. Поэзияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен «Нар тұлғалы азамат» атты тақырыптық кешке қош келдіңіздер!

 

   

Жүргізуші:  Жұбан – сынды сан қырлы талант иесін, ерекше елжанды азаматты жете танып – білу, бүгінгі ұрпаққа ақын творчествосын тереңдеп оқыту, атын мәңгі есте қалдыру – әрқайсымыздың парызымызға айналса екен.

 

оқырман:(Жұбан – желтоқсан жебесі... /оқырман ойы/) Жұбан ақын туған өлкеміздің мақтанышы ғана емес, Алаш жұртының, жүрегінен орын алған азамат – ақын.Оның жырларынан басқа азаматтық істерін атақ даңққа бас имей аумалы- төкпелі заманда қазағының ары мен намысы үшін әлі де ерлікке бара алатындығын 1986 жылғы  Желтоқсан көтерілісі кезінде көрдік. Тоталитарлық режим кезінде жазылған «Мен- қазақпын» поэмасының қазағы екендігін дәлелдеп өткір де өтімді  сөз саптап трибунадан сөз сөйлегені халықтың көз алдында. Арын шүберекке түйіп ту қып ұстаған зымиян саясатпен бетпе-бет келіп, қанатымен су сепкен қарлығаштай қазақ жастарына араша түсіп ұлт тағдыры үшін күңірене тіл қатқанын барлығымызда білеміз. Бұқпайлаған заманның шымылдығын бұзып президиумға шығып қазағын жалғыз ауыз сөзімен жұбата алған ақынның Ақжайық топырағының қөасиетін паш еткені емес пе? Туған ел топырағы үшін жүрегі ауырған, ұлттың ертеңіне алаңдаумен өткен ақын туралы айта берсек сөз сарқылмас. 

 

  • Оқырман: «Ар-ұят» туралы өлеңінен үзінді оқылады.

 

 

Ән: «Қайда да біргесің, туған ел» авторы: Ж.Молдағалиев.

 

Жүргізуші: Ж.Молдағалиев шығармаларын тұтас алып қарағанда, соңғы ширек ғасырда оның ірі тұлғалы ақын болып қалыптасқанын көреміз. Бүкіл дүние өлеңінде есімі Жұбан қазақ әдебиетіне өзіндік үн, нақыш әкеледі. Бүкіл шығармашылығы біртұтас көрініп, алғашқысы мен соңғысы, үлкені мен кішісі бір үн, бір ән болып естіліп жатқан ақын поэзиясы әдебиетіміздің үлкен бір жетістігі, жемісі екенінде дау жоқ.

 

      3-оқырман: «Қазақ» өлеңін мәнерлеп оқиды.

 

Жүргізуші:Ақынның алғаш жинағы «Жеңіс жырлары» 1949 жылы шықты. Жұбан ақын 29 – да болатын. «Жеңіс жинағы» жинағындағы жырлары ақынның ойлы қоғамдық мән – мағынасы биік поэзияға ұмытылатыны байқалды. Бұл жырлар сол сәттің ауыр, қиын-қыстау жағдайынан, сұрапыл қанды соғыс жағдайынан туғаны анық, ақын күнбе – күнгі өмір шындығынан алыстап кете алмады.

      4-оқырман: «Біз жеңеміз» өлеңін оқиды

Жүргізуші: Ақынның лирикалық өлең деп айтатын жас жанның ішкі көңіл –күйін сездіретін шығармалары «Солдат сыры», «Ғафу ет, сұлу бойжеткен», «Баурыңа бас хатымды», «Мәмилаға сәлем хат» және басқа майдан шебінде туған лирикаларында ақын өлеңге деген ұғымдарын тереңірек толғады. Сүйгеніне хат жазған лирикалық кейіпкер махаббат жайын,ішкі сезімін, «сүйемін», «жанамын» деген көңіл тоқтауларын ашпайды.

    5-оқырман: «Солдат сыры» өлеңін мәнерлеп оқиды.

    6-оқырман: «Ғафу ет, сұлу бойжеткен»

    7-оқырман: «Сағындым Жайық»

    8-оқырман: «Махабатты тыңдасам»

Жүргізуші: Ж.Молдағалиев поэзиясына тән нәрсе ой жүйесі мен тұжырым, түйін жалғастығы, айтылмақ ойдың мән- мағынаның түйінін табуы, жетелеген ой барысының жарасымды шешім табуы, өлеңінің белгілі бір нәтижелі түйінмен аяқталуы. Ақын көбіне – көп нағыз айтарын көлегейлеп отырып, соңынан бір –ақ білдіруге ұмтылады. Ақынның «Махамбет қабірі басында» өлеңін алалық.

9-оқырман: «Махамбет қабірі басында»

 

Жүргізуші: Азаматтық поэзия, қазіргі тұрмыс-жағдайымыздың өміршең жақтарын үлгі етіп жырлайтын поэзия, қоғамымыздың халқымыздың бүгінгі орасан жасампаздық жеңімпаздың қалпын айқындай түсетін поэзия бүгінгі өскен, көркейген әдебиетіміздің жемісті бір тармағы.

