Ауданның ең теріскей өңіріне орналасқан әкімшілік құрылымы. Шығысы мен батысында Жайық және Көшім өзендерімен, күнгейі- Жаңабұлақ ауылдық округімен шектеседі. Орталығы – Бударин ауылы. Халқының саны – 2400, Округке қарасты Самал (Барановка), Коловертное ауылдары бар. Округ бойынша 3 мектеп, 3 дәрігерлік бөлімшелер, шаруа қожалықтары, сауда саттық орындары бар.
Бударин ауылдық кітапханасы
Бударин ауылдық кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының 42 кв.м көлеміне орналасқан.
Аудан ішіндегі көпшілік кітапханалар сияқты Бударин ауылында да алғашқы кітапхана 1930 жылдары білім бөлімінің қарауында Бударин орталау мектебінің жанынан «оқырман отауы» болып ашылды. Ол кезде кітапхананың басты қызметі ауылдағы сауатсыздықпен күрес болды, осындай бағытта қызмет түрлерін жоспарлап, дауыстап оқу түрлерін ұйымдастырып отырды.
1948 жылдары мәдени ағарту жұмыстары бөлімінің қарауына алынған кітапхана өз жұмысын насихат жағына бейімдеп жалғастыра берді.
1952 жылы Бударин ауылындағы кітапханаға кітапханашы болып С.Мусина қызметке алынды. (мәдениет бөлімінің №12 бұйрығы 1952 жыл. 15 мамыр)
1952 жылы 18 қыркүйек айынан бастап кітапхана қызметін С.Истаева жалғастырды.
1953-1958 жылдар аралығында кітапханашы қызметін А.А.Лютикова атқарған.
Бударин ауылдық кітапханасының 1958 жылы екі бөлмелі шағын үйдің бір бөлмесіне орналасып, жұмысын жалғастырды.
1959 жылы мәдениет бөлімінің 1959 жылғы № 67 бұйрығы негізінде Бударин ауылындағы кітапханаға меңгеруші қызметіне М.А.Гусаков қабылданды.
Ауыл халқының мәдениетін арттыру жолындағы күресте басты роль атқаратын келелі саланың бірі – кітапхана жұмысы. Кітапхананың еңбек адамдарының өмірінде алатын орны ерекше. Солай болғандықтанда да халықта «Кітапхана - білім қазынасы » деген аталы сөз бар. Ауыл еңбеккерлер арасындағы идеологиялық саяси – тәрбие жұмыстарын мазмұнды, маңызды етіп жүргізуде сол кездерден – ақ ауыл кітапханасының атқарған ролі өте зор.
Кітапхана қызметін жан – жақты дамыту оны жаңа биіктерге көтеруде әр жылдары қызмет еткен кітапханашылар да елеулі үлес қосты.
Айтатын болсақ, 1959-1962 жылдар аралығында Нугманов Құспан ағай, Тойған Хабиева, Ермұханова Манаура оқырмандарға үздіксіз қызмет атқарып, кітап оқуға баулып, ауылдың мәдениетін көтеруге атсалысып, кино корсету жұмыстарын қатар атқарды. Ауыл тұрғындарына КПСС сьездерінің шешімдері, КПСС Орталық Комитетінің жарлықтарын насихаттауда түрлі жұмыстар, дауыстап оқу, кітап көрмелеріне шолулар өткізді. Сонымен қатар әр жылдардың өз үлесіне байланысты саяси- насихат жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыра отырып 1960-1970 жылдар аралығында жастардың заманға деген құштарлығын арттыру мақсатында В.И.Лениннің өмірі мен қызметі туралы әдебиеттерді насихаттауды, совет халқының тарихи – реворлюциялық және ерлік дәстүрлері туралы, комсомолдың еңбектегі жетістіктерімен ерлік істері және тарихы туралы, Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар туралы баяндайтын әдебиеттерді насихаттау жұмыстарын көптеп өткізді. Осындай жұмыстарды кітапханашылар атқара отырып шалғай елді мекендегі тұрғындарға да кітапханалық жұмыс түрлерін, көркем әдебиеттерді, мерзімдік басылым беттерімен таныстыру, шопан егіншілердің социалистік міндеттемелерін орындауларына күш жігер қоса «Найзағай», «Социалистік міндеттемелер көрсеткіші» тақырыптарына жар газетін ұйымдастырып кино көрсетіп түрлі насихат жұмыстарын жүргізіп отырды.
1961 жылы 13 шілде айынан бастап (Бұйрық №150 пр.2) кітапханашы қызметін Абдрахманова Фарида атқарды.
