Жаңабұлақ ауылдық округі Кожехар ауылдық Кеңесінің ізінде 1994 жылдың қаңтарында құрылды. Жаңабұлақ - ауыл округінің орталығы. Аудан орталығынан сол батысқа қарай 18 шақырым жерде, жайықтың оң жағалауында орналасқан. Тұрғындар саны- 1417 мың адам. Округке қарасты бастауыш мектеп, негізгі орта мектеп, дәрігерлік- амбулатория, фельдшерлік пункт, мәдениет үйі, 2 кітапхана бар.
Жаңабұлақ ауылдық кітапханасы
Жаңабұлақ ауылдық кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының екінші қабатында 52 кв.м көлеміне орналасқан.
Бүгінде Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында мәдениеттің қарашаңырағы, ақпарат болып Жаңабұлақ ауылдық кітапханасы қызмет етеді.
1946 жылы алғаш колхоз құрылған жылдары ауыл тұрғындарына сауаттылығын, мәдениетін көтеруге бағытталған “Оқырман отауы” ашылды, ол кезде «қызыл бұрыш» аудандық білім бөлімінің құрамында болды. 1950 жылдары «Қызыл бұрыш» мәдени ағарту жұмыстарының бөлімінің қарауына беріліп, автоклубпен қызмет көрсету түрлері еңгізіліп, ауылдан қашық егін, шопан бригадаларына барып қызмет көрсету жұмыстары қызу қолға алынды.
1949 жылдың мәдени ағарту жұмыстары бөлімінің 1949 жылғы 10 мамырдағы 3 бұйрығы негізінде Кожехар ауылдық советі «оқырман үйі» меңгерушісі болып Райса Горбунова жұмысқа қабылданған.
1950 жылы №10 бұйрық 13-ші сәуірден Кожехар ауылындағы кітапхана меңгерушісі Ф.Козьева жұмыстан босатылып, орнына Борзиков Петр Афанасьевич жұмысқа қабылданған.
1951 жылдың 24 қыркүйек айынан мәдение ағарту жұмыстары бөлімінің № 33 бұйрығы негізінде Кожехар ауылындағы «оқырман үйінің» меңгерушісі қызметіне С.Абдрахманов қабылданды.
1953 жылы 1 қаңтар айынан бастап «Оқырман үйі» кітапханашысы болып Н.И.Лухманова атқарды.
1955 жылы 26 қыркүйек айынан бастап (Бұйрық № 124 пр.1) кітапханашы қызметін М.Абатова жалғастырды.
1958 жылы 1 ақпан айынан бастап (Бұйрық № 12 пр.2) Ахлима Мұшағалиева кітапханашы қызметін атқарды.
1959 жылы 15 мамыр айынан (Бұйрық № 78 пр.1)бастап «Оқырман үйінің» кітапханашысы болып А.Сәрсенбаева қызмет атқарды.
1959 жылы 14 қыркүйек айынан бастап (Бұйрық № 119 пр.2) Шукунов Генадий Лаврентьевич кітапханашы қызметін атқарды.
1960 жылы 29 ақпан айынан бастап (Бұйрық № 129 пр. 1) «оқырман үйі» кітапханашысы Мұшағалиева Ақлима тағайындалды.
1971 жылы 1 қыркүйек айынан бастап кітапханашы қызметін Р.Сисенова атқарды.
1978 орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне енгізілді.Осы жылға дейін ауылдың мәдени рухани өміріне атсалысып келген «Қызыл бұрыш» ендігі жерде кітапхана болып аталды.
1978 жылы әкімшіліктің ғимаратының бір бөлмесі кітапханаға беріліп кітапханашы болып Ажгереева Шолпан Сұлтанқызы көп жылдар бойы Кожехар ауылдық кітапханасында еңбек етіп, кітапхана жұмысына өз үлесін қосты. Кожехар ауылында кітапханашы болып жұмыс істеген кезінде ауыл тұрғындарының арасында насихат жұмыстарын жүргізіп, оқырмандар арасында әңгімелер, кештер, әдеби сайыстар ұйымдастырды.
Елімізде мәдени ошақтардың жаңадан бой көтеруіне орай 1979 жылы Жаңабұлақ (Кожехар) мәдениет үйі ғимараты салынып, мәдениет үйінің ішінен кітапхана ашылды. Кітапхана мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан.
1991-2001 жылдар арасында Амандосова Меңсұлу Ермекқызы кітапханашы болып еңбек етті. Кітапханада Оқырмандармен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеп, кітапханада жастарға «Жарқын» мүдделестер клубын ашты. Тәуелсіз еліміздің қарылғаштарын, тарихымызды түгендеу, тілімізді дінімізді насихаттау жұмыстарына кітапханада көптеген шаралар оздырылды.
2001-2002 жылдар аралығында Құбаева Айнұр Батиханқызы еңбек жолын бастап қызмет етті.
2002 жылдың мамыр айынан еңбек жолын бастап 2006 жылдың қыркүйек айына дейін Хадесова Динара Кеңесқызы еңбек етті.
Осы еңбек еткен жылдар арасында Елбасы Жолдауын насихаттап кітапханада түрлі жаңа бағыттағы кітапханалық шараларды ұйымдастыра білген Динараның еңбегі еленіп, 2004 жылы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізген «Үздік кітапханашы» байқауының жеңімпазы атанды.