 

10-оқырман: «Ақын бақыты» өлеңі мәнерлеп оқылады

 

 

Жүргізуші: Ақын туған өлкесіне келген сайын өзі өскен ортаның өткендегісі мен бүгінгісін салыстыра қарап, қай жақта жүрсе де өзі туып – өскен жерлестерінің мерейін өсіріп, жігерін тасытып жерлестерінің жүрегіне жылы тиер өлеңдерін сыйлады.

11-оқырман: «Туған ауылымда» өлеңін мәнерлеп оқиды.

12-оқырман: «Туған жерде тағы да»

13-оқырман: «Жағаңда тұрмын Жайығым»

 

Ән: «Еділ мен Жайық» сөзі: Ж.Молдағалиев, әні: І.Жақанов.

 

Шешендік толғау арқылы халықтың қасиетін билеріміз таныта білсе, Ж.Молдағалиев «Мен Қазақпын» деп жырлап өтті. Ақынның «Мен қазақпын» поэмасы ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әлемге мойындатқан шығармасы. «Мен қазақпын» поэмасынан басқа ақын «Қыран дала», «Жыр туралы жыр», «Жесір тағдыры», «Кісен ашқан», «Сел» поэмаларын жазды. Поэмалардың қай – қайсысы да сол кездегі дәуірдің өз замандарының ісі мен тіршілігі жайында жазылған.

 

14-оқырман: «Мен Қазақпын» поэмасынан үзінді оқылады.

 

Кітапханашы: «Туған өлкеміздің мақтанышы» кітап көрмесіне шолу.

 

Жүргізуші: Белгілі журналист, қоғам қайраткері, Жазушылар одағының басшыларының бірі есебінде Жұбан өзін толғандырған мәселелер жөнініде ой –толғаныстар, мақалалар, очерктер, публицистиканы көп жазған ақын. Жұбан ақынды қазақ халқы түгел біледі, бағалайды. «Ақыным» , «қайраткерім» деп ұққан халқымыз Жұбан есімін әрқашан есінде ұстайды. Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулысақ, сол арқылы  елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де күресте де үлкен азаттықпен қорғай білген Ж.Молдағалиев еді. Осы шарамызды ақынға деген көрсетілген зор құрмет деп білеміз!

 

 

 

«Туған өлкеміздің мақтанышы»

(кітап көрмесінің жобасы)

 

І бөлім: «Қазақ атын әйгілеген азамат»

 

Дәйек сөз:

 

Жұбан –жыр дара шынар шың қасында,

Қалады қаймыққандар қыр  басында.

Көшпелі керуен-өлең аялдамай,

Тартады бір ғасырдан – бір ғасырға!

                                                 С.Бисенғалиев

 

                       

  • Жұбан Молдағалиев //Батыс Қазақстан облысы : энциклопедия.-Алматы, 2002.-396 б.
  • Жұбан Молдағалиев //Қазақстан: ұлттық энциклопедия.Т.6.-Алматы, 2004.- 542-543 б.
  • Жұбан Молдағалиев (1920-1988) //Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.9: Кеңес дәуірі.- Алматы, 2005.-398-430 б.
  • Джубан Мулдагалиев // Писатели Казахстана.-Алматы,1982.-С.160
  • Жұбан Молдағалиев (1920-1987) : өмір жолы мен шығармашылығы // Екі мыңжылдық дала жыры/ бас ред.Ә.Нысанбаев.- Алматы, 2000.- Б.415-418
  • Шәкимов М.Ғұмырымдағы көрікті бір күндерім: Жұбан ағаның туған жерге сапары // Жайық таңы.- - 24 маусым.- Б.5.

 

ІІ бөлім: Ұрпаққа өнеге - ақын»

 

Дәйексөз:     

     

     Ақынын пайғамбардай көрмеп пе еді,

Бар қазақ Жұбанына сенбеп пе еді.

Есінен туған елдің шығар қалай

Жырыңмен жас ұрпақты тербеткенің

                                                          Ә.Тәжібаев

 

