Тайпақ ауылдық кітапханасы

Аудан орталығынан оңтүстікке қарай 142 км жерде  Тайпақ ауыл округі орналасқан. Округ қарамағына Томпақ, Шабдаржап елді мекендері кіреді. Тайпақ 1996 жылға дейін Калмыков селосы деп ата-лып келген. Ауылда 4 орта, 2 орталау мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, мәдениет үйі, 4 кітапхана, дәрігерлік-амбулаториялық және 3 фельдшерлік-акушерлік пункт орналасқан.

 

Тұрғын саны - 5900 адам.       

 

                           Тайпақ ауылдық кітапханасы.  

 

Тайпақ ауылдық кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының 156 кв.м көлеміне орналасқан 

 

 

 

 

  

 

1875ж. уездік қалаға айналған. Мұнда 1884 ж. «Тургенев кітапханасы» деп аталатын кітапхана , мектеп, медпункт ашылады. Кітапхана алғашқы рет станица тұрғындарының ерікті түрде жинаған қаржысына ұйымдастырылды. Кітапхана қорында алғашқыда ондаған дана кітап болса, ол жыл сайын  толыға келе жүзге, үлкен қиындықтармен мыңдаған данаға жетті. Кітапхана алғаш құрылған жылдардан-ақ, көпшіліктің жиі баратын, сүйікті орнына айналды. Кітап қорын байыту негізінде өз күштерімен кітап жинады, халық арасында өздерінің оқығандарын басқаларға әңгіме түрінде таратып, дауыстап оқулар ұйымдастырылды. Мәдениет ошағының көзі «Қызыл Отау» болды, жұртшылыққа кітаптарды дауыстап оқу мен әңгімелесулер өткізіп, сауатсыз адамдарды оқырмандар қатарына тартты.

1928-1929 жылдары кітапхана «Сауаттылар – сауатсызды үйретейік »- деген мәдени жорыққа қатынасты.

 

1936 жылы ауданда 13 клуб болды , 8 кітапханада 7906 кітап қоры 3 оқу үйі жұмыс істейді.

Ұлы Отан соғысы жылдары да кітапхана тұрғындарды рухани білім
нәрімен сусындата білді.Кітап беру пунктері ұйымдастырылды,көркем әдебиеттерді дауыстап оқу арқылы насихаттады. Отан соғысы Жеңіспен аяқталғаннан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында төртінші бесжылдық жоспары қабылданған болатын. Кітапхана құрылысының негізгі мақсаты: кітапхана ісін жақсарту болса кітапханашылар кітаптарды малшыларға, дала қостарына, пішен бригадаларына апарып отырды.

 

1950 - 1960 жылдары аудан шаруашылықтарында кітапханалар ашыла бастады.  

1962 жылдың  30 желтоқсаны күні  Қазақ ССР – нің Указы   бойынша Тайпақ ауданы таратылып Чапаев ауданына қосылды.

1964 жылы Тайпақ ауданы қайта ашылды.

1951-1959 жылдары Компартияның ХХ , ХХІ съездерінің шешімдерін, КПСС орталық комитетінің Қаулыларын Қазақстан Ком партиясының Х – съезінің шешімдерін халыққа түсіндіру кітапхана жұмысының негізгі мақсаты болды.

      1952жылы кітап қорында 8091 дана кітап оның ішінде 3366 дана кітап қазақ тілінде болып, 180 оқырманға 1592дана кітап берген. Кітапханадағы оқырмандардың көпшілігі үй шаруасындағы әйелдер, мектеп оқушылары болған.

Кітапханашы болып Дінекешова жұмыс атқарған. Кітапхана тарихын жинақтаған кезде, мына кісілердің кітапханада әр жылдарда жұмыс істегендері анықталды.                  Олар:

      Байқұтова Қалима,             1967 – 1976       

      Жұмағалиева Кенжетай

      Имашева Сара,

      Адилова Қазымжан,            1964 - 1991

      Молдағалиева Санеш,         1968 – 1996    

      Даулетова Магия,                 1966 - 1991

      Жұмағалиева Мағрипа       1960     - 1985

      Жұмақаева Гүлжан,            1972 – 1979

      Саркенова Кайша                1973 – 2006

      Ескендирова Жұпар            1966 - 2007

      Мұқашева Марфуға,           1983  - 1987

      Кенбаева Жұмағыз,             1973 -   1998

      Назиева Сәуле,                     1987 - 1998

      Рустемова Күлаш,                1979 - 1996

      Маймурина Гүлсім,             1979 - 1995

      Есенова Нұрбике,                 1979 – 1985

      Омарова Света                     1979 - 1990 

      Жұмақаева Алия,                 1984 - 1998

      Нурсапина Алмагүл,           1991 - 1996

      Жұмағалиева Аққойқын,   1989 - 1991

      Имангазиева Биғайша,       1989 - 1994

      Альденова Эльмира,           1994 - 1999

      Харесова Гүлсім,                  1987 -  1992

      Мазимова Раушан.               1996 – 2002

 

Кітапхана өміріне белсене араласқан кітапхана қызметкерлері , « кітапханашы » атты құрметті мамандықтың мерейін үстем етер таңдаулы мамандары еді.

