Заманауи кітапханалар

Алмалы ауылдық модельді кітапханасыАқжол ауылдық модельді кітапханасыЕсенсай ауылдық модельді кітапханасыЖаңабұлақ ауылдық модельді кітапханасыМерген ауылдық модельді кітапханасыОрталық модельді балалар кітапханасыТайпақ ауылдық модельді кітапханасыТайпақ модельді балалар кітапханасыCoworking орталығы

2013 жылы Алмалы ауылдық кітапханасы жаңа заманға сай, үлгілі кітапхана қатарына қосылып «Модельді кітапхана» статусын алды.

Кітапхана жаңа жиһаз, жаңа заманғы технологиялармен жабдықталып оқырманның талап-тілектерін орындауда. Кітапхана залдары әр-түрлі бағытта безендірілді. Соның бірі жас оқырмандарға арналған «Ертегілер әлемі» бұрышы болса, елдімекеннің тарихынан сыр шертетін «Өлкетану» мұражайы. «Өлкетану» мұражайы Алмалы ауылының күллі тарихын бір бөлмеге тоғыстырып тұр.

Мұражайда Алмалы ауылының шежіресі, елді мекенді мекендейтін Қызыл кітапқа енген құстары, Жайық өзенінің балықтары туралы фото-проспект қойылса, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері туралы кең мағлұмат беретін тағзым тақтайшасы ашылып,тарихи деректемелермен толықтырылған.

 

Кітап қоры – 18603

Оқырман саны – 939

Кітап берілімі – 18435

Келім саны – 10247

Мәліметтер базасы -  19955

 

 

2017 жылы Ілбішін ауылының тұрғындары үшін көптен күткен қуанышы еселеніп, жаңғырған Мәдениет үйі мен кітапхана пайдалануға берілді. Кітапхана заман талабына сай технологиямен жабдықталып, модельді мәртебесін алды.

Модельді кітапханада жаңа үлгідегі жұмыс түрлері мен инновациялық-библиографиялық ресурстарды пайдалану мүмкіндіктері туындады. Кітапханада «Жалын» жасөспірімдер клубы бой көтеріп, сөздік қорларын байыту, ой ұшқырлығын дамыту, еңбек сүйгіштікке баулу, белсенділіктерін арттыру мақсатында жұмыстанып келеді.

Клуб мүшелері  «Бәйтерек» атты зияткерлік ойыны және «Жазушыны танып, біліміңді шыңда» әдеби-колейдаскоп, т.б. сынды кітапханалық жаңа жұмыс түрлеріндегі шаралар өткізіп,озық тәжірибелерімен бөлісуде.

Кітап қоры – 20834

Оқырман саны – 963

Кітап берілімі – 15608

Келім саны – 7420

Мәліметтер базасы - 12642

 

 

Облыста алғашқылардың бірі болып автоматтандырылған үрдіс «КАБИС» бағдарламасының оқырман тіркеу, BOOKSCAN модулі арқылы ауыл тұрғындарының кез-келген ақпаратқа тең дәрежеде шұғыл қол жеткізе алатын мүлдем жаңа үлгідегі кітапхана толып табылатын Есенсай ауылдық кітапханасы 2017 жылы «Модельді» кітапхана статусын алды.

Енгізілген инновациялық жұмыстарды аудан көлемінде озық тәжірибе ретінде тарумен қатар,  кітапханашылардың заманауи жаңа технологияны меңгерудегі білімін жетілдіру, жаңа ақпараттық технологияларды игеру бағытындағы практикалық пысықтау дәрісі жүйелі түрде өткізілуде. Ауыл тұрғындарына мәдени, рухани орталық болып табылатын кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай жасалған.

Оқырмандарды тарту мақсатында түрлі бағыттағы шаралар,қызмет көрсетудің жаңа әдістерін енгізу,көпшілік жұмыстардың дәстүрлі емес түрлерін кітапты насихаттау барысында кеңінен пайдаланады.

 

Кітап қоры –24319

Оқырман саны – 964

Кітап берілімі – 17586

Келім саны - 9127

Мәліметтер базасы - 17776

 

 

Бүгінгі кітапхана – бұл тұрғындарға білім жады мен білім көзің, сан алуан ақпараттар қызметін жеткізу жолдарын тұрақты түрде жаңартып тұратын, заман талабына сай материалдық – техникалық базасымен жабдықталған кешен.

Тұрғындарға сапалы қызмет көрсету, кітапхана ісін автоматтандыру, компьютерлендірумен тікелей байланысты. Қазіргі уақытта жаңа ғылыми дамыған технологияларға адамдар өте қызығушылық танытып жатқан кезде кітапханада кітаптың ақпарттық құндылықтар көзі ретінде жарнамалық жұмысты жандандыру қажет.

Осы мақсатта Жаңабұлақ ауылдық кітапханасында шаралардың дәстүрлі және жаңа әдіс-тәсілдері өткізілуде.

2017 жылы кітапханаға Жаңабұлақ модельді  ауылдық  кітапханасы статусы берілді.