  • Жұбан аға туралы ой //Жәнібеков Ө. Тағдыр тағылымы.-Алматы,1997.-57-64б.
  • Ұлы көш, ұлы серпін: Жұбан шығармашылығы туралы // Қаратаев М. Бетбұрыс белестері: мақалалар, эссе, портреттер (1985-1995).- Алматы, 2005.- 9-16 б.
  • Жұбан Молдағалиев : шығармашылығы // Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен.-Астана, 2002.-293-301 б.
  • Лирик ақын, эпик жыршы : Жұбан поэзиясы туралы // Қаратаев М. Көргенім мен көңілдегім.-Алматы, 1982.-149-156 б.
  • Әдебиеттану және сын: Ж.Молдағалиевтің Ұлы Отан соғысы туралы шығармашылығы // Базарбаев М. Қаһарлы күндер әдебиеті.- Алматы, 1968.- 107-112 б.
  • Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэмасы: Жұбан Молдағалиевтің Ұлы Отан соғысы туралы шығармашылығы.-Алматы: Ғылым, 1977.-240 б.
  • Әлем әдебиеті кітапханасы: Жұбан шығармашылығы туралы // Сәтбаева Ш. Достық дастандары: зерттеулер, мақалалар.- Алматы, 1983.- 185-200 б.
  • Уақыт және қаламгер: Ж.Молдағалиев шығармашылығы туралы.-Алматы : Жазушы, 1984.- 202 б.
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ поэзиясы. 1941-1945 : Жұбан шығармашылығы туралы // Базарбаев М. Ерлік пен еңбек дастаны .- Алматы , 2005 .- Б.9-96,98-130
  • Бастау: Жұбанның патриоттық шығармалары туралы //Тәжіғұлов С. Хамит Ерғалиев.-Алматы:Жазушы,1983.-6-22 б.
  • Қаһарман халық, байсалды басшы : Ж.Молдағалиевтің елдік пен ерлік туралы шығармалары // Мырза Әлі Қ. Сөз сиқыры : жыр туралы кітап.- Алматы, 1982.-Б.177-184
  • Мұсаев А. Өлең өзегі-өршіл рух : Жұбан шығармашылығындағы отансүйгіштік // Өлеңде де, өмірде де Жұбан ақын. Ақиқатын айтқан айбарлы ақын.- Орал, 2000.-Б.52-57
  • Кенжеғалиев М. Кең тынысты эпик ақын :Жұбан шығармашылығы туралы // Өлеңде де, өмірде де Жұбан ақын. Ақиқатын айтқан айбарлы ақын.- Орал, 2000.-Б.61-68
  • Күнсіздерге күн болған : Жұбан достық туралы жырлайды // Мырза Әлі Қ. Таңдамалы туындыларының көп томдығы. Т.13.-Алматы, 2005.-Б.98
  • Жұбан Молдағалиев : туған жер туралы шығармалары // Қайырбеков Ғ. Алыс та жақын жағалау: 2-кітап.- Алматы, 2006.-Б.108-115
  • Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті.Поэзия : Жұбан ақын елдік пен ерлік туралы // Мақпырұлы С. Қазақ әдебиеті.2-бөлім.-Астана,2007.-Б.235-240
  • Ақ жалын : Жұбан шығармашылығы туралы // Сарбалаұлы Б. Бес мүшел. Т.2 : әдеби эссе, сын мақалалар.-Алматы, 2009.-Б.56-64
  • Арналы ақын: соғыстан кейінгі жылдары ел өмірінің өзекті мәселесін жырлаған Жұбан ақын //Сүйіншәлиев Х. Ізденіс іздері.-Алматы, 1975.- 195-202 б.
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ поэзиясы: Жұбан поэзиясы туралы // Базарбаев М. Қаһарлы күндер әдебиеті.- Алматы, 1968.- 11-82 б.
  • Ерлік күрес шежірелері: Жұбан поэзиясы туралы //Сүйіншәлиев Х. Саңлақтар сарабы: әдеби зерттеулер.- Алматы, 1978.- 183-213 б.

 

 

3-бөлім: «Еншісін елден бөлмеген»

 

Дәйексөз:      «Жұбан мұрасы – келешекте де жұртшылық кәдесіне аса беретін аса құнды мұра, ол жылдар озған сайын бүкіл бітім-болмысымен, мәнімен де, нәрімен де жарқырай түсетін асыл қазына»

С.Сейітов

 

  • Молдағалиев Ж. Таңдамалы шығармалар. Т.1: өлеңдер.-Алматы :Көркем әдебиет, 1970.-Б.255
  • Молдағалиев Ж. Поэмалар.-Алматы: Көркем әдебиет,1960.-Б.129
  • Молдағалиев Ж. Жесір тағдыры : поэма .-Алматы : Қазмемкөркемәдеббас, 1961.-Б.124
  • Молдағалиев Ж. Заман тынысы : поэма және өлеңдер.-Алматы:Көркем әдебиет, 1963.-Б.68
  • Молдағалиев Ж. Жиырма бес: дастандар мен өлеңдер.-Алматы:Жазушы, 1965.-Б.408
  • Молдағалиев Ж. Таңдамалы екі томдық.Т.1 : өлеңдер.-Алматы:Жазушы, 1970.-Б.384
  • Молдағалиев Ж. Таңдамалы екі томдық.Т.2 : поэмалар.-Алматы:Жазушы,1970.-Б.344
  • Молдағалиев Ж. Байқоңыр баспалдақтары: дастан және өлеңдер.-Алматы: Жазушы,1977.-Б.140
  • Молдағалиев Ж. Самал : хикаялар.-Алматы: Жазушы, 1978.-Б.163
  • Молдағалиев Ж. Шалқыма: Өлеңдер.-Алматы : Жазушы, 1978.-Б.152
  • Молдағалиев Ж. Ескі дос: Роман.- Алматы: Жазушы, 1979.-Б.244
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. Т.1 : өлеңдер.-Алматы : Жазушы, 1979.-Б.688
  • Мулдагалиев Д. Высь: поэмы и стихотворения.-Алма-Ата: Жалын, 1979.-С.152.
  • Мулдагалиев Д.Сель: поэмы.-М.:Сов.писатель, 1980.-С.141.
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. Т.2 : поэмалар.-Алматы : Жазушы, 1980.-Б.430
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы.Т.3: публицистика, очерктер, әдебиет туралы толғаныстар.-Алматы:Жазушы, 1981.-Б.440
  • Молдағалиев Ж. Жыр күнделіктері : таңдамалы өлеңдер.-Алматы : Жалын, 1981.-Б.256
  • Мулдагалиев Д. Голос любви: стихи и поэмы.-М.: Сов.писатель, 1981.-С.238.
  • Мулдагалиев Д. Звезда поколения : стихотворения и поэмы.-М.:Мол.гвардия, 1982.-С.158
  • Молдағалиев Ж.Таза бұлақ: роман.-Алматы: Жазушы, 1984.-Б.344
  • Молдағалиев Ж. Ақ жалын : өлеңдер мен поэма.-Алматы: Жазушы,1985.-Б.136
  • Молдағалиев Ж. Елі суреттері : әңгімелер.-Алматы: Жалын,1986.-Б.352
  • Молдағалиев Ж. Қыран дала: дастан және өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1990.-Б.584
  • Молдағалиев Ж. Жомарт жүрек : деректі повесть.-Алматы:Өнер,1990.-Б.208
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. Туған жер тынысы: екі томдық: Т.1.-Орал, 2000.-295 б.
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. Азаматтық әуендер: екі томдық: Т.2.-Орал, 2000.-239 б.
  • Молдағалиев Ж. Мен қазақпын: өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Раритет, 2007.-Б.240
  • Молдағалиев Ж. Мен қазақпын!-Орал:Ағартушы, 2009-348 б.