 

1965 жылдары ауданымызда 13 селолық кітапхана болса, 1971 жылы 2 аудандық кітапхана – 18 селолық кітапхана , 1 Қызыл отау халыққа қызмет еткен.

Ұлы Октябрь революциясының 54 жылдық мерекесі құрметіне социалистік жарысты кеңінен өрістете отырып, сан – алуан тақырыптарда оқушылар конференциясын, әдеби – кештерін, тақырыптық кештерін, ұрпақтардың кездесу кештерін, кітап көрмелерін, кітапхана бюллетендерін шығаруды ұйымдастырды. 
 
1970 жылы  жерлес ақынымыз Ж. Молдағалиевтің 50 жасқа толуына орай кітапханада « Ақиық  ақын » атты кеш ұйымдастырылды. Кешке ауылымыздың ел – ағалары Т. Табылдиев, Ғ.Хаймолдин, К. Дүйсенбаевтар қатысып, оқырмандарға Жұбан ағамызбен бірге болған күндерінен естеліктерін айтты.

 Біздің қадірлі жерлесіміз  Ж.Молдағалиев ақындық жағынан да, азаматтық жағынан да ел тарихында биіктен көрінген, халқының сый құрметіне бөленген қайраткер екенін Тайпақ жұртшылығына мақтанышпен жеткізді. Кешке байланысты кітапханалық көрме ұйымдастырылды.

1970-1980 жылдар аралығында жастарға коммунистік тәрбие беру ісі партия-комсомол және кәсіподақ активтерінің  наситхатшылары, мұғалімдердің қатысуымен  кітапханада түрлі тақырыпта шаралар жүргізіліп отырылды. Осыған орай кітапханашылар комсомол ұйымдарымен бірлесіп оқырмандардың, жасөспірімдердің еңбекке, адамгершілікке деген көзқарастарын қалыптастыруға игі әсерін тигізетін шараларды жоспарлап, түрлі  тақырыптық өлкетану,  тарихи-танымдық әдеби саяхат ойындарын, жасөспірімдерді өмірде кездесетін зиянды әдеттерден сақтандыру мақсатында «Адам адамға дос», «Комсомолдық шын сөз» т.б. тақырыптарда түрлі жұмыстарын ұйымдастыру сол кездің нәтежелі жұмыстарының бірі болды.

1974 жылы аудан бойынша 121 597 кітап қоры бар, 25 кітапхана халыққа қызмет көрсетті. Аудан мәдениет мекемелері үстіміздегі жылы «айқындаушы жылға – екпінді еңбек» деген девизбен мәдени қызмет көрсету мақсатында 27 рет мәдени үгіт бригадасы егін мен пішеншілерде болып бұрыштар, жауынгерлік беттер тақырыптық кештер еңбек ардагерлерімен кездесу, социолистік жарыстың озаттарымен кездесу кештерін өткізіп, малшылар ме

н дала қостарында 341 лекциялар оқыды.

1982 жылы Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің депутаты, Тайпақ аудандық  кеңесінің  атқару комитетінің преседателі Ғ.Хаймулдин жарыққа шыққан «Жарқын белестер» кітабында Тайпақ ауданының қабылдаған социалистік міндеттемелерін орындау жолында қандай формалар мен әдістер қолданып отырғанын баяндайды. Кітапты насихаттауда автор құрылыс бригадаларында, кеңшарларда шопан бригадаларында болып кездесулер ұйымдастырылды.

 

 
Автордың құрылыс бригадасындағы « Жарқын белестер » кітабынан қолтаңба беру сәті.  Халық Депутаттары Тайпақ аудандық Кеңесі  атқару комитетінің Мәдени мекемелерді ашу туралы » 27-ші наурыз 1990 жылы № 50 қарары на сәйкес «Қурайлысай селолық Кеңесінің аумағында   орналасқан « Шәкір » елді мекенінде  орталықтандырылған кітапхананың  №32 бөлімшесі 1990 жылдың 1 апрельден бастап іске қосылды. 

