Алғабас ауылдық кітапханасы

Алғабас ауылдық округі - 1963 жылы  ақпан айында  бұрынғы үш колхоздың ізінде (Киров, Алғабас, 1-Май) Алғабас совхозы болып құрылды. Құрылған жылы 5 бөлімше – Тегісжол, Қарағай, Жаңажол, Бесоба, Тоған елді мекендері орналасқан. Аудан орталығы – Чапаевтан солтүстік батысқа қарай 75км жерде.

Тұрғын саны 1,3 мың адам.

 

 

 

 

 

Алғабас ауылдық  кітапханасы

Алғабас ауылдық кітапханасы  мәдениет үйі ғимаратының 25 кв.м көлеміне орналасқан.

Аудан құрылған кезден бастап,  1930 жылдардан ауылда ашылған  бастауыш мектеп жанынан  білім бөлімінің қарауында  «қызыл отау» ашылған болатын,  ол  ауыл тұрғындарының  сауатын көтеру бағытында жұмыстардың  басы-қасында болып, мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып  әртүрлі бағытта қызмет атқарды.

1950 жылдың 6 шілдесінен  К.Мергалиев  осы ауыл кітапханасында меңгеруші қызметіне қабылданды.

Алғабас ауылының орталық кітапханасы (бұрынғы Киров колхозы, Вологин ауылы) 1953 жылдан мәдениет бөлімінің қарауында болып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді. Сан ақын -жазушылар тоқтаған бұл кітапхананың сырлы шежіресі тереңнен тамыр тартқан.

1955 жылы  мәдениет бөлімінің  № 92 бұйрығы бойынша  Киров ауылындағы  қызыл отау кітапханашысы болып Г.Есенғалиева   қызметке қабылданған.

Матыбаев Серік  кітапхана саласына  еңбегі сіңген жандардың бірі.

1956-1963 жылдар арасында еңбек етті. Алғабас ауылдық советі наклодной арқылы 200 сом бөліп, сол ақшаға кітапханаға қажетті кітаптарды Орал қаласынан кітап дүкенінен сатып алып кітапхананың негізгі қорын жинақтады. Ол кезде күнделікті жұмыс түрі ауыл еңбеккерлеріне мәдени шараларды дала қостарына, шопандар қыстағына барып , кино көрсетіп  түрлі насихат жұмыстарын жүргізіп отырды. Кітапханашы, жастардың қазіргі заманға деген құштарлығын арттыра түсу мақсатында В.И.Лениннің өмірімен  қызметі туралы әдебиеттерді насихаттауды, Коммунистік партия мен совет халқының тарихи-революциялық және ерлік дәстүрлері туралы, комсомолдың еңбектегі жетістіктері мен ерлік істері және тарихы туралы Ұлы отан соғысындағы Қазақстандық батырлар туралы, Советтік Қазақстанның жетістіктері туралы баяндайтын әдебиеттерді, мақалаларды, насихаттап отырды.

Сол кезде 4800 дана кітап қоры жинақталып, 390 тұрақты оқырманы болған.

Жастар арасында ғылыми  атеистік насихатты күшейтудің маңызы  көпшілік жұмыстардың тиімді түрлерін қолданып «Дін туралы шындық» оқу жоспарын құрып , «Ғылым және дін» атты ауызшы журнал  ( суретте) өткізді. Кітапхана өміріндегі оқырмандар үшін жасалатын көпшілік жұмыстарды Серік ағай жұмыстан соң кітап көрмесін, кітапхана плакаттарын, жарқағаздарын жасақтау арқылы  қолға алатын. 

Көпшілігі әдеби кітаптар, классиктердің: Ғ.Мүсіреповтың  «Оянған өлке», Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін», С.Сейфуллиннің «Таржол ,тайғақ кешу», С.Мұқановтың «Ботагөз» романдары жастардың қолдан түсірмей оқитын қызықты әдебиеттеріне  дауыстап оқу, пікір алмасу т.б шаралар арқылы оқырман сұраныстарын қанағаттандырып отырды. Осы жылдар ішінде Серік ағай кітапханашы мамандығының дәрежесін шындау бағытында Облыстық кітапханадағы кітапханашылар курстарына қатынасып отырды.

1963-1970 жылдары Тамқұранова Гүлжамал Орал қаласындағы  Облыстық кітапхана жанындағы кітапханашы курсын  бітіріп, маман ретінде кітапхананың жұмысын жандандырып, ішкі безендірілуіне өзіндік үлес қосты. Ол тек кітапханашы шеңберінде қалып қоймай, совхоз өміріндегі барлық жұмыстарға қатынасып оны өткізуге көмектесіп отырды. Тың жердің даңқты он жылдық мерекесіне арналып  жасалған кітап көрмесіне және ауыл шаруашылық өндірісіне көмекші: «Сауыншы сен білесіңбе?», «Егер сіз еңбек өнімділігін арттыра түскіңіз келсе», деген т.б плакаттарға көп көңіл аудара отырып,  кітапхана ісіндегі жаңашылдықты көрсете білді. Міне, осылайша кітапхана совхоздың қайнаған өмірінен өзінің тиісті орнын алды.

