Алмалы ауылдық кітапханасы

Алмалы ауылдық округі Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылынан  127 шақырым жерде, Жайық өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан елді мекен. Халық саны 1,8 мың адам.

Ауылдық округіне  карасты Атамекен, Жантемір елді мекендері бар.

 

 

 

  

Алмалы ауылдық кітапханасы

 

Алмалы ауылдық кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының 68 кв.м көлеміне орналасқан.

 Ауылдық орталық кітапханасының ірге тасы 1963 жылы Котельников совхоз жанынан құрылған.Бастапқыда кітап қоры 1100 дана.

Алғашқы кітапханашылардың бірі Қадыргалиев Машан деген атамыз  кітапхананың жандануына зор үлес қосты деп айтуға болады.Ол еңбек еткен жылдары кітапханаға кµптеген  оқырмандарды тарта білді. 1963 жылдан 1976 жылға дейін еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты.

1976 жылдан бастап Камиева Роза апай кітапхана  жұмысына белсене   кірісті, өзін  жас кәсіби  маман ретінде таныта білді. В.И.Лениндік рухани мұраны, партиямыздың тұрлі қаулы-қарарларын насихаттап көпшілк арасында таратып түсіндіру арқылы еңбекшілерді Коммунистік сенімге тәрбиелеуде Роза апайдың  жинақтаған тәжірибесі аз емес.  Совет адамының, ең алдыменен жастардың адамгершілік  қасиеттерге тәрбиеленуінде  кітапхананың ықпалы зор. Алдыңғы қатарлы жұмысшылардың үлгісі – еңбек тәрбиесінде  маңызды ролін тәрбиенің ықпалды құралына айналдыру үшін еңбек озаттарына арналған портрет кештері мен олардың озық істерін бейнелейтін «Найзағай», жар газет, плакаттарын шығарумен қатар кітапханада өткен «Өз мамандығымды мақтан етемін» атты озат жұмысшымен кездесу кеші мысалға келтіруге болады.  

Көпшілік шара өткізумен қатар, кітапхана ісінде жаңашылық дамыту бағытында кітапханада ақпарат жұмыстарын, каталог пен  картатекаларды ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды. 

1983 жылдан кітапхана жас маман,жоғары білімді  Хамитова Алуа  жалғастырады. Ол кісі кызмет еткен жылдардан кітапхана жұмысы ерекше жанданып көпшілік оқырмандарға барынша мүмкіндігін жасады. Хамитова Алуа өз ісінің шебері деп айтсак жаңылмайтын шығармыз. Себебі 1984 жылы кітапханаға ауылдық мєдениет үйінің жанынан салынып  халыққа жаңадан қызмет жасауына мүмкіндігі туғызып сонымен қатар өз жұмысын жақсы меңгерген.  А.Хамитова әрбір кітапханада өткізілетін іс-шараларға  зейін салып, көпшілік оқырмандармен жаксы қарым-қатынас орната отырып, әрбір оқырманның кітапханаға қызығушылығын арттырып кітапхананың жұмысын жақсы деңгейге жеткізді. Кітапханадағы шараларға мектеп оқушыларын арнайы шақырып ұлағатты біліммен, елін, жерін сүйюге, елінің патриоты болуға бағыт-бағдар беріп отырған. Алуа өз мамандығының шебері екенін ауыз толтырып айтуға болады. Ол кісі қызмет атқарған жылдарда өз білімін шыңдай отырып аудандағы тәжірибелік кеңестерде, аудан бойынша өткізілген кітапханашылар байкауына белсене қатысып биік-биік шыңдардан көріне білді. Аудан бойынша өткізілген  байқауларға белсене қатысканы үшін мақтау қағаздармен, алғыс хаттармен марапатталды. 1996 жылы өткізілген Тайпақ ауылдық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде аудан бойынша "үздік кітапханашы" байқауында 1-нші орынға ие болды. 

1996 жылы күз айынан бастап Алмалы ауылдык  кітапхана  жұмысын Тапалов Жоламан Қыдырашұлы  жалғастырды. 8700 жуық кітап қоры  бар. 

Алмалы ауылдық кітапханасы  қиын-қыстау кездерде 700 –дей оқырманын жоғалтпай, мектеп кітапханасымен бірлесе отырып Еліміздегі болып жатқан жаңалықтарды  тұрғын халыққа хабдар етуде саяси-насихат жұмыстарды жүргізе отырып, оқырман қауымға өз мүмкіндігінше  қызмет атқарды.