 

 
 

Ашылған кітапхананың кітап қоры жүйе арасындағы қорларды қайта бөлу, орталық аудандық кітапхананың кітап алмасу қорында жинақталған кітаптар  және жаңа әдебиеттермен толықтыру арқылы жүзеге асырылды.

25 маусым 1992 жылы Жұбан Молдағалиев атындағы кеңшарында, Қурайлысай кітапханасында «Оқырмандармен жұмыс » атты аудандық семинар өткізілді. Оған аудан кітапханалары қатынасты. Оқырмандардың сұраныстарын арттыру да  кітапханалардың жұмысы. Каталог пен картотекалардағы өзгерістер туралы түсүніктер мен талқылау жұмыстары жүргізілді.

«Қурайлысай кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсетудегі ерекшеліктері» атты бағдарлама бойынша семинар өз жұмысын атқарды.

Аудан кітапханашылары облыстық кітапханаларға семинар - кеңестерге жіберіліп отырылды. Озық тәжірибе мектебінің  орталығы болған Базаршолан ауылдық кітапханасында аудандық семинар өткізілді.

Жұмыстың жаңа түрлерін, әдістерін ұйымдастыру жолдарын үйрену мақсатында Базартөбе, Жанама ауылдық кітапханаларында зерделі кеңестер оздырылды.

1978жылы ауданда барлық кітапхана заман талабына сай бір орталыққа біріктіріліп, 23 бөлімшеден тұратын 122663 дана кітап қоры  9763-ке жеткен оқырман саны бар арнайы салаға айналды.Ал 10жыл уақыт өткеннен кейін кітапхана жүйесінде 31 кітапхана жұмыс жасап, кітап қоры 238000 дана кітапқа, оқырмандар саны 12742-ге жетті. Орталықтандырылған жүйеге көшу кітапханалық жұмыстың мазмұнын жақсарта түсті. Кітап қорының өсу айналымын жақсартып, бұрында қозғалыссыз жатқан, кейбір ғылым саласындағы әдебиеттердің оқырман қолына жетуіне  мүмкіндік жасалды.

Кітапхананың ішкі қызмет функциялары ерекше тәртіппен бір жүйеге көшіріліп, арнайы бөлімдерге бөлінді.  Олар:  әдістеме- кітапханалық, оқырмандарды қамту, кітап қорын толықтыру мен өңдеу және бірыңғай қорды ұйымдастыру мен пайдалану бөлімдері.

 

 

1979 жылы аудандық кітапхана жанынан ауданның экономикалық профиліне байланысты ауыл – шаруашылық әдебиеттерін насихаттау секторы ашылды.

 

Кітапханааралық абонементтің жұмыс жасауына байланысты кітап қорындағы жоқ әдебиеттерді басқа жерден  алып беру мүмкіндігі туды.

Жаңа жүйе бойынша кітапхана бөлімшілерінде әдістемелік басшылық беру ісі тәртіпке салынды. Оларға әдістемелік көмек беруде, жаңа әдебиеттерді жеткізуде арнайы автобиблиобус қамтамасыз етеді.

  1986 жылы  Қарауылтөбе ауылдық балалар кітапханасы ашылып, кітапхананың кітап қоры аудандық кітапхана қорынан жинақталып алынып берілді. Кітапхана меңгерушісі болып Дүзбаева Қайырлы тағайындалды. Аудандық кітапхана 22 филиалмен жұмыс жасады.Олардың ішінде 1 аудандық,1 балалар, 1 ауылдық балалар кітапханасы жұмыс жасады.

 

 

 

 1987 ж Жаңакөл кітапханасының атауы Қарабек ауылдық кітапханасы болып өзгертілді.

 

 1988 ж Ақжайық ауданының таратылуына байланысты төмендегі кітапхана лар Тайпақ ауданына беріліп,Тайпақ  аудандық орталықтандырылған кітап ханалар жүйесіне қарады.

 

  

Олар:

  1. Есенсай ауылдық кітапханасы – 1
  2. кіші қызметкер - 05
  3. Кеңсуат ауылдық кітапханасы - 1
  4. кіші қызметкер - 05
  5. Тасоба ауылдық кітапханасы - 05
  6. кіші қызметкер -  05
  7. Ақшкол ауылдық кітапханасы – 05
  8. кіші қызметкер -- 05
  9. Өлеңті ауылдық кітапханасы  -  1
  10. кіші қызметкер -- 05
  11. Әтібек ауылдық кітапханасы  - 1
  12. кіші қызметкер -  05 

Аудандық кітапхана жүйесі осы жылдары 31 бөлімшемен жұмыс жасап, штаттық кесте 58,5 болды. Аудандық кітапхана жүйесіндегі кітапханалар саны : 

