Бесоба ауылдық кітапханасы

Бесоба ауылдық кітапханасы ОКЖ-нің баланстық есебіндегі кітапхана ғимаратында орналасқан. Жалпы көлемі- 23 кв.м

 

1972 – жылы 31 мамырдағы мәдениет бөлімінің № 29 бұйрығы негізінде Киров ауылы советіне қарасы № 4 бөлімшедегі Бесоба ауылында кітапхана ашылды. Бесоба ауылындағы 4-кластық бастауыш мектептің ғимаратында орналасқан.

 

1972 жылдың 1 маусымынан Орал қаласындағы Крупская атындағы облыстық кітапханадан жылдық курсын аяқтап шыққан Батырова Ағилаш жұмысқа қабылданды. (мәдениет бөлімінің 1972 жылғы 30 мамыр № 29 бұйрық пр.3 ) . Аудандық советінің атқарушы комитетінің шешімі негізінде аудандық балалар кітапханасының балансынан Киров ауылдық советіндегі Бесоба ауылдық кітапханасына 3-үстел, 58 рубль, 150 дана кітап берілді. Сол кездегі саясатқа байланысты кітапхананың күнделікті ауыл еңбектеріне мәдени шараларды дала қоныстарында, шопандар қыстағында аралап газет-журнал кітаптарды жылжымалы кітапхана арқылы халыққа түрлі насихат жұмыстарын жүргізіп отырған.

 

1972 жылдан бастап Бахтиярова Раушан Жұмағалиқызы Бесоба ауылдық кітапханасында кітапханашы қызметін жалғастырады.

1974 жылы Раушан кітапхана саласында зор еңбегі үшін. Чапаев аудандық мәдениет бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

1976 жылы Чапаев ауданы комсомол мүшесі болып жастар арасында насихат жұмыс жүргізіп Бахтиярова Раушан үлгілі еңбек еткені үшін бағаланып, «Орал өңірі» газетіне шығарды.

 

Бесоба ауылында 2-егін, 5-пішен бригадалары жұмыс істеді. Сонымен ауыл айналасында 12 жерде малшы, шопандар қыстағы болды. Кеңестік шаруашылық науқандық жұмыстар кезінде далалық қосқа барып, механизаторларға КПСС-тің съездері конференциялары, пленумдары таныстырып отырды. Далалық жұмыстар кезінде дала қостарына барып, «Найзағай», «Жауынгерлік беттер» Социалистік жарыстар жария болып. Кітап, газеттерді уақытылы жеткізіп отырды. Ауданның мәдени өмірі «Біздің де науқан» Мал азығын дайындау кезінде дала қостарында КПСС орталық комитетінің май, ноябрь пленумдарының шешімдерін жүзеге асыру барысы туралы үгіт насихат жұмыстарын жүргізген жұмыстағы еңбегін еленіп, Чапай аудандық мәдениет бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Қазіргі таңда бесоба кітапханасында 6557 кітап қоры бар. Соның ішіндегі қазақ тіліндегі әдебиеттер саны - 3168. Кітапхана 10-дана басылымдарға жазылады.

 

Бесоба ауылдық кітапханасыны оқырман қауымға еліміздің саясатын, экономикасын ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын насихаттап, «Қазақстан – 2030» стратегиясын және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жұмыстануда. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын насихаттауда кітапханада кітап көрмесін шығарып, көпшілік оқырманға жолдауда аталған өзекті мәселелер жайында пікір алмасып, насихат жұмыстары жүргізеді.

Бесоба ауылдық кітапханасы елімізде болып жатқан оқиғаларды халыққа хабардар қылуда, еліміздің кешегісі мен бүгінгісін таныстыруда жаңа әдебиеттерді өз жұмыстарын төменгідей негізде бағыттайды. Оқырман сұраныстарын қанағаттандыру уақыт өткен сайын кітапхананың кітап қоры жаңа кітаптармен толығу үстінде. Адамдарды мәдени рухта тәрбиелеудің көркем әдебиеттің алар орны ерекше екені баршаға мәлім. Көркем әдебиет оқырмандарды адамгершілікке, патриоттыққа, отанын сүйе білуге, шынайы сезімге, адалдыққа баулиды. Елімізде жүргізіліп отырған бағдарламаларды насихаттай отырып, кітапхана түрлі тақырыптарда көпшілік оқырмандар арасында бастауыш мектеп оқушылармен түрлі шаралар өткізіп отырды.

