Самал ауылдық кітапханасы

Самал ауылдық кітапханасы мектеп  ғимаратының 25 кв.м көлеміне орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

1940 жылдар шамасында білім беру бөлімінің  қарауында Барановка бастауыш мектебі ашылды . Ол кездегі саясатқа байланысты мектеп жанынан мектеп оқушыларына, ауыл тұрғындарына  насихат жұмыстарын жүргізу үшін «Оқырман отауы» қызмет істеді. Ол кезде кітапханашылар өз қызметін мектептердегі оқу тәрбие жұмыстарымен қатар «Еліміздің коммунизмге бірте-бірте өту жолдарын белгілеп берген » партияның ХІХ сьезд шешімдерімен тығыз үштастыра отырып жұмысын жүргізді.

 

1957 жылдың  15 наурыз айынан бастап (Бұйрық № 25 пр.2А.Ихсанов кітапханашы қызметін атқарды.

1959 жылдың  1 қараша айынан бастап (Бұйрық № 117 пр.2) Р.Сатенова кітапханашы қызметін атқарған.

1960-1961 жылы Нұрсұлтанова Күләш Барановка ауылында  «Оқырман үйінде» кәсіби білімді кітапханашы болып қызметін атқарды. 

1961-1968 жылдар аралығында Хабиева Тойған Хабиқызы Барановка ауылындағы «Оқырман үйі» кітапханашысы болып қызмет атқарды.

1980 жылдың  1 қазанынан бастап Чапаев аудандық ОКЖ – бойынша  Бударин ауылдық округінде Барановка ауылдық кітапханасы  халық –шаруашылық жоспарының келісімі бойынша ашылды.

 

Алғашқы кітапханашы болып Мұсағалиева Күләнда жұмыс істеді. Колхоздың бас экономисі  Хабиев, ауыл түрғыны Қ. Анесов, өздерінің  жеке  кітапханасынан 1000 дана, Лбішін кітапханасынан – 1000 дана, Горячкин кітапханасынан – 500 дана, Батурин ауылдық  кітапханаснан- 500 дана  кітабын әкеліп берді. Кітап жинайтын сөрелер де жұмыла қолдан жасалды. Осылай Барановка ауылында  кішігірім кітапхана ашылып, ауылдың қуанышына айналды. Кітапхана  қоғамдық ұйымдармен  бірлесе отырып, социалистік жарыс қорытындыларын шығарып, оның жариялануына жағдай жасап, қабырға газеттері, бюллетендер шығарды.Ауыл шаруашылық жоспарын жүзеге асыру бағытында кітапхананың ең басты міндеті-  ауыл шаруашылық әдебиеттерін  насихаттау. Еңбекшілердің бос уақытымен демалысын, творчестволық мәдениетті де мазмұнды тынығуын  ұйымдастыруда кітапхана қызметінің негізгі бір саласы. Атылмыш кітапханада еңбек тәрбиесіне байланысты кітапханалық шаралар көптеп  ұйымдастырылып жалғасын тауып келеді. Еңбекшілердің арасындағы озат көрсеткіштерін дәріптеп оларды жастар арасында ұлағаттауға байланысты «Еңбек кереметтері», «Адам еңбегімен даңқты» кітап көрмелер, түрлі үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп отырды.

 

1988 жылдан  кітапхана қызметін жалғастырып келе жатырған  Мусағалиева Қарылғаш  ауыл тұрғындары әсіресе жасөспірімдермен тығыз жұмыстануда Қазіргі уақытта  сол кездегі өзат еңбекшілердің ауыл тарихы қойнауына еніп бара жатырған ұлағатты істерін дәріптеп  «Ауыл азаматымен ажарлы», «Ардақты ауылдастар»,  тақырыбында  кездесу кештерін өткізу дәстүрге айналған. 

 

2003 жылы 3 науырызынан аудан әкімінің шешімі негізінде ауыл атауларын өзгеруіне байланысты  Самал ауылдық кітапханасы болып өзгертілді.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00