  1. Аудандық кітапхана
  2. Аудандық балалар кітапханасы
  3. Сайқұдық
  4. Қараултөбе
  5. Қырыққұдық
  6. Жыланды
  7. Экспедиция
  8. Базартөбе
  9. Қарабек
  10. Қызылжар
  11. Қадыркөл
  12. Базаршолан
  13. Баянтөбе
  14. Сұлтан
  15. Есим
  16. Жанама
  17. Сарман
  18. Харкин
  19. Краснояр
  20. Октябрь
  21. Котельниковская
  22. Антоновская
  23. Жантемір
  24. Жаманқұдық
  25. Есенсай
  26. Кеңсуат
  27. Караултөбе ауылдық балалар кітапханасы 
  28. Тасоба
  29. Акшкол
  30. Өлеңті
  31. Әтібек
  32. Шәкір

1982 жылы «Рауан»- атты әуесқойлар клубы, 1988 жылы «Сырласу»- әуесқойлар клубы жұмыс жасады. Өз ауылымыздың тұрғындарының дәстүрі мен салтын дәріптеуде «Үш ұрпақ сыр шертеді» - атты  үш ұрпақ өкілдерімен кездесу кеші оздырылып, оған  Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагері, комсомол жастар шақырылды. 

1988жылы Алматы қаласында өткен «Қазақстан кітаптары ХХ ғасырда»- атты Республикалық кітапхана қызметкерлерінің ІІ-ші съезіне делегат болып кітапхана директоры  С.Тлекеева қатынасты. 

1991жылы Москвадағы мәдениет қызметкерлерінің білім жетілдіру институтының қатынасуымен «Кітапханалардың жаңа шаруашылық жағдайда жұмыс істеу » - тақырыбында апталық кеңес өткізілді, облыста өткізілген кеңеске кітапхана директоры С.Тлекеева қатынасты. 

1992-1993 жылдары Аудандық кітапханада  ақылы қызмет жөніндегі негізгі жиындарды басшылыққа ала отырып, Ресей басылымдарынан ақылы түнгі абонементпен жұмыстанды. 

1996 жылы Н.Крупская атындағы ЛҒӘК-ның құрылғанына 125жыл толуына байланысты «Кітапханалар мен кітап оқулар айырықша өзгерістер кезеңінде» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференцияға  кітапхана директоры қатынасты. 

1997ж  Тайпақ ауданының таратылуына байланысты, Тайпақ аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі  Тайпақ ірілендірілген ауылдық кітапханасы болып өзгертілді.Тайпақ ауданының аумақтық құрамындағы кітапханалар  Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы  орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарады.

 

1998жылы алғашқы рет «Үздік кітапханашылар» байқауы өткізілді.

Байқауда  Котельный ауылдық кітапханасының менгерушісі Калитова Алуа  «Үздік кітапханашы»  атағын жеңіп алды. 

1999жылдан  «Қарлығаш» - атты қыз - келіншектер клубы жұмыс жасайды.

Клубтың мақсаты жастарымызды адамгершілік қасиетке , инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. « Қарлығаш » қыз- келіншектер клубының аясында кітапханада мәдени шаралар өткізіліп отырылады. Айына 1 рет отырыс өткізіліп, алдағы жоспарлар жасалынып, өткен шаралар туралы әңгіме қозғалып отырылады.

Кітапхана қызметкерлері мектеппен, қоғамдық ұйымдармен, мұрағатпен тығыз байланыста  жұмыс жасайды.

Ауыл тұрғындарына көпшілік кітапханалармен қатар  ведомстволық кітапханалар да қызмет көрсетеді:

мектеп кітапханалары:

- Краснояр,

- Қ.Байсиықов атындағы орта мектеп

 - мектеп – гимназия

- кәсіптік- мектеп 

2002 жылы біздің облысымызда «Еуразия – мәдениет және кітапханалық ресурстар интеграциясы» тақырыбында өткізілген республикалық конференцияға С.Тлекеева қатынасты. 

2004жылы ауыл кітапханаларының жұмысын жетілдіру мақсатында «Кітапхана қорын қалыптастыру және пайдалану жұмысы арқылы қордың сақталуын қамтамасыз ету»- тақырыбында аудандық семинар- кеңес өткізілді. Семинар - кеңеске аудандық Мәдениет бөлімінің меңгерушісі А.Ашабаев, аудандық кітапхана директоры М.Айткалиева , және аудан, ауыл кітапханашылары қатынасты. 