 

  • Құсайынұлы Н. Ардақты азамат : Ж.Молдағалиевтің 80 жылдығы // Орал өңірі.-2000.-11 наурыз.-Б.3
  • Мақымұлы А. ...Мен оған өле-өлгенше ризамын : Ж.Молдағалиевтің 80 жылдығы қарсаңында //Орал өңірі.-2000.-30 тамыз.-Б.6
  • Шүйіншәлиева М. Жырыменен тербелткен туған елін : ақын, қоғам қайраткері Ж.Молдағалиевтің 80 жылдық мерейтойынан // Орал өңірі.-2000.-11 қазан.-Б.2
  • Иночкин В. «Стихи-как песня», или о чем говорят документы : 80-летие поэта // Приуралье.-2000.-9 сентября.-С.2-3.
  • Демеуғалиева Н. Жырлайды Жұбан ақын : Жұбанның 80 жылдығы // Орал өңірі.-2000.-15 шілде.-Б.2
  • Құбашев У. Ұлтжанды ер еді : ақынның 80 жылдығы // Жайық таңы.-2000.-14 қазан.-Б.2
  • Жұбан тойы – Ақ Жайықта : ақынның 80 жылдығы // Орал өңірі.-2000.-7 қазан.-Б.1
  • Қуаныш қуанышқа ұласты : Ж.Молдағалиевтің туғанына 80 жыл //Жайық таңы.-2000.-14 қазан.-Б.2
  • Құсайын Т. Жайықтағы Жұбан күндері : ақынның 80 жылдығы // Егемен Қазақстан .- 2000 .- 10 қазан.-Б.1-3.
  • Елеубайқызы Ү. Патриотизмді Жұбан жырларынан неге үйренбейміз? : Ж.Молдағалиевтің туғанына - 85 жыл // Жайық таңы.- 2005.- 1 қазан.- Б.2
  • Елеубайқызы Ү. "Туған жерді анам демей не дейін!" : Ақын Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдық тойы алдындағы ой // Орал өңірі.- 2009.- №108, 26 қыркүйек.- Б.6.
  • Есбек Б. Жайықтың Жұбаны  оның 90 жылдығы да жақын  // Жайық таңы.- 2009.- 26 маусым.- 3-бет.
  • Нұркашев М. Ақын атамыздың аманатына адалмыз: Қарауылтөбе ауылы мектебінде Жұбан Молдағалиевтың 90 жылдығына орай "Ана тілің - арың бұл" деген тақырыпта апталық өтті // Жайық таңы.- - 23 қазан.- Б.3
  • Елеубайқызы Ү. Атажұртты сағынып жететін еді Жұбағаң : Жұбан-90 // Жайық таңы.- 2009.- 28 тамыз.- 4-бет.
  • Есқалиев Б. Тоқсан жылдықтың жарқылы : Ж.Молдағалиевке 90 жыл // Орал өңірі.-2010.-10 шілде.-Б.4
  • Бисенғалиев С. Жайыққа Жұбан жылы келді:Жұбан Молдағалиевтің туғанына-90 жыл / С. Бисенғалиев // Жайық таңы.- 2010.- 2 қаңтар.- 4 бет.
  • Қуатов Б. Ақынға шабыт сыйлаған : Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығына орай // Жайық таңы.-2010.-27 мамыр.-Б.7
  • Жақсыбаев Д. Ақжайықтың тұмары, жасын жырдың Жұбаны : Жұбан Молдағалиев-90 // Жайық таңы.- 2010.- 21 қаңтар.- 5 бет.
  • Керей-тегі Ә. Қазағының арманы мен намысы : Жұбан-90 // Жайық таңы.- 2010.- 25 наурыз.- 4-бет.
  • Тілепқалиева А. Алғабастағы оқулар : [Ж.Молдағалиевтың 90 жылдығына орай] // Жайық таңы.- 2010.- 1 сәуір.-Б.12.
  • Ақын рухымен сырласу : [Ақжайық ауданында облыстық Жұбан оқулары өтті] // Айна.- 2010.- 27 мамыр.- Б.2
  • Жақсығалиев Н. Жырларын жаттаймыз : Жұбан Молдағалиевтың 90 жылдығы қарсаңында // Жайық таңы.- 2010.- 4 наурыз.- 7-бет.
  • Танабаева С. Жүректе жарқын бейнесі.-Жайық таңы.-2010.-17 маусым.-Б.4
  • Жардекова С. Жұбан ағаны оқиық: [Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығына орай] // Жайық таңы.- 2010.- 8 сәуір.-Б.12.
  • Жұбан тойы басталды : Атақты ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығына орай шаралар ұйымдастырыла бастады. // Орал өңірі.- - 14 қаңтар.- С.3.
  • Игілік Ж. "Ақын туған топырақсың, сондықтан, той салмағы Сенде екенін ұмытпа!" : Жұбан-90 // Жайық таңы.- 2010.- 8 шілде.- Б.4.
  • Ильясова А. Көркемсөз оқу байқауы : Жұбанның 90 жылдығына // Жайық таңы.- 2010.- 6 мамыр.- Б.2.
  • Сағиқызы С. Мақтанады ауыл-елі Жұбанымен : Ж.Молдағалиевке 90 жыл //Жайық таңы.-2010.-29 сәуір.- Б.8.
  • Сағынтайұлы Т. Жақұт жырлар -ұрпақ жүрегінде : [Чапаев ауылында өткен Жұбан оқулары] // Жайық таңы.- - 20 мамыр.
  • Жазықбай Т. Жұбан бейнесі – Ақұштап жырларында // Айна.-2010.-22 шілде.-Б.8
  • Зиноллиев Н. Жұбан атама // Жайық таңы.-2010.-22 шілде.-Б.5
  • Сыикова Р. Гордый казах по имени Жубан //Приуралье.-2010.-29 июля.-С.12-13
  • Балмолда М. Ақын көп, Жұбан – алып шың // Жайық таңы.-2010.-12 тамыз.-Б.6

