Біз туралы

Құшағында сан жылдардың қазына білімін қастерлеп, сақтап келген аудан орталығындағы кітапхананың құрылғанына ғасырға жуық уақыт болды. Тарихтың ғасырлық қадамына салсақ, қас қағым сәт. Жылдарға жүгіндірсек, талай ұрпақ ауысқан ықылым заман!

Бірақ соған қарамастан, кітапхана қалың бұқарасынан ажырамай, сан ұлт пен ұлыстан тұратын Ақжайық ауданының жамағатына қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.

Ақжайық ауданында - 42307 мың халыққа әртүрлі жүйедегі 45 кітапхана қызмет көрсетеді. Оның 1-аудандық кітапхана, 2-орталық балалар кітапханасы, 42 ауылдық кітапханалар, 8-і модельді кітапхана.

 

Кітапхана осы заманғы сапалы, ақпараттық бай қорымен, оны пайдаланатын ормандай оқырмандарымен, кітапханалық-ақпараттық қызметтердің иновациялық кескін-келбетімен, әдіс-тәсілімен, материалдық-техникалық базасымен және ең бастысы – кәсіби шеберліктері жоғары шындалған кітапхана ісінің майталман мамандарымен ауыл мәдениетінің мәйегі болып табылатын ауыл кітапханаларын бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, ұлттық негізге сүйеніп қайта жаңғырып, ұлттық мәдениетімізді өркендетуде.

Кітапхана бағдары ОКЖ қызметтерінен кешегі тарихы мен бүгіні, негізгі қызметтері мен жұмыс бағыттары, кітапханалық жобалар, кітапхана саласының майталман мамандары және үлгілі қалыпқа сай модельді кітапханалар қызметтерінен сілтеме жасайды.

 

Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!

 

Құрметпен,

 Мусагалиева Роза Сәкенқызы, Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры

 

Кітапхана кеше, бүгін

Аудан орталығындағы кітапхананың құрылғанына ғасырға жуық уақыт болды. Жүз жылға жуық бойына бақ дарып, құт қонған кітапхана тар жол тайғақ кешулерден өткендігіне тарих куә. Аудан орталығындағы кітапхананың тарихы сонау 1920 –шы жылдардан бастау алады.

1920 жылдары Ілбішінде қызыл әскерлер горнизонының Чапаев атындағы клубы ашылды.

Клубта алғашқы кітапхана, оқу бөлімі, үйірме ұйымдастырылды. Тұрғындар рухани құндылықтармен оқу бөлмелерінде отырып ой бөлісті, сауат ашып, бас қосып демалыс орны ретінде пайдаланды. 1-май мейрамын осы клубта алғаш рет барынша мазмұнды атап өтті.

Осы күні В.И.Чапаевты ұмытпай еске алып отыруға жиналған әскерлер ант берді. Сонан бері бұл клубта әрбір мейрамдарда спектакль және концерт көрумен демалыс уақыттарын пайдаланды.

1960 жылдардан Чапаев аудандық кітапханасы болып, жұмысын жалғастырды.

Кітапхана сол кездерден – ақ тұрғындарды, жасөспірімдерді отан сүйгіштікке тәрбиелеу бағытында, аудандағы музей, мектептермен бірлесе отырып өлкетану жұмыстарын жандандыруға мән берді.

Аудандық кітапхана жүйесін орталықтандыру жағдайында шалғайдағы мал отарларында істеп жүрген малшыларға, әсіресе ондағы комсомол-жастар бригадасындағы жас шопандарға қызмет көрсетудің негізгі формасы – көшпелі кітапхана арқылы кітапханалар мен кітап беру пункттерін ашу, олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету болды. Сол бағытта кітапханада шопан бригадаларымен мал жайылым участкілерінің картасы сызылып, онда автоклуб маршруттары белгіленіп, сол учаскелерді аралап үгіт насихат, кітап үлестіру, газет-журнал бетіндегі мақалалармен таныстыру жұмыстарын жүргізіп отырды. 1978 жылы кітапханалар жүйесі орталықтандырылды.

 

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00