  Еліміздің Тәуелсіздігі жағдайында кітапхананың кітап қоры байи түсуде, әсіресе заман талабына сай кітапхананың ғылыми- техникалық прогрестің жетістіктерімен компьютерлендіру де үлкен жетістік. Қазір  округте  4 орта, 2 орталау мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп,  мәдениет үйі, 4 кітапхана, дәрігерлік амбулаторлық және 3 фельдшерлік- акушерлік пункт орналасқан.  Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары: Елбасымыз өзі бастамашы болған «Қазақстан – 2030» стратегиясы, Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау,

«Мәдени мұра», «Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдау», «Қазақстан Республикасының жастар саясаты»,  ауыл  кітапханасының қоғамдық ұйымдармен байланысы, кітапханаға келген жаңа басылымдарды оқырмандарға насихаттау болып табылады.           

2003-2005жылдар «Ауыл жылы » болып жариялануына байланысты ауылдың рухани дамуы мен ақпараттың қамтылуына зор көңіл бөлінуде, кітапхананың үлгілік қалыпқа сай қызмет етуі үшін компьютерлік жабдықтау қолға алынып, кітапханаға 1 дана компьютер берілді.

Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыруда мерзімді басылымдардың ролі ерекше.

Қазіргі кітапхананың кітап қорында мерзімді басылымдар да үлкен сұранысқа ие. Бұл қор оқырмандардың ақпараттық сұранысын қанағаттандырумен қатар, кітапхананың статусын жоғары деңгейге көтереді. Сондықтан да оларға деген сұраныс жылдан – жылға өсе түсуде.

    орталық кітапхана –     19  газет,    17 журнал – барлығы : 38 дана

    балалар кітапханасы – 8 газет, 8 журнал – барлығы : 16 дана

2002 жылдан   кітапхана көгілдір отынды  пайдаланады.

Кітапхана «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша облыстық мәдениет басқармасы мен Ж.Молдагалиев атындағы кітапхананың ұйымдастырумен оздырылған «Шағын Отан» байқауына  қатынасып, Дипломмен марапатталды. 

 

Кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

 

    Бөлімнің  оқырмандарға қызмет көрсетудегі басты мақсаттары 

- оқырманды кітап қоры байлықтарымен таныстыру

- қордың барлық салалары бойынша  пайдалануға мүмкіндік беру

- оқырман сұраныстарын зерттеу

- кітапхананы жарнамалау

- оқырмандарға сапалы және уақытылы қызмет көрсету

 

Бөлім қызметкерлері орта, жоғарғы оқу орындарында сырттай оқитын студенттермен, қоғамдық ұйымдармен байланыс жасайды. Кітапханашылар жастар тобымен де жұмыс жүргізеді көпшілік шаралар арқылы жастарды кітапханаға тартуда жұмыстанады. Оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыруға көңіл бөледі. Кітапхананың оқу залында мәдени-шаралар, түрлі кездесулер, кітап көрмелері ұйымдастырылып тұрады. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда оқырмандарға арналған іс-шаралар оздырылады.

  Оқырмандардың ой-өрісін дамытуда, кітап оқу жүйесіне бағыт- бағдар беруде, ең таңдаулы жаңа әдебиеттермен танысуда, ұсынылатын әдебиеттер көрсеткіштерінің орны ерекше.

Халқымыздың ардақты ұлы Исатай Тайманұлының өзінің туған жері Жайық халқының қайғысын хан ұлына тайсалмай айтқаны үшін өлтірілгенін, жасөспірімдерге үлгі өнеге ретінде жеткізіп. Кітапханада әр дайым әдеби кештер өткізіліп өз өлкеміздің ардақты ұлдың тұлғасын, өмірдің өнегелі сәттері ұрпақтан ұрпаққа үлгі ретінде  мәртебесі биіктей түсетіндігін ұғындырып, жастар бойында туған тарихымызды жете білуге деген құлшыныс пайда болуын айтады.  

 Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын жеделдету, адам факторын     жетілдіру мақсатында көшпелі кітапханалар жұмыстана бастады.  Малшы – шопандарды айына 2 рет кітаппен қамтылып отырады.

Олар әдебиеттерді үлестіріп, еліміздегі болып жатқан жаңалықтарымен қатар, кітапханалық – библиографиялық қызмет көрсетті. 1975 жылдары комсомол жастар бригадалары жұмыс жасайды.

« Армандастар »,  « Гүлдәурен » -  комсомол – жастар бригадасында еңбек етіп жүрген жастар арасында тәлімгерлер енбек етті. Оларды мамандыққа баулу, шопан мамандығының қыры мен сырын мақсатында  « Шопан серігі », «Шопанның қойын кітабы» - сонымен қатар

«Денсаулық туралы кеңестер» - атты кітап көрмелері шығарылып, социалистік жарыстың барысы жайында жазылған мақаларымен таныстырылып отырылды.

