Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен облыс тұрғындарының ақпараттық, рухани сұраныстарына сай келетін үздік облыстық, аудандық (қалалық) және ауылдық маңызы бар кітапхананы анықтау, облыс кітапханаларының мәртебесін республикалық деңгейде көрсете білу, кітапханалардағы жұмыс түрлері мен әдістерін жетілдіру, кітапхана қызметінің тәжірибелерімен бөлісу мақсатында облыс кітапханалары арасында өткізілген Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлеріне арналған II «Рухани қазына» фестивалі өз мәресіне жетті.
Фестивалдің ережесіне сәйкес «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, «Үздік ауылдық кітапхана» номинациясы бойынша Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық модельді кітапханасы жеңімпаз атанып, Республикалық байқауға жолдама алды. Байқауға белсене қатысқан қалған қатысушылар дипломдармен марапатталды.