Құрылымы

Ақжайық ауданы

 

Ақжайық ауданы 1997 жылы бұрынғы Чапаев және Тайпақ аудандарының біріктірілуі негізінде құрылған облыстағы ірі аудандардың бірі.

Аудан Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігін алып жатыр. Аумағы - 25,7 мың шаршы км. Тұрғыны - 42360 адам. 52 елді мекеннің басым бөлігі Жайық өзенін жағалай орналасқан.

Орталығы - Чапаев ауылы. Аудан құрамына 18 әкімшілік - аумақтық бөлініс - Ақжол, Ақсуат, Алмалы, Алғабас, Базартөбе, Базаршолан, Бударин, Есенсай, Жаңабұлақ, Жамбыл, Қабыршақты, Қарауылтөбе, Қурайлысай, Көнеккеткен, Мерген, Сарытоғай, Тайпақ, Чапаев ауылдық округтері кіреді.

21 ұлт өкілі тұрады. Аудан облыстың 7 ауданымен және Атырау облысымен шектеседі. Аудан жерімен Орал - Атырау, Чапаев - Жалпақтал, Чапаев - Жаңақала күре жолдары өтеді. 1931 жылдан аудандық «Жайық таңы» қоғамдық-саяси газеті шығарылып келеді.

Аудан жері жазық, күнгей бағытта еңістей береді. Жайық өзені аудан жерін Еуропалық және Азиялық бөлікке қақ жарып ағады.

Қайсыбір елді мәдениетіне қарап танитыны мәлім. 18 ауылдық округі бар ауданымызда 28 Мәдениет үйі мен клуб, 45 кітапхана, аудан орталығында «Мерей» мәдени-демалыс орталығы, «Жастар» мәдени орталығы рухани байлығымызға қызмет жасауда.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00