Жұбан Молдағалиевтің ата-тегі

 

Анкеталық деректер

 

Жұбан Молдағалиев

Туған жылы, айы, күні: 1920ж. қазан, 5 жұлдызы

Туған жері:   Сайқұдық ауылы Ақжайық (бұрынғы Тайпақ) ауданы,

Батыс Қазақстан облысы

Білімі:                        Ауыл шаруашылық техникумы (1940ж.) Орал қаласы.

                                   Әскери-саяси курстар (1942-43жж).

Жұмысы:    

  • Әскери міндет, майдангер – (1940-46жж);
  • Әдеби-творчестволық жұмыс – (1947-49жж);
  • «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары (1949-52жж;
  • Жазушылар Одағының кеңесшісі (1952-55жж.);
  • «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары (1955-57жж.);
  • Әдеби-творчестволық жұмыс (1957-58жж.);
  • «Жұлдыз» журналының бас редакторы «1958-63жж.);
  • Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының секретары (1963-71жж);
  • Әдеби-творчестволық жұмыс -1971-79жж;
  • Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының І-ші секретары (1979-85жж);
  • Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты (1967-71жж);
  • ССРО Жоғарғы Советінің депутаты (1979-84жж.);

 

Мемлекеттік наградалар:

                        Ордендер: «Отан соғысы» ІІ-дәреже (1945ж.)

«Еңбек Қызыл Ту» (1967ж.)

«Еңбек Қызыл Ту» (1970ж.)

«Құрмет белгісі» (1959ж.)

«Ленин» 1989ж.

 

Құрметті лауазымдар

Қазақстан халық жазушысы (1985ж.)

Қазақ ССР Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1970ж.)

ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978ж.).

 

Отбасы мүшелері:

Софья Молдағалиева – жұбайы (1929ж. туған)

Қуаныш – ұлы (1949ж. туған)

Гүлмира – қызы (1951ж. туған)

Қуандық – ұлы (1953ж. туған)

Азамат – ұлы (1956ж. туған)

 

 

Ақын Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы хронологиялық тізбе

 

1920 жылы,              Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық (бұрыңғы Тайпақ)

5 қазанда                   ауданы, Жыланды ауылында дүниеге келген.

1939 ж.                       Орал облыстық «Комсомол ұрпағы» газетінде тұңғыш өлеңі шықты.

1940 ж.                       Орал ауыл шаруашылық техникумын бітірген.

1940-46ж ж.  Кеңес Армиясы қатарына алынды, майдангер.

1941ж.                        «Екпінді құрылыс» газетінде майдан тақырыбындағы өлеңі басылды.

1942ж.                       «Біз жеңеміз» өлеңі шықты.

1942-43 жж.  Әскери-саяси курстар.

1945 ж.                       «Отан Соғысы» ІІ-дәреже орденімен марапатталды.

1947- 49 ж.ж             Әдеби-творчестволық жұмыс.       

1949 ж.                       «Жеңіс жырлары» тұңғыш жинағы шықты.

1949-52 ж.ж.             «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті редакторының орынбасары.

1950 ж.                      «Нұрлы жол» поэмасы шықты

1952-55 ж.ж Жазушылар Одағының кеңесшісі.

1955- 57 ж.ж             «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары.

1956 ж.                      «Жыр туралы жыр» поэмасының жинағы шықты

1957 ж.                       «Қиял қанаты», «Дала дастарқаны» шығармалары жарық  көрді.

1957- 58 ж.ж             Әдеби-шығармашылық жұмыс.

1958 ж.                      «Қызыл галстук» шығармасы шықты

1958- 63 ж.ж.            «Жұлдыз» журналының бас редакторы.

 

 

1959 ж.                       «Құрмет белгісі» Мемлекеттік орденімен марапатталды.

1961 ж.                      «Жесір тағдыры» поэмасы жарық көрді.

1962 ж.                      «Туған жер» жинағы шықты.

1963 ж.                      «Мен қазақпын» поэмасы шықты

1963- 71 ж.ж             Қазақстан  Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

1966 ж.                      «Айттым сәлем» шығармасы жарық көрді

1967 ж.                      «Еңбек Қызыл ту» орденімен марапатталды.

1967- 71ж.ж Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты

1969 ж.                      «Кісен ашқан» поэмасы жарық көрді.

1970 ж.                      «Еңбек Қызыл ту» орденімен марапатталды.

1970 ж.                      Қазақ ССР Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың

                           лауреаты.

1971-79 ж.ж Әдеби-шығармашылық жұмыс.

1974 ж.                      «Қыран дала» поэмасы шықты.

1975 ж.                      «Сел» шығармасы жарық көрді

1977 ж.                       «Байқоңыр баспалдақтары» көркемдік дәрежесі жоғары поэмасы шықты.

1978 ж.                      КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды.

1979-84 ж.ж ССРО Жоғарғы Советінің депутаты.

1979- 85 ж.ж             Қазақстан жазушылар Одағының І-ші хатшысы болды.

1985 ж.                      Қазақстан халық жазушысы.

1989 ж.                      «Ленин» Орденімен марапатталды.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00