 

Батыс Қазақстан ақындарының облыстық бірінші айтысына қатынасқан жерлесіміз Х.Әбіловпен кездесу сәті.

Біздің заманымыздың рухани өрісін, адамдар арасындағы, өмірдегі жарастықты әртүрлі тақырыпта қорғаған өлеңдерін  шын    шабытпен  арнап, ауданның,  ауылдың намысын қорғаған

Х. Әбілов  кітапхананың белсенді оқырмандарының бірі еді. Облыстық ақындар айтысының өткеніне 40 жыл толуына орай « Халқымнан айналайын өнер сүйген » - атты тақырыпта облыс ақыны, жерлесіміз Хамит Әбіловпен кездесу кеші өтті.

Айтыстың жүлдегері Хамит Әбілов бұл – айтыста Жымпитылық Жаңыл Құрмағанбетовамен айтысады.

Сан қырлы айтыс өнері туралы сөз болған кеш шын мәнінде жоғары деңгейде өтіп, оқырмандардың көңілінен шықты.

Патриоттық тәрбие беруде кітапханада « Отан қорғау қасиетті борыш » атты тақырыпта кездесу кеші ұйымдастырылды. Кештің мақсаты: оқырмандарды азаматтыққа , Отанды сүюге , әскери патриоттық сезімге тәрбиелеу. Кешке Ұлы Отан соғысының ардагерлері: С.Қылышов , Әскери комиссиарат бастығы – С.Қабесов, әскери міндетін өтеуге шақырылған жас азамат қатынасып, «Ел намысы – ер намысы»  атты кітап  көрмесі ұйымдастырылып, 47 оқырман қатысты. 

Кітапханалар  ақылы қызмет енгізу жөніндегі ұсынбаларды басшылыққа ала отырып, ауыл тұрғындарына Ресей басылымдарынан ақылы қызмет ұйымдастырды. 

Қазіргі таңда экология – күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселе. Елімізде 2005-2007 ж.ж. арналған « Жасыл ел » бағдарламасы аясында кітапханада жас ұрапқтың бойына адамзаттың аялы бесігі – табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту, экологиялық мәдениет қалыптастыру барысында « Табиғат тал бесігің » - атты экологиялық кеш оздырылды. Кеш барысында тақырып бойынша әңгімелер қозғалып,оқырман сұрақтарына жауап қайтарылыды.  Кеш соңы сырлы сазға ұласты.

Кеште Тайпақ ауыл округінің – бас экологі, медициналық  санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау  басқармасының бас маманы, ауыл округінің ветеринары, мұғалімдер қатысты. 

« Заң білмеген зардап шегеді » - атты құқықтың тәрбиеге арналған кеш оздырылды. Кештің мақсаты жас ұрпақты заң бұзушылық, қылмыс туралы түсінігін қалыптастырып, құқықтық тәрбие беру.

Кешке №2 Ақжайық аудандық сот – аппарат басшысы, жасөспірімдер ісі жөніндегі аға инспектор, мектептің психолог – маманы қатынасты. 

Кітапханада « Жырыңмен тербет еліңді » - атты тақырыпта, айтыскер ақын Үзілдік Елеубаевамен кездесу кеші оздырылды. Кеш барысында ақын сөз сайысы , айтыс өнері туралы тебірене әңгімелеп, айтыстардан үзінділер келтіріп, оқырман сұрақтарына жауап берді. Бұл кеш шын мәнінде айтыс өнері туралы сабақ болды. 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 62 жылдық мерекесіне орай кітапхана ұжымы ауылда тұратын. Біртоп майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін құттықтады. Кеш барысында бүгінгі жастар майдангерлермен тыл  еңбеккерлерінің алдында өтелместей қарыздар екендігі айтылды. Мәдениет қызметкерлерінің мерекелік концерттен кейін ардагерлер мерекелік үстел басында майданда қаза тапқан және одан беріде өмірден өткен қарулас достарын еске алды. 

Әнші – сазгер Донеділ Қажымов Тайпақ жұртшылығымен кездесті. Әнші ерке әуезді әндерімен көпшіліктің жүрегінен жол тапты. Жайықтан ән оздырған дархан өнер иесіне құрмет көрсетіліп, халықтың ілтипат сезіміне бөленді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың « Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты » – атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттауда 

« Жолдау – айқын жол, жарқын келешек кепілі » - атты лекция - концерт аурухана қызметкерлері арасында оздырылды.