1979 жылдың 6 ақпан айынан (Бұйрық № 4 пр.5) Боранбаева Мадина, кітапхананың меңгерушісі болып қызмет атқарды. Қай заманда да, қай қоғамда болмасын уақыт талабына сай санасын, оның ойлау қабілеті мен тәртібі, мәдени деңгейін жоғары сатыға көтерудің бірден – бір жолы адамның рухани өрісін арттыру болса, осы орайда кітапханашылар оқырман қауымды ізгілікке, парасаттылыққа, тағы да басқа да игі қасиеттерге баулыған. Фарида апай жас жеткіншекке рухани азық кітаппен сусындатуда еңбегіне қарай мақтау қағаздарын алып оқырманның алғысына бөленген. Жұмыстарын жемісті ете отырып ауылдық кітапхананы мәдени ортаға айналдыра білді.
Кітапхана– күллі байлықтың кілті, адамзаттың ең қастерлі қазыналарын ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыратын білім шаңырағы.
Арада өткен 40 жыл бойы аталған кітапхана ауыл тұрғындарына руханият ордасы болып келеді. Кітапхананың 600 – ден астам оқырманы заман талабына сай материалдық – техникалық жабдықтарды пайдаланады. Компьютерді пайдаланып, сол арқылы интернет жүйесіне шығуға жетісті. Кітапханалық жұмысты автоматтандырылған жүйеге еңгізу «КАБИС» бағдарламасы арқылы жүргізілуде.
Елбасының 2003-2005 жылдарды « Ауыл жылы » деп жариялануына байланысты ауылдық кітапхана күрделі жөндеуден өткізіліп, жылу жүйесі жүргізілді. Қазіргі таңда ауыл оқырмандарының алтын қоры, білім мекені болып саналатын өнер ордасы ауылдық мәдениет үйі мен кітапхана біркелкі жөндеуден өтіп, бұрынғы жадау, жабырқау күйінен арылғандай болды. Бүгінде республикамыздағы жүріп жатырған әлеуметтік- экономикалық өзгерістер кезеңінде халықтың рухани қайнар көзі ауыл мәдениетіне де қаржылай қолдау көрсетілуінің нәтижесінде жағдайы жылма жыл жақсарып келе жатырғандығын ерекше атап айтуға болады. Бұған дәлел ауылдық мәдениет үйі мен кітапхананың бүгінгі заман талабына сай, жаңа жүйеде жаңартылып жабдықталуы.
Қазіргі таңда ақпарат қоғамындағы кітапханалардың көрсететін басты қызметтерінің бірі ақпарат қеңестігіне жол ашу, білімді қалыптастыру, озық тәжірибелермен алмасу болып отыр. Осы бағытта Будирин ауыл кітапханасында 2006 жылдың маусым айында ОКЖ құрамындағы кітапханашылардың қатысуымен. «Кітапханадағы библиографиялық ресурстар: мәселемен негізгі даму бағыттары» зерделі кеңесі өтті.
Ауыл мәдениетін көтеру, дамыту бағытындағы оңды істер жалғасын тауып келеді. Осы тұрғыда 2007 жылы мәдениет саласы қызметкерлерінің «Ауылдық жерлерде мәдени қызмет көрсетуді дамыту» республикалық – аймақтық семинар –кеңесінің басталу сәті Бударин ауылындағы мәдениет үйінде өтті. Семинарға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Ы. Бөребаев, министрдің кеңесшісі С.З.Баймағамбетов қатысып мәдениет үйі кітапханаға саяхат жасау, «Табиғат – ұрпақ игілігі» атты әдеби – экологиялық композицияны тамашалап жоғарғы баға беруі ауыл турғындарына мәдениет қызметкерлеріне үлкен мақтаныш.
Заман талабына байланысты әртүрлі шығармаларды насихаттауда кітапхана жұмыстарына істің жаңа түрлерін, әдістерін енгізу арқылы оқырмандарды кітапханаға тартуда белсенді жұмыстар жүргізе отырып, мекемелермен тығыз байланыста. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып ауыл оқырмандарына сапалы қызмет көрсету аясын кеңейтіп, оны тұтынушы ретінде оқырмандарға пайдалануға қолайлы жағдайы қарастырылады.
Кітапхананың және өзінің де кәсіби деңгейін үздіксіз көтеріп, ауылдастары арасында үлкен беделге ие болып жүрген ауданның үздік кітапханашысы Әсима 20 жылдан астам осы білім ордасында үздіксіз ауыл оқырмандарына қызмет етіп келеді.
