Сайқұдық ауылдық кітапханасы

 Сайқұдық ауылдық кітапханасы.

 

 

Сайқұдық ауыл кітапханасы ОКЖ –нің есептік балансында Кітапхананың  аумағы -70 кв.м   

 

 

 

 

 

 

 

 

Сайқұдық ауылында кітапхана 1962 жылы «Қызыл бұрыш» болып ашылды. «Қызыл бұрыш» ауыл тұрғындарының мәдени рухани демалыс орталығы ретінде жұмысын жалғастырып отырды. Алғаш Елеубаева Туғанай  кітапхана қызметін атқара жүріп , шалғай елді мекендерге  шопан егіншілерге, кино көрсету, газет-журнал бетіндегі жаңалықтармен таныстырып үгіт насихат жұмыстарын жүргізген. Кейін Жетпейсова Дәмелі, Сәркенова Ғайша істеген кезде үгіт насихат жұмыстарының орталығы болу үшін еңбекшілерге тәрбие беру әдістерін күннен-күнге көбейтіп , еңбек ұйымдастырудың үлгілі тәжірибесін насихаттап , сонымен қатар жарасты тұрмыс мәселелерін де ойдағыдай насихаттап отырған.

Әсіресе , жастар арасында ұлы көсемнің кішіпейіл, қарапайым, халыққа шын қамқоршы екенін көрсететін кітаптарды кеңінен насихаттап тақырыптық сөрелер, көрмелер ұйымдастырып кештер өткізілді. Ол кезде кітапханалардың ең негізгі мақсаттарының бірі – совет адамдарын ,жас ұрпақты ұлттық және интернационалдық міндет –мақсаттарды дұрыс түсінуге баулу, достық туысқандық рухында тәрбиелеу болып табылды.  Сайқұдық ауылында дүниеге келген Жұбан ағамыздың шығармаларын жасөспірімге насихаттау, ағамыздың торқалы туған күндеріне орай  поэзия кештерін ұйымдастыру кітапхананың өлкетану бағытындағы жұмыстарын нығыздай түсті.

 

1980 жылы Ж.Молдағалиевтің  60 жасқа толуы қарсаңында  өзінің туып өскен ауылы Сайқұдықта ауыл тұрғындарының асарлық жұмысының арқасында сәулетті кітапхана салынды. Кітапхананың ашылу салтанатына қатысқан ақын  Ж.Молдағалиев ағамыз  жеке кітапханасынан совет жазушылар шығармаларымен сыйға тарты.

Ақын сыйлаған кітаптар күні бүгінге дейін  үлкен алып қастерлі дүние ретінде сақталуда. Ұрпақ үшін құнды әр нәрсеге ауылдастардың назары айырықша   Жұбан Молдағалиевті тайпақ топырағы, бүкіл ауыл-аймақ өз перзенті ретінде мәңгі еске сақтайды.

 

1987 жылдан бастап Сагиева Роза жұмыс істеп келеді. Заман ағымына қарай жұмыс түрлерін кеңейтіп, кәсіби біліктілігін дамытып  отыру қазіргі заман кітапханашысының бірден –бір алдына қойған мақсаты.

ОКЖ құрамындағы басқа кітапханаға қарағанда Сайқұдық ауылдық кітапханасы Елбасы Жолдауларын насихаттау, кітапханаға оқырмандарды көптеп тарту мен қатар бұл кітапхананың атына сай  өлкетану жұмыстарын да  жүргізіліп келеді. Осыған орай кітапханада Жұбан Молдағалиевтың бөлмесі ұйымдастырылған, онда тұрақты «Ақын тартуы» кітап көрмесі, сонымен қатар Жұбан ағаның шығармалары , ақынға арналған газет- журнал беттерінен мақалалары да жинақталып  кітап қорын толықтыра түскен.

 

Кітапхана ауыл  тұрғындарының мәдени рухани демалыс орталығы бола отырып, «Үздік оқырман»  бенефисін өткізу, ол оқырмандар кітапхананың  жанашыры, белсенділері ретінде  жасөспірімдерге әрдайым үлгі өнеге

2000 жылы Жұбан ағаның 80-жылдығына орай 9-шы қазанда ескерткіш  тақта орнатылды. Ескерткіш ашылу салтанатына  Жұбан ағаның жұбайы София, ақын Қадір Мырза Әли, І. Жақанов, аудан әкімі Ә.Сәтбаев тума-туысқандарымен кездесу кітапханада болды. 

 

 

 

 

Қазірде жыл сайын кітапханада Жұбан оқулары  аталып өтуде.

 Кітапханада өткен «Жұбан- ақиық ақын!» атты жыр-мүшәйрасының жеңіпаздары  ескерткіш алдында.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00