Әтібек ауылдық кітапханасы

Әтібек  ауылдық   кітапханасы.

 

Әтібек ауылдық кітапханасы мектеп ғимаратының ішінде 25 кв.м көлеміне орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

Құрайылысай  ауылдық округіне қарасты  Әтібек ауылдық кітапханасы

1959 жылы «Оқырман үйі» болып  ашылды . Кітапханашы Төресаева Мария  коммунизмнің материалдық техникалық базасын жасау мақсатына бірыңғай жұмыстар жүргізіліп , осы ұлы мақсатпен жарқын ниет әр адамға жаңа жігер беріп , оларды биіктен биікке жетелеп отырды . Сондықтан да барша кітапханаға тән Әтібек ауылында да кітапханашы жаңа творчестволық бастамалар мен ізденулерді тауып , идеология жұмысын көптеген түрлері мен әдістерін  ыңғайлы пайдалана отырып , әр бір оқырманның көңіліне қонымды жұмыс жүргізуді мақсат санап алға қоя білді. Осындай жігермен қызмет атқарған  Төресаева Мария 1961 жылы мәдениет бөлімінің мақтау қағазына ие болды.(суретте)

 

1963 ж Шынтемирова Зайдаш.

1967 ж Лұқпанова Тұрсын.

1970-74 ж Искакова Балым кітапханада  қызмет атқарды.

Ауыл түрғындар арасында «Еңбек даңқы», «Малшылар еңбегі даңқты болсын» т.б  кештер өткізіп. Сонымен қатар кітапханада ұйымдастырған  «Нан иісті қолдарды мадақтайық»  атты кездесу  кешіне еңбек ардагерлері, комсомолдар, пионерлер келді. Шалғай 

нүктелерге, елді мекендерге барып елдің саясатын насихаттауымен қатар кітап көрмелеріне шолу жүргізіп, газет журнал бетіндегі жаңалықтармен таныстырып ,мәдениет қызметкерлерімен бірге кино концерттер қойды. Кітапханашы әр дайым  кітапханада ауыл тұрғындарына, оқырмандарға  еңбек озаттарының тәжірибелері және олардың алған жаңа міндеттемелері жайлы әңгіме  етіп олардың жетістіктерімен таныстырып отырды.

 

Осы ауылдың тұрғыны   Мұқанов ағай  1934 жылы 14 маусымында Алматы қаласында өткен  Бүкіл Қазақстандық 1-ші Халық шығармашылық   слетіне  Облыс атынан  делегат болып  қатынасып қайтты.(суретте) Кітапханада кітап сүйгіш қауымды тәрбиелеу , оларды кітапханаға көптеп тарту бағытында әр түрлі тақырыпта шаралар өткізілетін. Соған байланысты кейінгі жылдарда ағайдың шығармашылы туралы , ол кісінің слетке барып қайтуы туралы оқырмандар арасында кездесу кештері өткізіліп тұрды.

 

1974 ж 4 февральдан бастап күні бүгінге дейін Жайжанова Гүлсара кітапханашы қызметін атқарып келеді. Заман талабына сай кітапхананың қызметі түрлері де өзгеріп  1980 жылдарда еліміздегі саясатты КПСС-тің сьездерін, Қаз Орталық комитетінің  съезін, СССР-дің құрылғанына 60 жылдығына орай  әдебиеттерді насихаттап, ағартушылық қызметтерінде сапалы  жүргізіп отырды. Сонымен қатар,  социалистік міндеттемелерді  жариялап,  жар газеттерін, «Найзағай» бұрыштарын ұйымдастыру ол кездегі кітапхананың бірден-бір жұмысы саналды.

 

 

 

Еліміз егемендік алып, Тәуелсіздігімізді паш ету  кітапхана саласының  маңызды жұмысы саналып, ол бағытта кітапханада «Тәуелсіздік қарлығаштары», «Тәуелсіздік тұғырым» атты көпшілік жұмыстарды, кітап көрмелерін ұйымдастырып  мақтан тұтар насихат жұмыстарын жиелеп өткізіп келді.  Егемендігіміздің 10 жылдығын жырлар   байқау кештері,  тақырыптық кештер   оқырмандар арасында көптеп өткізе отырып ,  қазіргі білім мен ғылым жетістіктерін, Елбасының дәстүрлі Жолдауларын, елімізде болып жатқан жаңалықтарды  насихаттау кітапхананың алдына қойған  мақсаты. Сонымен қатар, елдің ертеңі,  келешектің көкжиегі  келер заманның  азаматтарын тәрбиелеу де кітапхананың  алар орны ерекше . Осы орайда кітапханада балалар үшін  көптеген шаралар оздырылу дәстүрі жалғасын тауып келеді.

Насихат жұмыстарын жүргізу әрине  қордағы кітапқа сүйене отырып жүргізілетін жұмыс.  Әтібек ауыл кітапханасының кітап қоры  қазіргі таңда  5784  данаға жетті. Жыл сайын мерзімді басылым түрлері де  тұрақтанып,  оқырман сұраныстарын  қанағаттандырып,  кітап қорының  сапасын толықтырып келеді.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00