  

2006 жылдың наурыз айынан Алмалы  ауылдық кітапханасына жас маман Құбашев  Мереке Талғатұлы кітапхана жұмысын жалғастырды. Кітапхана 2007 жылы қүрделі жөңдеуден өткізіліп жаңа-заман талабына сай жиһаздармен және  жаңа әдебиеттермен толықтырылып, қазіргі заманға сай кітапхана жұмысын жандардыруда. Қазіргі таңда кітапханада 10554 кітап қоры, соның ішінде  6445 қазақ тіліндегі әдебиеттер бар. Окырман саны—750 адам.

Кітапхана - касиетті шањырак болгандықтан кітапханашыныњ басты максаты оқырмандарды кітапханаға тарту, оқырманың сұранысын канағаттандыру бағытында  ауылдыќ кітапханада әр сала бойынша  әдебиеттер  және  16 атау санымен мерзімді басылымдар жинақталған.

Кітапханада көптеген шаралар көрмелер ұйымдастырылып келеді. Мыс: Елбасының Жолдауын насихаттауға «Елбасы Жолдауы- халық қолдауы», «Жолдауды тыңдағанда», «Жолдау жол сілтейді» т.б жасөспірімдерді патриоттық   рухта тәрбиелеу бағытында «Ауыл азаматымен ажарлы», «Мен Қазақстан азаматы»,  т.б шаралардың  дәстүрлі түрлерін жаңаша өңдеп оқырмандарын жалықтырып алмауда өзіндік ізденістермен  кітапханалық  шараларын өткізіп  келеді.

2007 жылы  «Кітапханаларды  модернизациялау: кітапхана ісіндегі жаңашылдықты дамыту» облыстық зерделі кеңес аясында ОКЖ бойынша  «Құқықтық ақпарат орталығы» ашылған болатын, соған орай барлық ауылдық кітапханаларда  құқықтық  мәдениет қалыптастыруда  ақпаратпен қамтып кітапхана жаңа серпіліспен  жұмыстануда.

 

 

 

 

Кәзіргі таңда кітапхана саласындағы жаңашылдықпен  серпіліс енуі Алмалы ауылдық кітапханасын  айналып өтпеуіне әрине кітапханашы  біріншіден, кәсіби деңгейде  қызметін атқарауы, екіншіден,  саяси насихат жұмыстарын да  біліктілікпен ұйымдастыра білуі.

 

Кітапханашы  Құбашев Мерекенің нәтижелі жұмысы бағалана отырып, 2008 жылдың  1 –токсанында  Ақжайық аудандық  ОКЖ  жүйесімен біріге отырып "Қазіргі таңдағы кітапхана және кітапханашының заман талабына сай үндестігі.Жана бастама" атты зерделі кеңес өткізілді. Зерделі кеңесте көптеген айшықты мәселелер  қаралып, кітапханашылар жақсы деңгейде кеңестің өтуіне атсалысты. Сонымен қатар өз мамандыктарының шебері деген иегерлерді  алғыс хаттармен марапаттды. Қазіргі таңда  кітапхананың алар ролі өте зор. Себебі білімді ұрпак,ұлтымыздың әдет-ғұрыптарын, жастарды отаншылдыққа, ұлттық тәрбие беруде кітапхананың алар орны ерекше айтарлыктай болып табылады.

 

Алмалы ауыл округіндегі кітапханалардың 1985-2007 жылдар аралығында оқырмандар , кітап қорының орташа есеппен алынған көрсеткіштері.

 

Алмалы ауыл округіндегі кітапханалардың 2004-2008 жылдар аралығында мерзімді басылым көрсеткіштері.

 

2013 жылы Алмалы ауылдық кітапханасы жаңа заманға сай, үлгілі кітапхана қатарына қосылып «Модельді кітапхана» статусын алды. Кітапхана жаңа жиһаз, жаңа заманғы технологиялармен жабдықталып оқырманның талап-тілектерін орындауда. Кітапхана залдары әр-түрлі бағытта безендірілді. Соның бірі жас оқырмандарға арналған «Ертегілер әлемі» бұрышы болса, елдімекеннің тарихынан сыр шертетін «Өлкетану» мұражайы Алмалы ауылының күллі тарихын бір бөлмеге тоғыстырып тұр. Мұражай бөлмесінде Алмалы ауылының шежіресі, елді мекенді мекендейтін Қызыл кітапқа енген құстары, Жайық өзенінің балықтары туралы фото-проспект қойылса, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері туралы кең мағлұмат беретін тарихи деректемелермен толықтырылған.

