Қарауылтөбе ауылдық кітапханасы

Ақжайық ауданындағы, Қарауылтөбе әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы Чапаев ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 90 шақырым қашықтықта, Жайықтың сол жағалауында орналасқан. Тұрғыны 2145 адам. Қарауылтөбе әкімшілік округіне қарасты Қырыққұдық елді мекені бар. Орта, орталау, бастауыш мектептер, мәдениет үйі, 2 кітапхана, дәрігірлік амбулатория және фельдшерлік акушерлік пункт бар.

 

Қарауылтөбе ауылдық  кітапханасы

Қарауылтөбе ауылдық кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының  ішінде 25кв.м  көлеміне орналасқан.

1959 жылы Қарауылтөбе ауылында  кітапхана жұмыс жасай бастаған. Ол кезде «Қызыл бұрыш» атымен ашылған ошақ тұрғындарға мәдени рухани демалыс орталығы қызметін атқарды.

Ауылда алғашқы кітапханашы болып 1959 жылы ақпан айынан Дәулетқалиева Жаңыл апай қызмет еткен, 600 кітаппен “қызыл бұрыш” деп аталып ауыл турғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырған. 1963 жылы 5 мың кітап қоры болып орталық “Қаракөл” кітапханасы болып ашылды. Сол кезде елімізде сауатсыздықты жою жұмыстары жалғасып Жаңыл апай ауыл тұрғындар арасында тәрбиелік жұмысты партия комсомол ұйымдарымен, мектеппен бірлесе жүргізе отырып  жастар арасында «Еңбек даңқы», «Малшылар еңбегі даңқты болсын» атты кештер өткізді, соның ішінде «Нан иісті қолдарды мадақтайық» деген кеш өте қызықты өткені туралы ауыл қарияларынан естіп жүрміз. Осында жақсы жұмыс атқарып, оқырмандарға кітап арқылы дауыстап оқу, түрлі қызықты шаралар өткізгені үшін, “Қазақстанның үздік кітапханашысы” деген дипломмен марапатталған.

1974 жылы Қарауылтөбе кітапханасында Айтмағамбетов Сергей ағай еңбек етіп, кітапханашы білімі болмағанменде ол кездегі жағдайға байланысты кино қондырғы жүйесінің кономеханигіне кітапханашы қызметі жүктеліп шалғайдағы нүктелерге кино көрсетумен қатар, кітап көрмелерін ұйымдастырып, мерзімді басылымдағы жаңалық жаршысы болып отырған.

Тарихи революциялық әдебиеттерді жастар әсіресе, жасөспірім арасында кеңінен насихаттап отыру бағытында Қ.Төлекеевтің «Черкаская оборона», 28-панфиловшыларға ерлігін насихаттауда А.Бектің «Волакалам тас жолы», А.Кузнецовтың «Герои не умирают», Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас» атты киноларын көрсетумен қатар кітаптарынада пікір алмасу өткізді. Осындай өз елінің алдындағы  ұзақ жылдар адал еңбегі үшін есімі Қазақ ССР –нің “Алтын Құрмет Кітабына” жазылды. 1976, 1986 жылдары мәдениет қызметкерлерінің Бүкілодақтық съезіне облыстан 2 мәрте делегат болып қатысқан. “Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері” атағын алып, ауыл тұрғындарының, жалпы кітапхана саласының мақтанышы болып отырды.

Қаменова Ажар апай Қарауылтөбе кітапханасында 1977 жылдан 1984 жылға дейін кітапханашы болып жасады. Өз оқырмандарын тауып, кітапханада кітап көрмелер ұйымдастырып, оқушылар, ауыл тұрғындар арасында шалғайдағы егін бригадаларына шығып КПСС, ВЛКСМ съездерінің материалдарын насихаттап, түрлі тақырыпта көпшілік шаралар өткізген. Кітапхана өзінің кітап коры арқылы оқырмандардың білім дәрежесінің жан-жақты дамуына, адам факторының қалыптасуына әсер етті. Осы бағытта Ажар апай өз кітапханасының кітап корының неғұрлым сан-салалы, терең мазмұнды әдебиеттерге бай болуын қадағалап толықтырып отыруға күш салды. Сонымен қатар  кітапхана жұмысынын жүйелеу бағытында, каталог ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды. Ол үшін кітапханашы  облыс, аудан кітапханаларымен тығыз байланыста болып, семинар-кеңестерге қатысып каталог жұмыстарын ұйымдастырудың  қыр- сырын жете біліп отырды.   

Малдыбаева Қайырлы  2000 жылдан бастап Қарауылтөбе кітапханасының меңгерушісі болып істеп келеді. Қазіргі кітапханада 16909 кітап қоры бар, 702 оқырман кітап алып оқиды. Кітапханада заман талабына сай кітап көрмелер жасақтап, Елбасы Жолдауларын насихаттауда түрлі шаралар ұйымдастырып, оқырмандар арасында қызықты әдеби кештер, оқушылармен ауыл жастарының арасында өткізеді. Баршамызға белгілі өткен тарихымызды  түгендеу ұрпақ санасына сіңіру қазіргі уақыт еншісінде екендігі. Соған байланысты Қарауылтөбе кітапханасында «Туған өлке – туңған шежіре» атты байқауға байланысты жинақтаған мәліметтері, ауыл ажарлы азаматтарымен кездесу кештерінің   оздырылғаны.

