Ақжайық ауданындағы Ақжол ауылдық округі. Аудан орталығы –Чапаев селосынан оңтүстікке қарай 45 км жерде орналасқан. Тұрғыны 1,6 мың Округ аумағында Қабыл (Прогресс), Битілеу, (Кардон), Тінәлі (Екінші) ауылдары және Ілбишінде 41 шаруа қожалығы мен 1 серіктестік 1 орта, 3 негізгі мектеп, мәдениет үйі мен клуб, 4 кітапхана, 3 дәрігерлік пункт, дәрігерлік амбулатория, ондаған сауда нүктелері жұмыс жасайды. Сондай -ақ «Сахарный» мұнай жылыту станциясы жұмыс істейді.
Ақжол ауылдық кітапханасы
Ақжол ауылдық кітапханасы Мәдениет үйі ғимаратының 48 кв.м көлеміне орналасқан
1930 жылдарда аудандық білім беру бөлімінің қарауында ауылда кітапхана ашылды. Ол кезде кітапханалар «оқырман отауы» болып аталған болатын. Ең бірінші 296 кітап қорымен кітапхана ашылды. «Қызыл отау» жұмысы әр бригада мен жайлаудағы малшыларды аралап, оларға әдебиеттер таратып, жаңадан түскен баспа басылымдармен таныстырып отырған. Кітапхананың негізгі жұмыстарымен қатар шопандардың, егіншілердің Социалистік міндеттемелерін орындау бағытындағы көрсеткіштерін, үндеу, жар қағаздарын шығарып отырды.
1950 жылдарда кітап қоры 2900 данаға жетті.
1954 жылы Ілбішін ет совхозының директорының қатынас қағазы негізінде Ілбішін ауылындағы кітапхана меңгерушісі қызметіне М.А.Фолдин қабылданған. (мәдениет бөлімінің 1954 жылғы 20 мамырдағы № 34 бұйрығында)
1969 жылдан Ілбішін кітапханасының кітапханашысы болып Омарғалиев Сиғуат ағай жұмыс істеді. Мәдениет бөлімінің қарауында болған кітапханалар жұмысын жүйелеу бағытында 1978 жылдары орталықтандырылған кітапханалар жүйесі болып ұйымдастырылды. Сиғуат Омарғалиев осы филиалдың меңгерушісі болып тағайындалды. Ағай аудан, облыс көлемінде белгілі мәдениет қызметкерлерінің бірі. Ол басқарған бөлімшедегі кітапхана ұзақ жылдар бойы «Озат кітапхана» атағына ие болып келді. Кітапханашы кітаптарды әр сала бойынша жинастырып, жаңадан келіп түскен кітаптардың көрмесін ұйымдастырып отырған. С.Омарғалиев (Исмағулова М.Награда 35 жылдан кейін.// Еңбек.-11 март.-1980.-б.3
ауыл шаруашылық тақырыбындағы кітаптардың оқылуын үнемі қадағалап отырды, оқу залында механизаторлар мен шоферларға, шопандар мен мал бақташыларына, мамандарға арналған кітап сөрелерін ұйымдастырған. Сонымен қатар көпшілік шаралар ұйымдастыруда В.И.Лениннің еңбектерін насихаттауда Лениндік оқудар кезінде кітапханада «Ленин жаңа дүниені құрушы» деген тақырыпта оқырман конференциясы болып өтті. (УмарғалиевС. Читательская конференция //Труд.-1979.-б.3)Конференция жұмысына еңбек адамдары, ауыл интеллигенттері – барлығы 283 адам қатысты.
В.И.Лениннің граммпластинкаға жазылған «Совет өкіметі деген не?» деп аталатын сөзі тыңдалды. Кітапханада СССР - дің 50-жылдығына байланысты жүйелі жоспары және оны жүзеге асыру үстінде осы даңқты дата құрметіне кітап көрмесін, фотомантаж жасақтады. Сонымен қатар түрлі мерекелерге, ақын-жазушылардың даталары күндеріне тиісті әртүрлі шаралар өткізе отырып оқырмандарды кітапханаға көптеп тарта білген. Әр кеш сайын кітапханаға ауыл тұрғындары көптеп келетін.
С.Омарғалиев басқаратын Ілбішін кітапханасы - ауданымыздағы жақсы кітапханалардың бірі. Меңгеруші өзінің барлық білімін, күш-жігерін сүйікті ісіне, халыққа адал қызмет етуге жұмсаған. С.Омарғалиеа үнемі тек кітапханада отыруды әдет еткен емес. Ол қажет әдебиеттерді, жаңа газет-журналдарды алып, механизаторлар мен малшыларға аттанады. (1.Убанов Х. Үздік кітапхана// Социалистік Қазақстан.-1975.-20сентябрь.-б.3 2.Әдиева А.Әрдайым көпшілік арасында // Социалистік Қазақстан.-1975.-2 қазан.-б.2 Кітапханашы әрдайым күнделікті істің ортасында, кітапты адам тәрбиелеудің күшті құралы екендігін, оның адамды жақсы өмір сүруге, үлгілі еңбек етуге үйрететін және қателерден сақтандырып, өмірді танып білуде қуаныш сыйлайтындығын өзінің әр оқырманына жеткізе білді. Өзінің сапалы өмірін халыққа аса қажетті қызметке арнап келе жатқан С.Омарғалиевты СССР Мәдениет министірлігі «Үздік жұмысы үшін» белгісімен марапатталды. Бұл оның еңбегіне берілген үлкен баға.
Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, кітапхана жұмысын үлгілі жолға қойып, бұқараның ең сүйікті орнына айналдыруға бар күш-жігерін аямай жұмсап келді.
Ол мәдениет министірінің «Үздік қызметі үшін» белгісімен наградталған. Әрқашанда зор құрметке бөленіп жүрген Сиғуат Омарғалиев алыстағы пішеншілер мен малшылар ауылын жиі аралап, өздері қалаған кітап, журналдармен қамтамасыз етіп отыруды әдетке айналдырған. Ол басқарған кітапханада жалпы кітап қоры он мың данаға жуықтай. Ал оны алып оқушылар саны төрт жүзден асады.
Мұнда көшпелі кітапхана жұмыс істеген.
Ол бригадалар мен жайлаудағы малшыларды аралап, оларға әдебиеттер апарып беретін. 1979 жылы жылдық есептің қортындысы бойынша С.Омарғалиев мақтау қағазымен марапатталды. Кітапхана жұмысын жетілдіру бағытында аудан бойынша жұмыстанып жатырған әріпнамалық, жүйелік каталог ұйымдастыру бойынша Сиғуат ағай кітапханашылардың алды болып жұмысын ұйымдастыра білді.
1960-1980 жылдары ауданның білім, денсаулық, мәдениет салалары қарыштап дамып, типтік үлгідегі мектеп, мәдениет үйлері кітапхана бөлмелерімен бой көтере бастады. Сондай даму қарқынымен Ілбішін ауылында да Мәдениет үйі бой көтерді.
1980-1985 жылдарында Ауыл шаруашылық өнімдерін көбейтуде жердің милиорациялаудың үзақ мерзімді программасын жүзеге асыруда атап айтсақ «СССР дің экономикалық және әлеуметтік дамуының 1986-1990 жылдарға және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарының жобасына» байланысты ауыл шаруашылық, агроөнеркәсіптік мамандарының қатысуымен көптеген шаралар оздырылды. Істеліп жатқан игі істер мен көтеріліп отырған проблемалар туралы жазылған әдебиеттерді, мерзімді баспасөз басылымдармен таныстырып отыру жұмыстарын ұйымдастыру кітапханашының бірден-бір негізгі міндетіне айналды.
Оқырмандарды патриоттық рухта тарбиелеу, адамгершілік, кішіпейілділікке үйрету мақсатында «Тың» игерудің 30 жылдығына Л.И.Брежневтың «Кіші жер», «Қайта өрлеу», «Тың» естеліктерін оқырман қауымға насихаттауда кітапханада айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Ақжол ауылдық кітапханасында Сиғуат ағайдың ұйымдастыруымен заман ағымына қарай әр түрлі бағытта көпшілік шаралар оздырылып отырды. КПСС орталық комитетінің пленумдарына орай көрмелер ұйымдастырылып, папка жинақталып, насихатшылар мен үгітшілерге арналған көмекші құралдар дайындалды. Осы бағытта «КПСС ХХҮІ сьезінің шешімдерін жүзеге асырайық!», «Қазақстан жаңа бесжылдықта» тақырыбында түрлі шаралар өткізілді. Сонымен қатар, комсомолдың туған күніне орай оқушылар, жастар, комсомолдармен бірлесе өткізген «Қызықты жарқын өмір сүрейік», «Мен комсомолмын» тағы да басқа тақырыптардағы шаралар жылма жылғы дәстүрге айналды.
1992 жылы Омарғалиев Сиғуат ағай зейнеткерлік жасқа жетіп өз ісін жалғастыруға жас маман А.Жиенбаеваға тапсырды. Айгүл Жиенбаева қызмет бастаған жылдары Тәуелсіздік алып, Егеменді ел болуымызбен тұспа-тұс келуіне байланысты елдігімізді насихаттау бағытындағы жұмыстарға ден қойды. Мысалы: Елбасының Жолдауына байланысты, жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттауда көпшілік шаралар түрлерін жаңа тәсілдерімен ұйымдастырып келеді. Орталық кітапханаға қарайтын Қабыл, Битілеу,Тінәлі кішігірім кітапханаларға әдістемелік көмек көрсетіп, ұсынылатын әдебиетер тізімін дайындап таратып отырды.Сонымен қатар кітапханада «Жас қалам» атты оқырман отауын ұйымдастырып, жоспарын құрып, отаудың мақсатына сай шығармашыл оқырмандармен көпшілік шаралар ұйымдастырып, жұмысын жалғастырып келеді. ( суретте)
Ақжол ауыл округіндегі кітапханалардың 1985-2007 жылдар аралығындағы оқырмандар, кітап қорының орташа есеппен алынған көрсеткіштері
Ақжол ауылдық округіндегі кітапханалардың 2004-2008 жылдар аралығында мерзімді басылым көрсеткіші