Қарағай ауылдық кітапханасы мектеп ғимаратының 40 кв.м көлеміне орналасқан.
Қарағай - бұрынғы 1-Май колхозының орталығы. Қарағай ауылдық кітапханасы 1936 жылы мектептің ғимаратында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен сол кезде «Қызыл отау » деп аталып алғашқы кітапхана ашылды. Кітапхана қызметін алғашқы атқарған Тулеуғалиев Хамит, сол кездердегі үлкен мәселе сауатсыздықты жою бағытында ауылдың зиялы азаматы ретінде тұрғындарға түрлі бағытта үгіт насихат көпшілік шаралар ұйымдастырып, малшыларға, шопандарға, егіншілер орналасқан алыс нүктелерге барып, мерзімді басылым беттеріндегі жаңалықтармен таныстырып, әңгімелер, дауыстап оқу өткізіп отырған.
Партия әрқашан, совет адамдарын, жас ұрпақты ұлттық және интернационалдық міндет -мақсаттарды дұрыс түсінуге баулып, достық туысқандық рухында тәрбиелеуді бағыттап отырса сол кездегі кітапхананың басты мақсаты болашақ азаматты тәрбиелеу болып табылды.
1938-1968 жылдар аралығында, Ихсанов Ғалым, Құсайынова Мадина аға апаларымыз кітапханада жұмыс істеп ауыл тұрғындарына түрлі насихат жұмыстарын жүргізіп, шопандарға, сауыншыларға, егіншілерге түрлі тақырыпта көрме жасақтап шолу өткізіп отырды. Сонымен қатар, ауылдың тұрмысын көтеруге қолдарынан келгенше аянбай еңбек етті.
1950 жылдары Мәдениет бөлімінің қарауына кірген ауыл кітапханасын 1968 жылдан 1983 жылға дейін кітапханшы Нұғманова Қырмызы жалғастырып кітапхана ісіндегі жұмыстарды жандандырып, ішкі безендірілуіне өзіндік үлес қосты.
1983-2000 жылдары Кубешева Алтын үгіт-насихат жұмысында, сіресе ауыл шаруашылық жұмыстарын көбейту, жерді милиорациялаудың ұзақ мерзімді программасын жүзеге асыруда, КПСС сьезд шешімдерін, В.И.Ленинның өмірі мен қызметі туралы әдебиеттерді насихаттауда өзіндік қолтаңбасымен қызметін атқара білді.
2000-2006 жылдар аралығында Шамаева Райса, Мұқаналиева Тұрсын, Жұбанышева Айнагүл, Ихсанова Мейрамгүл оқырмандар арасында түрлі көпшілік шаралар ұйымдастырып, кітап қорын сақтауда, анықтама-ақпараттық, библиографиялық жұмыс түрлерін еңгізе отырып, оқырмандардың оқуын талдау жұмыстарын ұйымдастыра қызмет атқарды.
2007 жылдың наурызынан бастап жас маман Шадманова Жамила кітапханада еңбек етуде. Еңбек жолын 2006 жылы Жаңажол ауылдық кітапханасында бастап, 2007 жылы Қарағай ауылдық кітапханасында жалғастыруда.
Кітапханада 207 оқырман бар, жалпы қоры-9224, соның ішінде қазақ тілінде 5109. Рухани байлықты насихаттауда, кітап оқуға шақыруда мақсат еткен мәдени іс- шаралар Қарағай ауылдық кітапханасында жыл бойына үзіліссіз өтуде. Елбасының Жолдауын насихаттау, Тәуелсіз еліміздің болашағы-білімді жастарды тәрбиелеу, салауатты өмір салтын, халқымыздың ұлттық, салт-дәстүрімізді насихаттау жұмыстары жүргізіле отырып қоғамдық-саяси, мәдени ағарту, экономика және экология, денсаулық және спорт жаңалықтарымен кітапханадағы кітап көрмелері, көпшілік шаралар арқылы танысып отырады.
Шадманова Жамила Бекетқызы 2008-2014 жылдары аралығында Қарағай ауылдық кітапханасында жұмыс жасады. Рухани байлықты насихаттауда, кітап оқуға шақыруды мақсат еткен мәдени іс-шаралар Қарағай ауылдық кітапханасында жыл бойына үзіліссіз өттіп тұрады. Оқырмандарға Елбасының Жолдауын насихаттау, Тәуелсіз еліміздің болашағы-білімді жастарды тәрбиелеу, салауатты өмір салтын, халқымыздың ұлттық, салт-дәстүрімізді насихаттау жұмыстары жүргізіле отырып қоғамдық-саяси, мәдени ағарту, экономика және экология, денсаулық және спорт жаңалықтарымен кітапханадағы кітап көрмелері, көпшілік шаралар арқылы таныстырылып отырылады.
2019 жылы қаңтар айынан бастап Сабирова Рая Сакасовна кітапханада еңбек етуде. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған жолдауларын, «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы «Бір ел-бір кітап», туған өлке, ақын -жазушылардың мерейлі жылдары мәдени көпшілік шаралар
2021 жылы Қазақтың көрнекті ақыны М.Макатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Өлеңмен өрілген өмір» атты поэтикалық ой ұшқырлықты көркем оқуда өнерпаздық таныта білген кітапхананың тұрақты оқырманы Тәлішев Мерей М.ҚР ұлттық академия кітапханасының басшысы Ү.Мұңалбаеваның «Алғыс хат» марапатталды.
2022 жылы «Туған өлке-тұнған тарих» аясында Кеңес Одағының батыры Есен Орақбаевтың 100 жылдығына орай ауылымызда «Өлкеден шыққан ерен тұлға» атты үлкен шара оздырылды.
2022 жылы Кеңес Одағының батыры Е.Орақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген шарамыз «Батырдың есімі мәңгі жасайды» атты мақаласы мерзімді басылым «Жайық таңы» газетіне жарияланды.
2022 жылы Әдебиет танушы ғалым С.Сейітовтың есімін дәріптеу мақсатында «Талант парасаты екі ғасырмен егіз өрілген тағдыр» республикалық аймақтық байқауына белсене қатысқаны үшін кітапханашы Р.Сабирова, тұрақты оқырманы Р.Рафхат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміні және «7 Муза» қоғамдық бірлестігі атынан «Алғыс хат» марапатталды.
2023 жылы Қ.Мырзалиевтың өлеңдерін жатқа айту бағыты бойынша С.Саят, А.Сұлтан. А.Жанерке Э.Аманғалиева атынан «Диплом» марапатталды.
2024 жылы Абай мұрасы атты аудандық байқаудың «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» бірінші бағыты бойынша ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу. «Ғылым таппай мақтанба» «Әсемпаз болма әрнеге» «Ақынға сыр» бағыты бойынша белсенді қатысқандары үшін Р.Рафхат, С.Раяна, Ж.Әбуғали аудандық «Алғыс хат» марапаттады.