 

 

 

 

«Майдангер Жұбан ақын»

Жерлесіміз майдангер, ақын Ж.Молдағалиевтің Ұлы Отан соғысында жазған өлеңдеріне арналған әдеби кеш.

(Құрайлысай ауылдық кітапханасы)

 

 

Кітапханашы: Сәләматсыздар ма құрметті оқырмандар, кеш қонақтары.      Бүгін кітапханада жерлес ақынымыз Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Майдангер Жұбан ақын» атты әдеби кешке қош келдіңіздер!  Жұбан Молдағалиев- қазақ қаламгерлерінің қатарына Ұлы Отан соғысы жылдары келген ұрпақтың ірі, талантты өкілдерінің бірі. Олардың ұрпағы С.Мәуленов, Т.Ахтанов, Ә.Нұрпейісов, М.Әлімбаев ақындық талантын ұрыс майданында, соғыстың қатігез шындығы жайында қалыптастырып, азаматтық намыс, кек, ел, туған жер сағынышы сияқты сезім күйлеріне қайралып шынықты. Сұрапыл соғыстың оқиғасы қай ақынды болса да толғантпай, тебірентпей қойған жоқ. Ал тебіренуден шыныққан жыр қай оқырманды болса баурап алғаны сөзсіз. Ақынның жырлары, негізінен, ерлікке, Отан сүюшілік сезімге, жеңіске деген сенімге толы келеді. Туған елге, ата- анаға, жар мен балаға деген сағыныш сезімі олардың лирикалық жырларын отызыншы жылдардың саналы түрде бой тартуға итермелеп, шынайы көңіл-күйінің сырын кеңірек ашуға баулыды. талантты жерлесіміз, белгілі ақын Қайрат Жұмағалиев  Жұбан ақынның үш ерлігін бөле – жара қастерлейтінін айтады. Біріншісі - Ұлы Отан соғысындағы қару мен қаламды қатар ұстап, қанды қасаптың басынан – аяғына дейін қатысып, ерлік жолынан өткендігі болса, екінші ерлігі – қылышынан қан сорғалап тұрған тоталитарлық жүйенің, қысымынан қаймықпай, айдай әлемге «Мен - Қазақпын» - деп жар салуы. Ол – қазақ әдебиетіндегі алыптар тобының әлі сетінемеген, майдандас достары С.Мәуленов, С.Сейітов, Қ.Бекқожин, Т.Бердияров, Ә.Сәрсенбаев сынды ақын – жазушылардың бар кезі - тін. Жұбанның осы ерлігін сол кездің өзінде – ақ барлық қаламгерлер мойындаған еді дейді Қайрат ағамыз. Атақты «Сел» тақырыбына да қазақ әдебиетінде Жұбаннан өзге ешкім батылы жетіп қалам тарта алмағаны көз қарақты оқырмандарға аян.  Үшінші ерлігі – атақты 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен соң жазушылар Одағына келген Колбинге қарсы сөйлеген тарихи сөзі еді. Мыңға тарта жазушылар одағы мүшелерінің бірі де Жұбан барған тәуекелге бара алмағанына – тарих куә.

Осы үш ерліктің өзі – ақ Жұбанды жалпақ елдің, ерекше жаратылған ер ұлы   дәрежесіне көтеріп тұрған жоқ па? Оның ерекше ұлтжанды азамат екені басқа дәлелдеуді қажет етпейді.