Лекция барысында  дәрігер Орынша Сергейқызы жолдауға деген өзінің көзқарасын білдіріп, Елбасы құжатын бір ауыздан қолдайтынын айтып өтті.

 

 

Өнер адамына, еліне тарихына табиғатына тілге деген сезімін ояту , ұлттық дәстүрлерді қадірлеуге тәрбиелеу бағытында Мұхтар Әуезов – 70 жаста атты 6-7 класс арасында тақырыптық кеш оздырылды. 

Тайпақ ауылдық балалар кітапханасының 1985-2007 жылдар аралығындағы оқырмандар,  кітап қорының орташа есеппен алынған көрсеткіштері 

 

Тайпақ ауылдық балалар кітапханасыныңң 2004-2008 жылдар аралығында мерзімді басылымдар көрсеткіші

 

 

Кусайнова Баршагүл Тілекқызы 1984 жылы 1- сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында дүниеге келген. 1990-2000 жылдары Ақжайық ауданы Алмалы аулындағы Алмалы орта мектебінде
9 жылдық білім алып 2001 жылы Тайпақ ауылдық Краснояр орта мектебін бітірген.
2001-2002 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы №10-шы Тайпақ кәсіптік мектептің бухгалтер мамандығы бойынша білім алған.
2006-2008 жылдары Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінің Кітапхана ісі мамандығы бойынша білім алып сол жылдары Алматы қаласындағы Орталық Азия университетінде Кітапханатану және библиография мамандығы бойынша сырттай бөлімін тәмамдаған.
2008 жылы Ақжайық аудандық кітапханаға кітапханашы болып,
2009 жылы Ақжайық аудандық білім бөліміне кітапханашы әдіскер,
2015 жылы Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылындағы Харькен ОЖББМ-де кітапханашы,
2017 жылы қыркүйек айынан бастап Тайпақ ауылдық модельді кітапханасына кітапханашы,
2019 жылы Тайпақ ауылдық модельді кітапханасының меңгерушсі жұмысын атқаруда.
2018 жылы «Жас ұрпақ-елдің интеллектуалды ресурсы» тақырыбындағы облыстық жас кітапханашылар креативтік идеялар жәрменкесіне қатысқаны үшін
Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Утешовадан Сертификат табысталды.
2018 жылы Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.О.Ермухановтан «Алғыс хат» марапатталды.
2018 жылы Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Р.С.Мусағалиевадан «Алғыс хат» марапатталды.
2019 жылы ҚР Тәуелсіздігі күніне орай кітапхана директоры Ш.Уразаеваның «Алғыс хат» марапатталды.
2019 жыл «Оқырман ұрпақ Қазақстанның болашағы» атты кітап фестиваліне қосқан үлесі үшін ОКЖ директоры Р.С.Мусағалиеваның «Алғыс хатымен» марапатталды.
2020 жылы «Өнер және мәдениет қызметкерлері күніне» орай Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ш.Уразаеваның «Алғыс хат» марапаталды.
2016 жылы 24 маусым айында Тайпақ ауылдық мәденеиет үйінде Хаймулдин Ғазиз Усағалиұлының «Өмір естелігі» атты кітабының тұсау кесері өтті.
Тайпақ ауылдық кітапханасындағы коворкинг орталығында «Адал еңбек мұратына жеткізеді» – атты Ақжайық ауданының құрметті азаматы, еңбек – ардагері Садиров Ғайнолла Зинорұлымен – кездесу кеші өтті.
2020 жылы Жұбан Молдағалиевтің 100 жыл толуына орай «Алаштың асыл ардағы» атты аймақтық байқаудың «Жұбанның үш ерлігі» бағыты бойынша Ақжайық ауданының әкімі Қ.Ш.Айтмухамбетовтан «Диплом» марапатталды.
2022 жылы Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ш.Уразовадан «Алғыс хат» марапатталды.
2022 жылы Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ш.Уразовадан «Алғыс хат» марапатталды.
Тайпақ ірілендірілген ауылдық кітапханасына 2017 жылдың тамыз айында Тайпақ модельді ауылдық кітапханасы деген статус берілді. Қазіргі заман талабына сай жаңалыққа ұмтылу біздің басты мақсатымыз. Ақпараттық жаңа технология мен интернет жүйесі дамыған уақытта оқырмандарға дәстүрлі қызмет көрсетумен қатар, кітапхана қызметін пайдаланушылар өзіне керек ақпаратты интернеттен таба алады. Кітапханаға оқырмандарды көптеп тартуда кітап қоры жаңа мерзімді басылымдармен және әдебиеттермен толықтырылып отырылады. Кітапхана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Жолдауларын, әлеуметтік экономикамыздың дамуын, тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін, қазақ халқының көрнекті өкілдерінің мерейтойларын атап өту және жергілікті қаламгерлердің кітаптарын құнды мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, оқырмандар назарына ұсынылады.
2019 жылдың 13-ші желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында арайлы Ақжайық төрінде кітапханалардың жаңа зманауи үлгісін құру мақсатында Тайпақ модельді ауылдық кітапханасы Тайпақ ауылдық Коворкинг кітапханасы болып ашылды.