 

Бесоба кітапханасында түрлі тақырыптарды қамтитын кітап көрмелері шығарылды. Атап айтап болсақ: «Менің елім Қазақстан», «Нұр Отан болашақтың партиясы», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Ақжайық ауданының қаламгерлері», «Қазақстан болашағы қазақ тілінде», «Мемлекеттік тіл елдің айнасы», «Желбіре жеңіс жалауы», «Табиғат ел байлығы», «Денсаулығыңды қорғай біл», «Ертегілер әлемі», «Кітапхана қасиетті шаңырақ», «Жаңа кітаптар».

 

Газет қиындыларының тақырыптық папкілері жинақталған. Д.А.Қонаевтың 65- жылдығына, ел президентінің 2007 жылғы Қазақстан халқына жолдауы. «Тіл тазалығы, ой тазалығы», «Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ» - деген тақырыпта кітапханада көпшілік шаралардың фотолары жапсырылған альбомдар, газет мақалаларының жиынтығы папкалар сақталған. Сонымен қатар кітапхана ауылдағы басқа да қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

 

2006 – жылғы Бесоба елді мекеніне ұзақ жылдар мәдениет саласына жемісті еңбек етіп, ауылымыздың көркеюіне үлес қосқаны үшін Алғабас ауылы әкімінің Алғыс хатына ие болды. Кітапхана мектеппен тығыз байланыста отырып, кітапханада өтетін түрлі әдеби мерекелер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, ертеңгіліктер т.б.

 

Әдеби шаралар қатысушылар мен тыңдаушылардың көрермендердің бастарын біріктіріп, насихаттаудың тығыз орталығы кітапхана болып табылады.

Жазғы демалыс кезінде бастауыш сынып оқушыларымен «Ертегілер еліне саяхат», «Сен білесің бе?» ертеңгілік «Табиғат туған үйіміз», «Денсаулық зор байлық» т.б. Танымдық ойын өткізіп отырады. «Кітапхана мәдениет пен білім орталығы» жастармен кездесу. «Ауылдың болашағы – жас ұрпақтың қолында» дөңгелек үстел. «Мамандығым мақтанышым» көпшілік оқырмандармен кездесу. «Туған өлкем неткен көркем» пікір алмасу. «Ақыл – ойдың айдыны» Әдеби кештер өткізілді. Ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсету жұмыстың әдісі мен түрлерін жетілдіру мақсатында «Бір ауылдан түлеп шыққан жастар едік» сұхбат кешін өткізді. Ауылдық кітапхана – ауыл интеллигенциясын, зейнеткерлерді, көп балалы отбасы, балалар және жасөспірімдерді біріктіретін рухани қарым-қатынас, өзара түсінік орталығына айналуы тиіс. Ауыл алтын бесік.

 

Небір дарабоз таланттар, дүр дарындар, данышпандар мен даналар, көсемдер мен кемеңгерлер, әділдіктің қара қылын қақ жарған билер мен от тілді шешендер ауылда дүниеге келіп, қасиетті топырақта кіндік қаны тамды. Ауылда туып, ауылда өскен бүгінгі елімізде белгілі адамдарды жалпы оқырман қауымға насихаттау – кітапханашылардың міндеті.

 

Кітапхана – рухани байлық ұлы ғұламалардың жазып қалдырған мәңгілік ескерткіш жинақталған білім ордасы рухани байлықты насихаттауда кітап оқуға шақырады мақсат еткен мәдени іс-шаралар кітапханада жыл бойына үзіліссіз жалғасын тауып келеді.

 

Кітапхана мектеппен тығыз қарым-қатынаста. Кітапханада өткен шаралардың бәрінде мектеп оқушылары қатысады. Жазушы М.Әуезовтың шығармашылығын әдеби кештер ұйымдастырып, Абай күндерін атап өтуде кітапхананың дәстүріне айналған. Кітапхана тек әдеби тақырыптарда ғана жұмыстанбайды салауатты өмір салтын насихаттауда, қалыс қалып жатқан жоқ. «СПИД – ғасыр дерті», «Нашақорлықтан сақтан» және басқа шаралар көптің көңілінен шыққаны сөзсіз. Мұнан басқа да қыз бала тәрбиесіне, адамгершілік, ата-аналық міндет пен балалық парыз және тағы да басқа тақырыптарда пікір таластар өткізілді. Балалардың жазғы демалыстарын тиімді пайдалану да.

 

«Табиғат әсемдік айнасы», «Қазақстан ортақ үйіміз» тақырыптарында шаралар өткізді. Қазақ тіліндегі әдеби кітаптармен қамту жылдан жылға жасқарып келеді.

2007 жылы Раушан Бахтиярова ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Алғыс хатымен марапатталды.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00