 

1-оқырман: «Белгісіз солдат»

2-оқырман: «Батыр сол»

3-оқырман: «Біз жеңеміз»

4-оқырман: «Тоғызыншы май күні, Москвада»

5-оқырман: «Серт» өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

 

 

Кітапханашы: Алғашқы жырларынан-ақ Жұбан жалаң ұраншылдыққа, науқаншылдыққа берілмей, әр жағдайдағы адамның шынайы сезімін суреттеуге, шындықты жадағай емес, сурет арқылы тануға ұмтылды. Ол солдаттың ащы тері мен  бейнетін баяндауға бармай, оның азаматтық істері мен сезім күйін қоршаған ортаның шындығымен астастыра көркем суретке айналдырды. «Батыр туралы баллада», «Әлия», «Ер қабірі» сияқты балаң жырлардың өзінен осындай ізденіс ізін көруге болады.

 

6- оқырман: «Батыр туралы баллада»

7- оқырман: «Әлия»

8- оқырман: «Ер қабірі»

9- оқырман: «Жауынгер хаттарынан»

10- оқырман: «Азамат қуанышы»

11- оқырман: «Мен солдатпын»

12-оқырман: «Жолдас»

13- оқырман: «Солдат ұлы» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

 

Кітапханашы: Жұбанның эпикалық  талантының жаңа қыры «Жыр туралы жыр» поэмасынан басталады. Бұл – татар халқының батыр ұлы және ақыны Мұса Жәлелдің фашистер тұтқынында өткен өмірі мен ерлігі туралы поэма еді. Ақынның қазақтық, азаматтық, патриоттық намысын оятқан Ұлы Отан соғысы жылдары «Қазақ» деген өлең жазып, халқының батырлық дәстүрін, намысқойлығын жырлаған туындыдан бастау алады.

14-оқырман: «Қазақ» өлеңін мәнерлеп оқиды.

 

Кітапханашы: Майдангер ақын Ж.Молдағалиев өзінің өлеңдерін әскери газеттердің бетінде жиі-жиі жариялап тұрды.

 15-оқырман: «Қайран менің өз елім» өлеңін мәнерлеп оқиды.

 

 

Кітапханашы: «Ақжайық емес, Алаштың дара Жұбаны» атты кітап көрмесіне шолу.

 

Кітапханашы: Майданда да, бейбіт өмірде, шығармашылық жұмыста, республикамыздың әдеби процесін басқаруда ерлік жасап, соңына өшпес із қалдырған ақын жерлесіміздің рухын қалай ұлықтасақ та артық емес. Оның Желтоқсан оқиғалары күндерінде жазушылар ортасында республика басшылары қатысқан жиналыста, орталық партия комитетінің пленумында сөйлеген сөздері әлі де халық жадында. Мұның бәрі Жұбанның ақындық жолы, тұлғасы халық жүрегінде мәңгі сақталады.

 

 

«Ақжайық емес, Алаштың дара Жұбаны»

 (кітап көрмесінің жобасы)

1-бөлім. «Ұлт мерейін асқақтатқан дарабоз»

Дәйексөз:

«Жұбан жырлары жыл өткен сайын жаңғырып, жаңа оқырмандарын тауып жататыны даусыз.»

Б.Қуатов

                       

  • Жұбан Молдағалиев : өмірбаяны //Батыс Қазақстан облысы : энциклопедия.-Алматы, 2002.-396 б.
  • Жұбан Молдағалиев : өмірбаяны //Қазақстан: ұлттық энциклопедия.Т.6.-Алматы, 2004.- 542-543 б.
  • Жұбан Молдағалиев (1920-1988) : өмірбаяны //Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.9: Кеңес дәуірі.- Алматы, 2005.-398-430 б.
  • Жұбан Молдағалиев (1920-1987) : өмір жолы мен шығармашылығы // Екі мыңжылдық дала жыры/ бас ред.Ә.Нысанбаев.- Алматы, 2000.- Б.415-418
  • Джубан Мулдагалиев : жизнь и деятельность поэта // Писатели Казахстана.-Алматы,1969.-С.216

 

2-бөлім. «Жыр арқауы -Жұбан»

Дәйексөз:     

Сәт келді дүйім елі қуанатын,

            Дәуірдің мінбесінде тұрар ақын.

          Қазақтың өлеңінің ақ иығы,

            Тоқсанға келер еді Жұбан ақын.

                                                     (Алпысбай Мұсаев)

 

 

