Жайық - әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы- Чапаев ауылынан оңтүстүк шығысқа қарай 5 км жерде орналасқан.
Жер көлемі-20500га. 1996 жылдан ауылдың «Фоефаново» аты өзгертіліп, «Жайық» деп аталады.
Жайық ауылдық кітапханасы
Жайық ауылдық кітапханасы ОКЖ-нің баланстық есебіндегі кітапхана ғимаратында орналасқан.
Жалпы көлемі – 25 кв.м
Жайық ауылындағы әкімшілік ғимаратында орналасқан Жайық ауылдық кітапханасы барлық білім ошақтары секілді өз оқырмандарына ақыл, ой-сана, білім нәрін себуші қасиетті шаңырақтардың бірі болып 1930 жылдарда білім бөлімінің қарауында мектеп жанынан «оқырман отауы»- «изба читальня » атауымен ашылды.
1948 жылы оқырман отауының меңгерушісі қызметін Тухашев Тельман атқарды. ( 1948 жылғы мәдени ағарту жұмыс бөлімінің № 15 бұйрығы)
1954 жылы 20 тамыз айынан бастап (Бұйрық № 69 пр.2) «оқырман отауы» кітапханашысы болып Шарипов Шайхолланы тағайындады.
1959 жылы 10 қыркүйек айынан бұл кітапханада мәдени-ағарту жұмыстарының бөлімінің № 19 бұйрығы негізінде С.Мустафин жұмысқа қабылданды.
1973 жылы ауыл мәдениет үйі ғимаратының бір бөлмесіндегі бұрышта «Қызыл отау» атымен шағын кітапхана ұйымдастырылған. Аудандық Совет атқарушы комитетінің
1979 жылдың 29 маусымындағы № 223 шешімі негізінде Фоефан ауылында кітапхана филиалы ашылды. Аудандық балалар кітапханасының кітап қорынан дублетті әдебиеттер іріктеліп 757 дана кітап және «Қызыл отаудан» жинақталған кітап қорымен алғашқы кітапханашы А.Жұмағалиева қызметін жалғастырды. Ауыл шаруашылық ерекшеліктеріне қарай кітап қорының өзегін жетілдіре түсу мүмкүндіктері ескерілді. Оқырмандарды патриотизмге, коммунистік партия ісіне берілгендік рухында тәрбиелеу ауылдың зиялы қауымы мұғалімдер, мен кітапханашының борышы екені жаңа ашылған кітапхананың жұмысын еселендіре түсті. Оған мысал: сол жылдардың жазбаша есебіне зер салсақ жастар арасындағы көпшілік жұмыс түрінің қызықты түрі- кездесу кештері, Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» атты кештері және конференция өткізілуі ауыл жастарын кітапханаға тарта түсті .Сол кездерде кітапхана орналасқан аймағының экономикалық ,ауылшаруашылық ерекшеліктеріне қарай кітап қорының өзегін жетілдіре түсу мүмкіндіктері ескерілді. Кітапхана өмірінде оқырмандар үшін жасалатын ұшы-қиыры жоқ көпшілік жұмыстарды кітапханашы оқырмандар саябырлағанда қолға алып, кітап көрмесін, кітапхана плақатын даярлауға кірісетін. Және осындай уақытта кітапханашыға ауыл жастары әрдайым көмектесуге әзір. Кітапхананың жүргізген көпшілік жұмыстарына оқырмандардың өздері де атсалысып отырды. Мысалы: Жастар арасында ұйымдастырған «Партия жоспары біздің жоспарымыз» атты ауызша журнал. Кітапханадағы көпшілік жұмыстарды жақсы ұйымдастыра білген А.Жұмағалиева оқырмандармен жүргізілетін жеке жұмыстарға да көңіл бөле білді. Оған себеп кітапхана саласындағы жаңалықтарды, өзгерістерді қалт жібермей және аудан ,облыс орталығында кәсіби білімін ұдайы жетілдіріп отырады.