2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Алмалы ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы, 2019 жылдың қаңтарынан бастап кітапхананың меңгерушісі қызметін Капатаева Дархан Мусеновна атқарып келеді. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алмалы ауылында 1981 жылы маусымның 13 де дүниеге келген. Білімі - жоғары. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «Кітапхана ісі» бойынша тәмәмдаған.
2015 жылы «Оқырманды жетілдіреміз: кітап және кітапхана бала өмірінде» облыстық семинарға қатысып сертификат иеленді.
2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай Ресей Федерациясы, Курск қаласының «Чтоб дверь не открыла война» тақырыбында ұйымдастырған Халықаралық байқауында Курск қаласының балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Л.Е.Петренконың Үздік дипломымен және Батыс Қазақстан облыстық Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Өтешеваның Алғыс хатымен марапатталды.
2019 жылы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Исаевтың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Алаштың ардақты азаматы» атты аудандық байқауда ІІ орын алып, Ақжайық ауданының әкімі Қ.Айтмұхамбетовтың ІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің, әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жерлес ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 75 жылдық мерейтойына орай Теректі ауданының жариялаған «Ғаламат жыр тудырар ақын бейне» атты республикалық әдеби жыр байқауының 3 бағыты «Жайықтан ұшқан аққу жыр» аталымы бойынша, ақынның өмірі мен шығаршылығын насихаттауға арналған әдістемелік-библиографиялық, инновациялық құралдар дайындау байқауында Теректі ауданының әкімі Ә.Т. Жоламановтың ІІІ орын Дипломмен марапатталды.
Мәдениет және өнер қызметкерлер күні мерекесіне орай Батыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиевтің Алғыс хатымен марапатталды.
Батыс Қазақстан облыстық және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың құрылғанына 50 жыл толуына орай өлкетану бағытында «Ең үздік басылым» байқауына қатысып, белсене қатысқаны үшін кітапхана директоры Қ.Бурамбаеваның Алғыс хатымен марапатталды.
Тәуелсіздікке 28 жыл толуына орай ауыл әкімі Ж.Ғ. Ахметтің Алғыс хатымен марапатталдым.
2019 жылдың қорытындысы бойынша кітапхана саласы қызметінің дамып жетілуіне, жыл бойы аталып өткен атаулы даталарға өз үлестерін қосып жарқырап көріне білген мамандарды марапаттау сәті «Жетістікпен Жұлдызды сәтке» марафонының қорытындысы бойынша «Белсенді кітапханашы» аталымын иеленді.
2020 жылдың наурыз айында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директорының орынбасары Нұржан Жолдыбалинов ұйымдастырған «Online kitaphana» атты on-line режимінде оздырылған мастер класқа қатысып, Pro Sho Produser бағдарламасында видеоролик жасау тәсілдерімен танысып, кәсіби шеберліктерігін шыңдады.
Астана қаласының Alash өнер орталығы ұйымдастырған Абай және Мұқағали оқуларына оқырман қатыстырғаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Орал қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырған «Кітапханалық әдеби Game» байқауының «Сүйікті кейіпкер бейнесі» тақырыбындағы коллаж жасауда FOTOПАЗЛ номинациясының иегері атанды.
2020 жыл 21 мамыр Мәдениет қызметкерлері күніне орай кітапхана меігерушісі Д.М. Капатаева Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.О.Ермухановтың Алғыс хатымен марапатталды.
«Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» ұйымдастыруымен жетістікке толы 2020 жылды қорытындылау сәті «Жетістікпен Жұлдызды сәтке – 2020» үздіктерді марапаттау марафонында «Жылдың үздік кітапханашысы» аталымымен марапатталып, сертификатқа ие болды.

2024 қаңтар айында Қазақстан Республиксының Ұлттық академиялық кітапхана басшысының ақпараттық ресурстар бойынша орынбасары, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Н.Н.Жолдыбалиновтың «Жасанды интеллект» атты шеберлік сыныбына қатысқаны үшін Сертификат алды.

2018 жылдың қазан айынан бастап Алмалы ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы лауазымына Избасарова Маншук Наурызғалиқызы қабылданды. Білімі - жоғары. Батыс Қазақстан Инновациялық Технологиялық Университетінің «Кітапхана ісі» мамандығын тәмәмдаған.
2020 жылы Қазақстан Халық жазушысы КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағаливтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Мен – қазақпын» тақырыбында онлайн бейнежазба байқауына қатысушыға қолдау көрсетіп, жас ұрпақты тәрбиелеудегі шығармашылық шеберлігі үшін Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Утешеваның Алғыс хатымен марапатталды.
2020 жылы «Белес» өнер орталығының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткен «Абай - халық данасы» атты Республикалық өнер байқауына шәкірт дайындағаны үшін «Белес» өнер орталығының директоры Ғ.Құлынтайдың Алғыс хатымен марапатталды.
2022 жылы Митяев атындағы әдеби оқулар аясындағы 7-ші аймақ аралық «Анатолий Митяевты оқимыз» оқу іс-шарасына қатысқаны үшін Рязань облыстық балалар кітапханасының директоры Т.Н.Окружнаяның Сертификатын алды.

 

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00