 

 

Кітап қоры – 16102

Оқырман саны – 991

Кітап берілімі – 14919

Келім саны – 8498

Мәліметтер базасы - 19922

 

Ауыл мәдениетін көтеру, жаңа ғасырға жан-жақты білімді, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу жолында –жұмыс жүргізу мақсатында Мерген ауыл кітапханасы үлгілі қалыпқа сай модельді ауыл кітапханасы болып 2007 жылдан бастап ашылды. Кітаптың ауыл өміріндегі орнының өзгеруіне байланысты бүгінгі күні кітапхана тұрғындарды кітап оқуға тартумен қатар,ақпаратқа еркін қол жеткізуін де қамтамасыз етеді. Кітап пен оқуды алға жылжытуға бағытталған ірі жобалар іске асып,жаңа технологиялар мен оқырмандарға қызмет көрсету түрлері енуде.

Кітапхана өлкетану саласында өз қызметтерін жандандырып, «Саяжай» мүдделестер клубы ашылса, мүмкіндігі шектеулі оқырмандарды қоғамнан тыс қалдырмай, бос уақыттарын тиімді өткізу бағытында «Сырлы саусақ» қолөнер шеберлері үйірмесі ашылды. Модельді ауылдық кітапхананың мәртебесін арттыру үшін алдағы уақытта әлі де ауқымды жұмыстар атқаруға міндеттенеді.

 

Кітап қоры – 20142

Оқырман саны – 979

Кітап берілімі –20960

Келім саны – 11787

Мәліметтер базасы – 29173

 

Балалар кітапханасы балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытатын көркем шығармалар мен білімді қатар ұсынатын рухани орта.

Ол әдептілік пен мәдениетті сақтайтын адамгершілік қарым-қатынасты, ортақ мүлікті мәдениетті түрде пайдалана білумен басқалар алдындағы жауапкершілікті сезінуді, көрген, естіген, оқыған нәрселерін түсініп, талдауды және өз пікірін қорғай білуді балаларға үйрететін  қасиетті шаңырақ.

Қазіргі таңда кітапхана саласына жаңашылдықты енгізу бағытында 2015 жылы орталық балалар кітапханасына «Модельді кітапхана» статусы берілді.  Бүгінгі күні балалар кітапханасы- автоматтандырылған үрдісте енгізілген инновациялық жұмыстарды аудан көлемінде озық тәжірибе ретінде тартумен қатар,  кітапханашылардың заманауи жаңа технологияны меңгерудегі білімін жетілдіру, жаңа ақпараттық технологияларды игеру бағытындағы практикалық пысықтау дәрісі жүйелі түрде өткізілуде.

Қазақы ұлттық салт-дәстүрді насихаттау бағытында «Әже оқып берші» бұрышы,  қуыршақтар театры оқырмандарға қызмет көрсетіп, өз қойылымдарымен ерекшеленуде. Ақпараттық жұмыстардың жаңа тәсілдерін игеріп, іздестіру де ілгерілеп, кітапхана жұмысын автоматтандыруды дамыта түсуде.

 

 

Кітап қоры – 18807

Оқырман саны – 2265

Кітап берілімі – 42848

Келім саны – 25316

Мәліметтер базасы - 26236

 

Тайпақ ірілендерілген ауылдық кітапханасы ХІХ ғасырдың аяғында  (1884 жылы Калмыков елді мекенінде) «Тургенев  кітапханасы» болып ашылған. Кітапхана алғаш құрылған жылдардан-ақ көпшіліктің жиі баратын, сүйікті орынына айналған. Кітапханада оқырмандардың интеллектуалдық танымын көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Рауан» және қыз-келіншектердің басын қосатын «Қарлығаш» танымдық клубтары жұмыс жасайды.

Кітапхананың ғасырдан-ғасырға рухани мұрасы молайып 2017 жылы «модельді» кітапхана статусын иеленді. Тарихы тереңге тартқан, шежіресі бай Тайпақ ауылдық модельді кітапханасы  заманауи электрондық құралдар арқылы рухани игілікке қашықтықтан қолжетімдікті қамтамасыз ету арқылы ғасыр көшіне ілесе отырып, оқырман игілігіне қызмет етіп келеді.

 

Кітап қоры – 34077

Оқырман саны – 2978

Кітап берілімі – 44714

Келім саны –  24600

Мәліметтер базасы - 24737

 

Тайпақ модельді балалар кітапханасы 2015 жылы «модельді кітапхана» статусын алды. Кітапхананың ерекшелігі өскелең ұрпақты оқу мәдениетіне тәрбиелеу және балалар оқу мәселесін шешуге ата–аналарды тарту, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі ұрпақты ынтымақ пен келісімділікке тәрбиелеу, отбасылық оқуды ерекше алға қойған. Осы бағытта көптеген шаралар өткізіліп, отбасылық оқуды мақсат тұтуда.

 

Кітап қоры –19382

Оқырман саны – 1658

Кітап берілімі – 26965

Келім саны -  15172

Мәліметтер базасы - 13456 

 

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00