Құлетова Асима Жанұзаққызы 1991 жылдың ақпан айынан Бударин ауылдық кітапханасында жұмыс істеуде. Бүгінде Бударин ауылдық кітапханасының қарамағында екі бөлімшелік кітапхана кітап беру арқылы мәдени қызмет көрсетуде. Кітапхана өзінің кітап қорын ОКЖ арқылы жаңа әдебиеттермен толықтырып отыруда.
Кітапхана өзінің қалыптасу кезеңінен бастап адамзаттың барлық мәдени жинақтаушы, ғылым мен білімді таратушы ағарту ордасы және тұрғындардың кәсіби деңгейін білімін жетілдіретін маңызы зор ақпараттық ресурстардың жүйелеген қоры шоғырланған орталық болып табылады. Оқырманды жан – жақты толық, жедел ақпаратпен қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз. Бүгінгі күнде кітапхана әр түрлі оқырманға қызмет етеді. Олар мекеме, ұжым қызметкерлері, зейнеткерлер, мұғалімдер мен оқушылар, студенттер. Кітапханада қандай да шара болмасын, солардың барлығы осы оқырман топтың қатысуымен жүзеге асып жатады.
Әрбір кітапхана рухани мұра кітапты насихаттап, оқырмандардың білімге деген құштарлығын қанағаттандыруда, мамандықтарын арттыру жөнінде әдістеме бөлімі ауылдық кітапханаларда семинар, кеңестер, жаттығу сабақтарын өткізіп отырады.
Еңбектегі жемістері және кәсіби шеберлігі үшін кітапханашы А.Құлетова 2004 жылы « Жылдың ең үздік кітапханашысы » (суретте) атты аудан әкімшілігі атынан алғыс хатпен, 2005 жылы ауыл әкімшілі атынан «Ауылды өркендетуде қосқан үлесі» атты грамотасы, 2006 жылы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қажырлы еңбек жолындағы жетістіктері үшін кітапханашылар күніне орай «Құрмет грамотасы» табыс етілді. 2007 жылы «Кітапхана ісін модернизациялау» және «Оқитын Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру бағытында ауыл кітапханаларының қоғамдағы беделін арттырып, мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған
«Үздік ауыл кітапханасы» (суретте) облыстық байқауында 1-орынды иеленіп, 1-дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Кітап қорын толықтыру бүгінгі күннің үлкен сұранысы біріншіден алған кітапты өз дәрежесінде ұстау, жаңа оқырмандарға кітап ұстау ережесін айта отырып, уақытында тапсыруды үнемі қадағалап отыр. Жылына екі рет рақымшылдық айын өткіземіз хабарландыру жазып сол арқылы оқырмандарды жинай отырып оларға кітапты оқу, оларды қастерлеу, кітапты жоғалтпай кейінгі оқырмандарға жеткізу керек екендігі айтылады. Ал кітапты толықтыру тек аудан, облыс көлемінен бөлек біздерде кітапханада « Рақымшылдық айлығын » өткізіледі Рақымшылдық айында өзінің жеке кітап қорынан Кжикаев Тельман есімді азамат 5 кітап берді. Абдрахманов Салық 3 кітап берді. Абулхайырова Күнзира 4 кітап өз кітап сөресінен тапсырды.
Мүгедектерге, көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға қызмет көрсету бағытында үйлеріне барып мерзімді басылым беттеріндегі жаңалықтарды дауыстап оқу, үйге жеке тыңдауға жазба кассеталарды апарып беру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Балаларды, жасөспірімдерді кітапханаға көптеп тартуда «балалар кітапты оқымайды» деген тар ұғымның орнына Әсима ұйымдастыру қабілеттілігі, кәсіби біліктілігі арқасында кітапханада «кітаптар емханасы» кішкентай оқырмандарымен, жасөспірімдермен
«Жас өлкетанушылар» клубын ұйымдастырып әрдайым оқырмандарды кітапханаға тартуға жұмыстанады. Оқырмандардың белсенді активі 5 сынып оқушылары үнемі кітапханадағы шараларға қатысып тұрады. Жылжымалы кітапхана жазғы демалыс лагерьлеріне барып тұрады. «Жазғы демалыс кітаппен » атты кітап көрмесі шығарылды.
Бударин округіндегі кітапханалардың 1985 – 2007 жылдар аралығындағы оқырмандар, кітап қорының орташа есеппен алынған көрсеткіштері
Бударин ауыл округіндегі кітапханалардың 2004-2008 жылдар аралығында мерзімді басылымдар көрсеткіші.