«Ел ұмытпас ерлерін...»

ЕЛ ҰМЫТПАС ЕРЛЕРІН... Бүгін аудан орталығында қоғам және мемлекет қайраткері Ораз Жанұзақұлы Исаевтың 120 жылдығына арналған «Ел ұмытпас ерлерін...» атты конференциясы өткізілді.

Шараға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, "Ораз Исаев" кітабының авторы Кұлиев Жұмабай Ізтөреұлы, О.Исаевтың ұрпақтары, ел қонақтары, ғалымдар мен тарихшылар, еңбек ардагерлері, республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары және жастар өкілдері қатынасты. Алдымен ел қонақтары Жұбан ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті. Конференция жұмысын аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов ашып, ұлы ата-бабаларымыздың ерлігіне тағзымның, тарлан тарихымызды түгендеудің жарқын бір мысалы осындай айтулы шаралар екенін атап өтті. Жыл басынан бастау алған ауқымды шараларымыздың бірі «Алаштың ардақты азаматы» атты оқушылар арасындағы реферат және мекеме қызметкерлері арасындағы кинобук байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Аталған конференция түстен кейін пленарлық отырыспен қорытындыланды. Аудан әкімінің орынбасары Т.Габдушев конференция жұмысына белсене қатынасқандарға аудан әкімі атынан Алғыс хат табыстады. Кейін ел қонақтары О.Исаев көшесі бойынан жасақталған саябаққа тал отырғызып, көше тойын тамашалады. Аудан орталығындағы ең ірі көшелердің бірі болып саналатын бұл көшеде 194 үйде 743 адам тұрады. Ең үлкен және ең кіші көше тұрғындарына сыйлықтар табысталып, әр салада жетістікке жеткен азаматтар да марапатталды.Ғалым, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр Бөкенбайұлы осы көшеде қадамын енді басып жүрген сәбидің тұсауын кесіп, болашақ өміріне сәттілік тіледі. Шара концерттік бағдарламаға жалғасты.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00