  • Жазықбай Т. Жұбан бейнесі – Ақұштап жырларында // Жайық таңы.-2010.-8 шілде.-Б.3
  • Ұстаз : Жұбан туралы //Атымов М. Қажым Жұмалиев.-Алматы, 1987.-111-144 б.
  • Туысқандық туғызған: Жұбан туралы //Сейітов С. Туысқандық туғызған.-Алматы, 1979.-5-19 б.
  • Өнерпаз ойлар одағы// Сейітов С. Туысқандық туғызған: зерттеулер мен мақалалар.- Алматы, 1979.- Б.111-123
  • Жұбан елі: Фотоальбом.-2008.-84 б.
  • Нәріков А. Өнегелі өмір : Жұбан туралы //Орал өңірі.-2004.-1 мамыр.-Б.4-5
  • Жұбан Молдағалиев //Қайырбеков Ғ. Алыс та жақын жағалау.-Алматы,2006.-Б.108-115
  • Мұралардың ең қымбаты - сөз :Жұбан туралы // Ысқақұлы Д. Сынталқы.- Алматы, 2005.- Б.228-250
  • Әшімбаев С. Қазіргі қазақ әдеби сыны қандай? // Сөзстан: 1-кітап.- Алматы, 1980.- 164-186 б.
  • Әлем әдебиеті кітапханасы: Жұбан туралы // Сәтбаева Ш. Достық дастандары: зерттеулер, мақалалар.- Алматы, 1983.- 185-200 б.
  • Уақыт және қаламгер: Жұбан Молдағалиев.-Алматы : Жазушы, 1984.- 324 б.
  • Жұбан аға туралы ой //Жәнібеков Ө. Тағдыр тағылымы.-Алматы,1997.-57-64б.
  • Бастау: Жұбан туралы //Тәжіғұлов С. Хамит Ерғалиев.-Алматы:Жазушы,1983.-3-22 б.
  • Мақымұлы А. ...Мен оған өле-өлгенше ризамын : Ж.Молдағалиевтің 80 жылдығы қарсаңында //Орал өңірі.-2000.-30 тамыз.-Б.6
  • Ахметов Б. Үш кездесу жадымда үнемі жаңғырады : Жұбан ақынмен кездесуден қалған әсер // Жайық таңы.-2010.-3 маусым-Б.5
  • Шакимов М.Ғұмырымдағы көрікті бір күндерім: Жұбан ағаның туған жерге сапары // Жайық таңы.- - 24 маусым.- Б.5.
  • Сарғозыұлы О. Естен кетпес екі кездесу // Жайық таңы.-2010.-8 шілде.-Б.3
  • Құсайынұлы Н.Ардақты азамат // Орал өңірі.-2000.-11 наурыз.-Б.3
  • Жұбан туралы ойлар / жинақтаған Т.Жазықбай // Айна.-2010.-23 маусым.-Б.15
  • Дарынды азамат: Жұбан туралы //Базарбаев М. Таңдамалы. Т.2.-Астана, 2009.-194-235 б.
  • Лирик ақын, эпик жыршы //Қаратаев М. Көргенім мен көңілдегім.-Алматы, 1982.-149-156 б.
  • Шүйіншәлиева М. Жырыменен тербелткен туған елін : ақын, қоғам қайраткері Ж.Молдағалиевтің 80 жылдық мерейтойынан // Орал өңірі.-2000.-11 қазан.-Б.2
  • Дүйсен Қ. Әр өлеңі ұлт рухын оятқан // Дарабоз .- 2009.- №8.- 118-124 б.
  • Талантына табындырған Жұбақаң // Қуатов Б. Уақыт іздері.-Орал, 2008.-Б.109-110, 227-233
  • Иманғалиева О.М. Ақын жарының елге ыстық сәлемі // Жайық таңы.-2009.-24 шілде.-Б.1-2.
  • Акбай Ж. Весь народ своим сердцем поверил в тебя: посвящается Ж.Молдагалиеву (1920-1988) // Информбиржа.- 2010.- 18 марта.- С.16.
  • Ауылға Жұбаға келгенде : Ж.Молдағалиев туралы ой // Жайық таңы.- 2010.- 25 ақпан.- 5-бет.

 

 

 

 

 

 

3-бөлім. «Жасампаз Жұбан жырлары»

 

Дәйексөз:            «Жалпы ақын туралы жақсы да толығырақ айта алатын – оның поэзиясы ғана»

                                                                                    Б.Қуатов

 

 

 

  • Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэмасы: Ж.Молдағалиевтің Ұлы Отан соғысы туралы шығармашылығы.-Алматы: Ғылым, 1977.-240 б.
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ поэзиясы. 1941-1945 // Базарбаев М. Ерлік пен еңбек дастаны .- Алматы , 2005 .- Б.9-96, 98-130
  • Әдебиеттану және сын: Жұбан Молдағалиев // Базарбаев М. Қаһарлы күндер әдебиеті.- Алматы, 1968.- 107-112 б.
  • Арналы ақын: соғыстан кейінгі жылдары ел өмірінің өзекті мәселесін жырлаған Жұбан ақын //Сүйіншәлиев Х. Ізденіс іздері.-Алматы, 1975.- 195-202 б.
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ поэзиясы: Жұбан поэзиясы туралы // Базарбаев М. Қаһарлы күндер әдебиеті.- Алматы, 1968.- 11-82 б.
  • Иночкин В. «Стихи-как песня», или о чем говорят документы//Приуралье.-2000.-9 сентября.-С.2-3.
  • Жұбан Молдағалиев : шығармашылығы // Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен.-Астана, 2002.-293-301 б.
  • Азамат үні: Жұбанның поэзиясы туралы //Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-Алматы 1968.-170-207 б.
  • Жемісті жолда: Жұбан Молдағалиев шығармашылығы туралы //Нарымбетов Ә. Дәуір және поэзия.-Алматы,1970.-3-118 б.
  • Ұлы көш, ұлы серпін: Жұбан шығармашылығы туралы // Қаратаев М. Бетбұрыс белестері: мақалалар, эссе, портреттер (1985-1995).- Алматы, 2005.- 9-16 б.
  • Ерлік күрес шежірелері: Жұбанның шығармашылығы туралы //Сүйіншәлиев Х. Саңлақтар сарабы: әдеби зерттеулер.- Алматы, 1978.- 183-213 б.
  • Есқалиев Б. Тоқсан жылдықтың жарқылы // Орал өңірі.-2010.-10 шілде.-Б.4