Қазіргі кезде Жаңабұлақ ауылдық кітапханасында Есимова Айгүл Күнболатқызы кітапханашы болып қызмет етеді. Өз оқырмандарын тауып, кітапханада түрлі тақырыпта көпшілік шаралар өткізіп отырады. Жаңабұлақ ауылдық кітапханасы ақпараттық және анықтамалық жұмыс жүргізіп, кітап қорын, анықтамалық ақпарат жұмысын ұйымдастырады. Кітап көрмелеріне шолулар жүргізіп, мәдени көпшілік шаралар өткізеді. Кітапханаға қарасты кішігірім Косшығыр ауыл кітапханасына әдістемелік көмек көрсетіледі.
Жаңабұлақ ауылдық кітапханасының 750-ден астам тұрақты оқырманы бар. Кітап қоры 12178 мың данадан асады.
Жаңабұлақ ауылдық кітапханасы жыл бойына оқырмандарға еліміздің саясатын экономикасын, Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауын насихаттау және оларды қастерлей білуге баулып, іс шаралар өткізіп 2030 жылға дейінгі Қазақстанның дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда, еліміздің келешегі мен бүгінгісін танытуда әдебиеттерді насихаттауда өз жұмыстарын жүргізіп отырады.
Жаңабұлақ ауыл округіндегі кітапханалардың 1985-2007 жылдар аралығындағы оқырмандар және кітап қорының орташа есеп көрсеткіші.
Жаңабұлақ ауыл округіндегі кітапханалардың 2004-2008 жылдар аралығында мерзімді басылымдар көрсеткіші.
2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Нургалиева Гулсим Жаксыгереевна қызмет етуде.
2016 жылдың сәуір айынан бастап Балхашева Жұлдыз Қуандыққызы қызмет етуде.
2017 жылы Жаңабұлақ ауылдық модельді кітапханасы болып ашылды.
2018 жылы Жаңабұлақ ауылдық кітапханасындағы Коворкинг орталығы болып ашылды. Ашылу салтанатына қатысқан Астанадан «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының төрағасы Нұрлан Өтешов лентасын қиды. Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Аян Сақошев, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Шолпан Оразаева, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Звайда Өтешова, бөлім, мекеме басшылары, жастар, ауыл тұрғындары қатысты. Ауылдағы модельді кітапхана базасында ашылған коворкинг орталығы 4 алаңнан тұрады.
Соның бірі «Relax» аймағында бос уақытты тиімді өткізуге – караокемен ән айтуға, домбыра, гитара шертуге, өнер, музыка тақырыбында кітап оқуға, тоғызқұмалақ, шахмат, тағы басқа ойын ойнауға болады. Ал «Kids coworking center»-де балалар қауіпсіз сайттарды пайдаланып, қолөнер үйірмесіне қатысады, қуыршақ театрының қойылымдарын тамашалайды. Ал «Рухани жаңғыру» алаңында түрлі форматтағы кітапханалық-ақпараттық ресурстарды пайдалану, шеберлік-сабақтарын, зияткерлік ойындар, дәрістер өткізу қарастырылған. Осы алаңдағы English club-та «Латын әліпбиі графикасы», «Компьютерлік сауаттылық», «Шығармашылық атмосфера» бұрыштары жасақталған. Open-space ашық кеңістік алаңы wi-fi аймағы ретінде пайдалануға беріліп, мұнда бизнес-серіктестік, іскерлік құжаттар жасақтауға болады.
2019 жылдың 27 шілдесінде Жаңабұлақ ауылында туған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Саялбек Ғизатовтың «Жаңабұлақ тарихы» атты монографиясының тұсаукесері өтті.
1937 жылы Қиыр Шығыстан бірнеше корей отбасының Жаңабұлақ ауылына қоныстанғаны – тарихтың беттері. 1937 жылдың суық қарашасында 162 адамнан құралған 41 отбасының осы біздің ауылға күштеп көшірілген. Кейін ұрпақтарын тауып, облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Ан Виталий Константинович 2019 жылдың 27 шілдесінде өткен "Жаңабұлақ тарихы" атты монографияның тұсаукесеріне арнайы Ақсайдан келіп, тебірене сөйлеп, сахнада иіліп тұрып қазақ халқына алғысын айтты.
2019 жылы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» облыстық фестивалінде Жаңабұлақ ауылдық кітапханасы «Үздік ауылдық кітапхана» дипломмен марапатталды.
2019 жылы Астана қаласының «Рухани қазына - 2019» Республикалық байқауына қатысқаны үшін Жаңабұлақ ауылдық кітапханасыдағы Коворкинг орталығы Министр А.Мұхамедиұлының алғыс хатымен марапатталды.
2023 жылы мамыр айында ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерінің, «Тәуелсіздікке 10 жыл», «Тәуелсіздікке 25 жыл», «Тәуелсіздікке 30 жыл» мерекелік медальдарының иегері. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қаламгер, жазушы, ардагер ұстаз Дариға Ғазезқызы Мұштановамен кездесу кеші өтті.
2023 жылы шілде айында Алматылық жас әнші, айтыскер ақын, бірнеше республикалық айтыстың жеңімпазы, сазгер Бестенқұлов Айбек кітапханамыздың қонағы болып, Бисенғалиев Әсеттің жүргізуімен оқырмандардың қатысуымен әсерлі кеш өтті.