Жолап ауылдық кітапханасы

Жолап ауылдық кітапханасы бұрынғы  мектеп ғимаратының 60 кв.м. көлеміне орналасқан

Жолап ауылы бұрын «Малый Железнов» аталып, тұрғын халыққа  мәдени рухани орталық  жұмысын атқаратын «оқырман отауы »  1950 жылдары ашылды.

1955 жылы  мәдени ағарту жұмысының дипломы бар А.Салиев  осы ауылдық кітапханаға мәдениет бөлімінің № 157  бұйрығы кітапханашы қызметіне қабылданды.

Кітапхананың  кітап қоры аудан ішіндегі кітапханалардан дублетті әдебиеттерден жиналып және аудандық кітапхана арқылы кітаптар түсіп тұрды. Сол жылдарда 3,5 кітап қоры болған.

1961-1970 жылға дейін Малый Железновтағы оқырман отауының   кітапханашысы  болып Ильясов Аманғали қызмет атқарған.  Заман ағымына қарай  насихат жұмыстарын сауатты өткізіп келе, 1969жылдың ел өміріндегі елеулі оқиғаларының бірі- В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген шаралар болды. Одан  ауыл кітапханасы да шет қалған жоқ, көсем мерейтойына байланысты кітап көрмелерін, тақырыптық кеш, дауыстап оқу, жиналысқа баяндама даярлау жұмыстарын да жүргізді.

1970 жылдың 10 тамыз айынан бастап (Бұйрық № 50 пр.8) С.Утепбергенова кітапханашы қызметін атқарған.

1972 жылдары мәдениет  бөліміне қарасты «Қызыл үй» кітапхана қызметін атқарған А. Есенғазиева сол кезде ауыл тұрғындарына  насихат жұмыстарын  сауатты жүргізіп, елді мекендерге жылжымалы кітапхана ұйымдастырып  отырған . Барған жерге кино қою жұмыстарында атқарған. Себебі,  ол кезде  кітапханашы, киномеханик , насихатшы жұмыстарын бір  қызметкерге жүктелді.

1979 жылы 27 қараша ОКЖ ның № 17 бұйрығы бойынша  Усахова Асылғаным   Жолап ауыл  кітапханасына кітапханашы қызметке алынды.   

1988-1992 жылға дейін Жолап ауылдық кітапханасында Исеева Болған (Жайтуғанова)  қызмет атқарған.

Бұл уақыт қайта құру уақыты. Қайта құру қоғамдық өміріміздің барлық саласын жаңартып, жетілдіруді талап етті. Соның ішінде кітапхана  жұмысын қайта құру- сан қырлы процесс. Соның негізгілерінің бірі кітапханалардың кітап қорын жаңарту болды, дегенмен бұл бағытта тек қордан  мазмұны ескірген әдебиеттерден тазарту  жұмыстары ғана жүрді,  кітап қорын  толықтыру жұмысы  баяу жүрді.

 1997 жылдан  Мерген ауыл округіне  қарасты Жолап ауылында  шаруа қожалықтары, мектеп, аурухана жұмыс  істей бастады. Сонымен қатар осы жылдары кітапхана ашылып  Бударин ауылдық кітапханасынан – 500 кітап, Лбішін ауыл кітапханасынан 1000 кітап бөлінді, шопандарға, алыс точкаларға, егіншілерге кітап насихаттау жұмыстары жүргізілді , ауыл түрғындары газет-журнал,кітап оқып еліміздегі барлық болып жатқан жаңалықтармен танысып отырды.

 1992 жылдың қараша айынан бастап кітапханашы қызметін Усахова Сұлушаш бастап істеді, әлі күнге дейін  қітапхана қорын жинастырып , оқушыларға, мамандарға түрлі тақырыпта көпшілік шаралар жүргізіп отырады.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00