1980-1990 сәуір айына дейін Р.М.Хамзина кітапханашы қызметін атқарды. Осы жылдары кітапханаға почтаның бір бөлмесі беріліп, көшірілді. Оқырмандарға түрлі тақырыпта көпшілік шаралар ұйымдастырып, жастар арасында Олимпиада чемпионы С.Қонақбаевтың жеңісін насихаттап ауыл түрғындары, жастардың патриоттық сана сезіміне өз ықпалын тигізді. Шалғай нүктелерге, бригадаларға, шопандарға үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырып отыруымен қатар, кітапхана саласындағы елеулі өзгеріс жүйелі кітапхана жұмысындағы каталогты ұйымдастыру жұмысын Райса қолға алды. Ол 1982 жылы 5 тамызда Облыстық аймақтық «Перевод фонда и каталогов на новую систему» атты семинарына қатысып білімін шыңдай түсті.
1990 жылдың сәуірінен 1991 жылға дейін кітапханашы қызметін Абдрахманова Райса атқарады. Бұл кісі экология жағдайына көп көңіл
бөледі. Сол кездің тұрақты оқырманы Базаров М.Ж. айтуы бойынша «Кітапханашы Райса Орда ауданынан болғаннан кейін, сол жақтан полигоннан зардап шеккен халықты, қираған самолетткердің сұлбасын фотосуретке түсіріп, көрме жасап, сол жақтағы халықтың күйінішті халын ауылдастарға әңгімелеп.» шаралар ұйымдастырып отырды.
1991-2004жж Ералиев Сайын кітапханашы қызметін осы жылдары атқарды. Кітапханаға қосымша екі бөлме беріліп оқырман залы, абонемент бөлімдері оқырмандарға қызмет көрсетті. Қайта құру қоғамдық өміріміздің барлық саласына жетілдіруді талап етуімен кітапхана саласына да жаңа өзгерістер еңгізе бастады. Осыған байланысты Сайын ағай еңбек еткен кітапханада «Тәуелсіздік қарылғаштары», «Өз тіліңді құрметте», т.б шаралар оқырмандар арасында тартымды ұйымдастырылды. Ауыл жылдарына байланысты «Ауыл –алтын бесік» кең қанатты кітап көрмесін, «Ауыл азаматымен ажарлы» кездесу кештері, жастар арасында патриоттық сана сезімін қалыптастыру ұлт жандылық рухты тәрбиелеуге байланысты С.Мұқановтың «Ботагөз» романына, С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғак кешу», романдарына пікір алмасу, әдеби кештер ұйымдастырып өткізді.
2004- 2007 жылдың қазан айына дейін жас маман Темірғазиева Әлия кітапханашы қызметін атқарып келеді. Заман талабына сай кітапхана жұмыстарына да жаңаша көзқараспен кіріскен кітапханашы Әлия ауыл тұрғындары арасында мәдени көпшілік шаралар ұйымдастыруымен қатар қазіргі таңдағы кітапханашы үлесі өлкетану, өткен тарихымызды таразылау, түгендеу бағытындағы жұмыстарды ерекше ұйымдастырып өткізіп келеді.
Бала күтіміне байланысты қазіргі таңда кітапханашы қызметін уақытша Ғиылманова Г.Ғ. атқаруда. Ауыл тұрғындардың арасында «НұрОтан» ХД партия мүшелерінің төрайымы міндетін атқарып жүрген Гүлнар осы бағыттада жастармен, оқушылармен жұмыс жүргізуде. Оқырмандармен тығыз байланыста болып ауыл, аудан шараларына белсене қатысып отырады. Кітапханада кітап көрмелер, көпшілік шаралар түрлі тақырыпта өткізіп, жасөспірімдірге,балаларға қызықты жаңа заман талабына сай шаралар өткізуде.
Кәсіби білім шыңдау бағытында өткізілген аудандық «Кітапханашының заман талабына сай үндесуі» атты кәсіби кеңесте Гүлнар белсене қатысып «Оқырманға жаңа заман талабына сай қызмет көрсетуде» өзін жоғары көрсете білгені үшін алғыс хатпен марапатталды.
Жайық ауылдық кітапхананың 1985-2007 жылдар аралығындағы оқырмандар, кітап қорының орташа есеппен алынған көрсеткіштері
Жайық ауылдық кітапханасының 2004-2008 жылдар аралығында мерзімді басылымдар көрсеткіші