Қарауылтөбе ауылдық округіне қарасты  Жыланды ауылында 1960 жылдары тұрғын халыққа мәдени рухани ошақ «Оқырман отауы»  ашылды. Сол жылдардан бермен қарай еліміздің саясатын насихаттап, үгіт насихат жұмысын жүргізіп, білім рухани нәрімен сусындатып осы елді мекеннің көркейюіне көптеген кітапханашылар өз үлестерін қосты. Тоқсан бесінші жылдары тұрғын халықтың көшіп, азаюына байланысты Жыланды ауылдық кітапханасы жабылды.

 

 

 Қарауылтөбе округіндегі кітапханалардың  1985 – 2007 жылдар аралығындағы  оқырмандар, кітап қорының орташа есеппен алынған көрсеткіштері

 Карауылтөбе ауыл округіндегі кітапханалардың 2004-2008 жылдар аралығында мерзімді басылымдар көрсеткіші

 

Сәрсенғалиева Дина 1965 жылы 1-желтоқсанда дүниеге келген. 

2011 жылы Қарауылтөбе ауылдық кітапханасының меңгерушісі болып, 2013 жылы «Кәсіби мамандығының шебері» атты номинациясымен марапатталған.

Аязбаева Светлана Серіковна 1974 жылы 15 мамырда дүниеге келген.

2015 жылы Қарауылтөбе ауылдық кітапханасына кітапханашы болып, қызметке қабылданды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оздырылған «Үздік кітапханашы 2016» байқауында «Кітап жанашыры» аталымын иеленді.    

2016 жылы БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Өтешовадан Аязбаева Светлана «Алғас хат» марапатталды.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ауданымыздың кітапхана ісі мен оқу мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Чапаев ауылындағы ОКЖ директоры Р.Мусағалиевадан Аязбаева Светлана «Алғыс хат» марапатталды.

2017 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Ақжайық ауданының әкімі Ә.Т. Жоламановтың «Алғыс хат» марапатталды.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен, кітапхана ісін алға бастыру жолындағы еңбегі үшін Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Өтешовадан «Алғыс хат» марапатталды.

2017 жылы Қарауылтөбе ауылындағы мәдени шараларға ат салысып, ауылымыздың рухани байлығын арттыруда белсенділік танытқаны үшін «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Саламатовтан «Алғыс хат» марапатталды.

2017 жылы Қарауылтөбе ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы 7-сынып оқушысы Шалабаева Ақтілек Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Мемлекеттік сыйлықтын иегері, ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтың туған күніне орай өткізілген «Артында өшпейтұғын сөз қалдырған» атты XVII облыстық «Жұбан оқулары» байқауына қатысып, ақын өлеңдерін үздік оқығаны үшін Қала әкімінің орынбасары М.Нұржановтың II-дәрежелі «Диплом» марапаттады.

2018 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай, Аязбаева Светлана Ақжайық  ауданының әкімі Ә.Т.Жоламановтың «Алғыс хат» марапатталды.

2018 жылы кітапхана ісін алға бастыру жолындағы еңбегі үшін Жұбан Молдағалиев атындағы ОӘҒК директоры Ш.Уразаевадан «Алғыс хат» марапатталды.

2019 жылы  Қазақстан Республикасы «Қазақстан таланттары Өнер-Білім дамыту шығармашылық орталығы» «Үздік қызметкер» Аязбаева Светлана төс белгісімен марапатталды.

2023 жылы Қарауылтөбе ауылдық кітапханасына кітапханашы  қызметіне Омашова Жанар Сьезовна қабылданды. Кітапхана заман талабына сай кітап көрмелер жасақталып оқырмандар арасында қызықты әдеби кештер, ауқымды шаралар оқушылар мен ауыл жастарының арасында өткізіледі.

2023 жылы Хамза Есенжанов атындағы ОБЖК ұйымдастыруымен Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырзалиевтің туған күніне орай ұйымдастырылған «Қадыр Мырзалиевті оқимыз» акциясына қатысып Айдынғали Жарасқан, Ерсайын Гүлдана, Борес Надежда ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып «Диплом» марапатталды.

2023 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің туған күніне орай Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Жұбан оқулары-2023» байқауына қатысып Газезова Айымгүл «Алғыс хат» марапатталды.

2023 жылы Қазақстаның Халық жазушысы КСРО және  Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, ақын Жұбан  Молдағалиевтің туған күніне орай оздырылған «Жұбан жырлары жүрегімізде» атты байқауына қатысып Абыл Нүркен, Оразбай Арнұр, Самат Бақашар «Алғыс хат» марапатталды.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00