 

  • Молдағалиев Ж. Бастаушымыз партия.- Алматы: Қазмемкөркемәдеб баспасы, 1954.-75 б.
  • Молдағалиев Ж. Таңдамалы шығармалар :өлеңдер.-Алматы :Көркем әдебиет, 1958.-Б.255
  • Молдағалиев Ж. Поэмалар.-Алматы : Көркем әдебиет, 1960.-Б.129
  • Мулдагалиев Д. Песня не умирает : стихотворения и поэмы.-М.:Сов.писатель,1960.-С.91
  • Молдағалиев Ж. Жесір тағдыры : поэма .-Алматы : Қазмемкөркемәдеббас, 1961.-Б.124
  • Молдағалиев Ж. Заман тынысы : поэма және өлеңдер.-Алматы: Көркем әдебиет, 1963.-Б.68
  • Мулдагалиев Д. Судьба вдовы :поэма.-Алма Ата :Жазушы, 1964.-С.116
  • Молдағалиев Ж. Жиырма бес: дастандар мен өлеңдер.-Алматы:Жазушы, 1965.-Б.408
  • Мулдагалиев Джубан. Байга.-М.:Худ.литер., 1966.-С.149
  • Молдагалиев Ж. Айттым сәлем .-Алматы:Жазушы,1967.-Б.124
  • Мулдагалиев Д. Годы в песнях: стихи и поэма.-Алма-Ата: Жазушы,1967.-С.380.
  • Мулдагалиев Д. Я-казах.-М.:Сов.писатель,1968.-С.56
  • Мулдагалиев Д. Степной загар: стихи и поэмы.-М.:Сов.писатель, 1969.-С.182.
  • Мулдагалиев Д. Века и мгновенья : стихи и поэмы.-Алма Ата :Жазушы, 1969.-С.120
  • Мулдагалиев Д. Избранная лирика.-М.:Мол.гвардия, 1969.-С.32
  • Молдағалиев Ж. Кісен ашқан.-Алматы:Жазушы, 1969.-Б.77
  • Молдағалиев Ж. Таңдамалы екі томдық. Т.1 : өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1970.-Б.384
  • Молдағалиев Ж. Таңдамалы екі томдық. Т.2 : поэмалар.-Алматы: Жазушы, 1970.-Б.344
  • Мулдагалиев Д. Тебе: стихи и поэмы.-Алма-Ата: Жазушы,1971.-С.88.
  • Мулдагалиев Д. Избранное / Пер. с казахского.-Алма-Ата: Жазушы, 1972.-С.530.
  • Мулдагалиев Д. Просор : избранные стихи.-М.:Правда, 1972.-С.30
  • Мулдагалиев Д. Стихотворения и поэмы.-М.:Худож.лит,1972.-С.222
  • Молдагалиев Ж. Қызыл қайың:өлеңдер.-Алматы:Жазушы,1973.-Б.172
  • Молдағалиев Ж. Қыран дала: дастан және өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1974.-Б.88
  • Молдағалиев Ж. Байқоңыр баспалдақтары: дастан және өлеңдер.-Алматы: Жазушы,1977.-Б.140
  • Молдағалиев Ж. Шалқыма: Өлеңдер.-Алматы : Жазушы, 1978.-Б.152
  • Молдағалиев Ж. Самал :хикаялар.-Алматы :Жазушы,1978.-Б.163
  • Молдағалиев Ж. Ескі дос: Роман.- Алматы: Жазушы, 1979.-Б.244
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. Т.1 : өлеңдер.-Алматы : Жазушы, 1979.-Б.688
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. Т.2 : поэмалар.-Алматы : Жазушы, 1980.-Б.430
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы.Т.3: публицистика, очерктер, әдебиет туралы толғаныстар.-Алматы:Жазушы, 1981.-Б.440
  • Молдағалиев Ж. Жыр күнделіктері : таңдамалы өлеңдер.-Алматы : Жалын, 1981.-Б.256
  • Молдағалиев Ж.Таза бұлақ: роман.-Алматы: Жазушы, 1984.-Б.344
  • Молдағалиев Ж. Ақ жалын : өлеңдер мен поэма.-Алмты :Жазушы, 1985.-Б.136
  • Молдағалиев Ж. Елі суреттері :әңгімелер.-Алматы: Жалын, 1986.-Б.352
  • Жұбан Молдағалиев. 70 жыл.1920-1990 :естеліктер.-Орал :Облыстық типография, 1990.-Б.52
  • Молдағалиев Ж. Жомарт жүрек :деректі повесть.-Алматы: Өнер, 1990.-Б.208
  • Молдағалиев Ж. Қыран дала: дастан және өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1990.-Б.584
  • Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. Туған жер тынысы: екі томдық: Т.1.-Орал, 2000.-295 б.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00