Жаңа кітаптар 2025 жыл

Құрман Бисеғалиев

«Жаңғырық»-Орал: «ШұғылаПринт», 2023 жыл.-142 бет.

Автордың осы әңгімелер жинақ кітабында алыста қалған жылдардың көмескіленбей бүгінге жеткен, кешегі интернат оқушыларының өмірі баяндалады. Интернат балаларының өмірінен сыр шертетін шындықтары, өмірдің кермек дәмін татқан шым-шытырық оқиғалар баяандалады. Интернатта тәрбие алған адамдар өткен өмірінің жаңғырығын сезеді.

 

 

Құрман Бисеғалиев

«Құрақ көрпе» Орал. «ЩұғылаПринт» 2022 жыл. 282 бет

Автордың (әңгіме, ой толғамдары, өмірбаяндық естелік) жинағында ХХ ғасыр басындағы ата-бабаларының тағдыры, Кеңес өкіметінің ісін ілгерілетуге қосқан еңбектері мен бай-шонжарлардан көрген мехнаты, трагедиялық тағдыры тартымды суреттелген. Осы кітапты құрастырудағы ізденістері, Атырау обылысындағы көнекөз қарияларды тауып, сол адамдарды тарихи тұрғыда сөйлете білуі, нағыз өмірбаяндық естеліктер құрауға септігін тигізген.

Кітаптың соңғы бөлімінде «Ұстаз бола жүріп түйгеной», «Ойлар, ойлар маза бермейсің», «Өз сырымды өзім айтам», «Ой маржан» атты естеліктер берілген.

Осы  бөлімде жүйелі ой, салиқалы сөз саптау арқылы ұлағатты ұстаз ретінде әркімде ойландыра отырып ой тастайды, ақыл қосады. Жеке бастың тұрмыстық жағдайларын сөз етпей, өзі өмір сүрген қоғамның сөзін сөйлеп, өмір мектебінен түйгендерін ортаға салады. Туған жер топырағын түлеткен адамдардың тірлігін дұрыс суреттей білу шығарманың әлеуметтік-көркемдік мазмұнын айқындап, өмір шындықтарын көрсете білген.

 

Дариға Мұштанова

«Кенжақаң»-Орал: «Шұғыла»Принт» баспасы, 2024.-192 бет.

Бұл кітаптың бас кейіпкері-ісімен де, сөзімен де ел аузында аңызға айналған айтулы тұлға, Мемлекет қайраткері Кенжебек Меңдәліұлы Меңдәлиев. Туғанына 110 жыл толып отырған халық құрметтісінің өмір жолы деректері, әдеби нұсқада қызықты баяндалады. Шығарманың тілі жеңіл, мазмұны терең.

 

 

Боранбаева Бақтылы

«Капустин Яр» әскери полигоны: Қазақ депортациясы. Бақтылы Боранбаева.-Астана:Фолиант, 2024.-216 бет.

Бұл монографияда 1952 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы территориясының «Капустин Яр» әскери полигонына айналып, аудан халқының республикалық ішкі депортацияға ұшырауы Батыс Қазақстан, Түркістан облыстық және Жетісай өңірлік мемлекеттік архив құжаттары және «ауызша тарих» әдістері бойынша еріксіз қоныс аударылған автохтонды (жергілікті) қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, моральдық-психологиялық дағдарысы мен аянышты тағдырының кең панорамасын жасаған.

Кітап гуманитарлық ғылымдар мамандығында оқитын жоғары оқу орындарының магистранттарына, студенттерге, колледждер мен жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00