 

2023 жылы 22 ақпан күні Тайпақ ауылында Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын
Сағатолла Әбдуғалиевтің туғанына 75 жыл толуына орай «Жайықта жауған жыр – жаңбыр » атты әдеби шара оздырылды.
2022 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдық мерекесі күніне орай Тайпақ ауылдық Коворкинг кітапханасында «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады» - атты Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтарымен кездесу кеші өтті.
2024 жыл 31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі-жаппай саяси қуғын - сүргін мен миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған жан түршігерлік ашаршылықты еске алу күні. Осы атаулы күні Тайпақ ауылдық округінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ескерткіштің ашылу салатанаты өтті. Ескерткіш мүсіннің авторы Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, суретші, мүсінші Бәйтерек ауданының «Құрметті азаматы» Ерғали Орынғалиұлы. Шараға аудан әкімі М.А.Сердалин, ауыл тұрғындары саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, мекеме басшылары және жастар қатысты. Осы атаулы күн мен айтулы тұлғалар туралы «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесі жасақталып шолу жасалды.
2014 жылы Жазушы журналист, публицист, ақын, драматург Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына арналған жастардың «Біз құрдастармыз» атты республикалық шығармашылық байқауының Эссе номенатциясы бойынша Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Е.М.Ағымбаевтың атынан Аманжолов Әнуар Ғалымжанұлына ІІІ дәрежелі «Диплом» марапаталды.
2015 жылы Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы мәдениет саласы үздігі» Айтқали Нәріковтың «Тарылмайды өлеңдегі өрісім» атты шығармашылық кешке белсене қатысқаны үшін Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасының директоры Р.Исатаеваның атынан Аманжолов Әнуар Ғалымжанұлы «Алғыс хат» марапатталды.
2016 жылы Ұлы ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттау мақсатында облыстық «Қадыр оқулары» байқауының «Жүрегіне халқымның жол табамын» атты номинациясы бойынша Орал қаласының әкімі Н.Төреғалиевтың атынан Аманжолов Әнуар Ғалымжанұлы І-дәрежелі «Диплом» марапатталды.
2020 жылы Кітапханамен тығыз байланыста болып әдеби-мәдени шараларға белсене араласып және облыс, республика көлеміндегі байқауларға қатысып үздік нәтиже көрсеткен үшін Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Р.С.Мусағалиеваның атынан Аманжолов Әнуар Ғалымжанұлы «Алғыс хат» марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен – Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай «Әбіш Әлемі» атты шығармашылық байқауға қатысқаны үшін Ү.Мұналбевтан Ажикова Бибігүл Базарбайқызына Сертифткат берілді.
2022 жылы Ақжайық аудандық ОКЖ-ның ұйымдастыруымен «Жұлдызды сәт» жыл қортындысы үздік оқырмандарды марапаттау шарасында Тайпақ ауылдық кітапханасының оқырмандары Қуанышев Абылайхан Асылбекұлы «Үздік оқырман - 2022» - атталымы бойынша марапатталды. «Үздік оқырман: қанатты қалам » аталымы бойынша Есетова Махаббат Ізбасқанқызы марапатталды.
2022 жыл Ақжайық оралықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен алашқа әйгілі ақын, аудармашы, әдебиеттанушы – ғалым Сағынғали Сейітовтің есімін дәріптеу, шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген республикалық аймақтық «Талант парасаты екі ғасырмен егіз өрілген тағдыр» – байқауының «Жыр болып тамсын жүректен» аталымы бойынша Тайпақ ауылдық кітапханасындағы коворкинг орталығының оқырманы Абылайхан Қуанышев ІІІ – орын иемденді.
2022 жыл Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткізген «Оқитын өңір» республикалық online байқауына Есетова Махаббат қатысып «Алғыс хат» марапатталды.
2023 жыл Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Оқитын өңір» республикалық online байқауына Тайпақ ауылдық Коворкинг кітапханасының оқырмандары Мағалім Аяулым Қайратқызы, Сабырова Айнұр Жаксыбековна, Қонар Бекарыс Абзалұлы байқауға қатысып Алғыс хаттар мен марапатталды.

 

 

 

 

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00