Қызылжар ауыл кітапханасы

Қызылжар ауылдық кітапханасы мектеп ғимаратының 25 кв.м көлеміне орналасқан.

 

 

 

 

 

 

Базартөбе ауылы  аудан орталығынан 115 км оңтүстік- шығысқа қарай Жайық өзенінің сол жағалауына орналасқан елді мекен. Округке қарасты  Қызылжар ауылында 1 негізгі мектеп, фельдшерлік пункт, кітапхана жұмыс істейді. Совхоз болып 1966 жылы құрылды. Сол жылдардың саясатына орай клубпен бірге орналасқан  кітапханада қызмет атқарған Асанова Ағиба егін бригадаларына шопандарға ,шалғай елді мекендерге кино көрсетіп, көркем әдебиеттер таратып, мерзім басылым беттерінен жаңалықтар оқып, саясат негізінде  үгіт насихат жұмыстарын жүргізді . 1974 жылы кітапхана клубтан бөлініп, бөлек ғимаратқа көшті.

Сол жылдары 1974-1977 жылға дейін  кітапханашы болып Омарова Ұлмекен  қызмет атқарған уақытта  кітапхана ісі жандана бастап, кітапханада ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету барысында каталог, картотекалар ұйымдастыру қолға алынды. Кітапханада әр жылдары істеген кітапханашылар: Айсахаева Зипаш, Тлеумағамбетова Гүлайым, Сейфуллина Жансұлу, Досмуханова Алтын, Ақжанова Кенжетай, Саргелекова Гүлмира,  азгантай  жылдардан жұмыс істегенімен ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуде өз үлестерін қосты. 1984 жылы кең де жарық комплексті жаңа ғимаратқа көшірілді. 1984 жылдың 10 қырқүйегінен 1988 жылдың желтоқсан айына дейін Жолдыбаева Ақтойған кітапханашы болып істеді.

1989 жылдың 3 қаңтарынан бастап  Жұмабаева Анар кітапханашы  болып жұмыс істеп келеді. Қызылжар ауылының малшы шопандары, пішен бригадалары «Алтынқора», «Мәулімберлі», «Коммун», «Лабах», «Жаманкөл», «Құдияр», «Қарқап», «Таймас», «Жиес», «Қопа», «Қожа», «Балапан» нүктелеріне қатынасып  жылжымалы кітапхана жұмысын жалғастырып келеді. Пішен науқаны кезінде пішен бригадаларында барып, лекциялар оқылып, «Механизатор», «Кім алда», «Кім озат» деген  тақырыпта қабырға газеттері шығарылып, малшы-шопандар, пішен бригадаларына әдеби кітаптар апарылып, түрлі мәдени шаралар өткізді.

Қазіргі уақытта  жас оқырмандарды, жастарды кітапханаға көптеп тартуда оларды кітап оқуға баулуда кітапхананың ролі ерекше.  Осыған орай Анар оқырмандар арасында өткізген «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Менің оқыған кітаптарым», т.б. шаралары үлі тұтарлық.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00