1970-1972 жылдары Төлегенова Марзия жұмыс жасады.   Өз жұмысына жаңашылдық енгізу  бағытында 23 ақпанда-Ұлы Отан  соғысы ардагерлеріне, 8 наурызда-халықаралық әйелдер мерекесіне арналған  «Көгілдір от» мерекесін ұйымдастыруды  дәстүрге енгізе білді.

1972-1984 жылдары Ахметжанова Балзира үгіт-насихат жұмысында, әсіресе жаңа кітаптармен қамтамасыз етуде өзіндік із қалдырды. Кітапхана қоғамдық рухани байлықтардың, адамзат ақыл -ойының қазынасы . Оның нәр алар көзі – коммунистік көзқарастың негізі- К.Маркс, Ф. Энгельс, В.И. Ленин еңбектері. Кітапхана ісінің басты бағытымен  нысанасы адамзат ойының ең асыл нәрі болып табылатын  сол әдебиеттерді кеңінен үзбей насихаттауда Балзира  «Под знаменем октября», «КПСС тің ХХҮІ сьезін қарқынмен қарсылайық » шараларын (суретте) нәтижелі ұйымдастыра білді.

Барлық прогрессшіл адамзат Карл Маркстің туғанына 165 жыл атап өтті Балзира апайдың ұйымдастыруымен ұлы көсемнің мерейтойына арналған конференция, түрлі тақырыпта көрмелер ұйымдастырылды.

Ауыл шаруашылық науқан кезінде жұмысты жақсарту  яғни көшпелі кітапхана жұмысын ұйымдастыруда «Механизатор сіздер үшін», «Молния», жарқағаздарын  шығарды.

1984-1986 жылдары Тайбағарова Жанат жұмыс жасап, оқырмандармен тығыз байланыс орнатты. Оқырмандар конференциясы, дөңгелек үстел, әр түрлі тақырыптық кеш, кездесу кештерін  ұйымдастыра отырып  кітапхана жұмысында  бір саты жоғары көтерді. Алфавиттік, жүйелік каталогтарды кәсіби жүргізе отырып  округке қарасты  Қарағай ,Бесоба, Горбунов, Тельнов  кішігірім кітапханаларына  әдістемелік көмек көрсетіп отырды. Тайбағарова Жанат тұрғындар арасында белді насихатшы ретінде танымал болып қана қоймай, аудан кітапханашылары алдында беделді қызметкер саналды. Жыл қорытындысы бойынша  мәдениетті «Үздік кітапханашы» атанды.

1987-1993 жылдары Сисенгалиева Сәуле кітапханада еңбек етті. Ол кездерде КПСС ХХҮІІ сьезінің тарихи шешімдерін жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етіп жатқан село еңбеккерлеріне рухани күш беруде кітапхананың маңызы зор.

Селолық кітапхана ауыл еңбеккерлерінің жиі келетінін мәдениет орындарының біріне айналып отыруы кітапханашыдан да ұйымдастырушылық кәсіби шеберлікті талап етті.  Осы бағытта «Айқын мақсат, асқаралы міндеттер»  кітап көрмесін жасақтап, егіншілерге, шопандарға жылжымалы  кітапханалық жұмыстар ұйымдастырды. Соның ішінде  сьезд шешімдерін жүзеге асыру мақсатында  еңбеккерлерге социалистік міндеттерін орындауға серпін беретін насихат жұмыстарын жүргізе отырып  Алғабас ауылындағы аға шопан С.Боранбаевтың әр жүз аналықтан 145 қозы  алыуына байланысты да «Социалистік жарыстың барысы», «Совхоздың міндеттемесі» тақырыбында шаралар ұйымдастырды.  

1994-1997 жылдар аралығында Бисенова Мария жұмыс жасаған жылдары    Еліміз егемендік алып ,  барлық салаларда күрделі өзгерістер болды.   Қалың бұқара арасында кітаптың маңызы мен ролін насихаттай отырып «Татулық пен саяси құғын- сүргін құрбандарын еске алу»  жылына орай  И.Жансугіровтың «Құлагер» поэмасына, С.Сейфуллин, Б.Майлиннің кітаптарын насихаттай отырып көрме ұйымдастырылды . Республика күніне орай «Ел ертеңі бүгіннен» атты жар қағазы, Қазақстанның 2030 жылға арналған статегиялық дамуына байланысты  шаралар ұйымдастырып  саяси ақпарат насихат жұмыстарын жүргізіп отырды. Кітапханашы қызметінен ауыл тұрғындары зор көмек көріп ақпарат бетіндегі жаңалықтарды кітапхана жанында ұйымдастырған «Ақпарат күндерінен»  соңғы жаңалықтар мен танысып отыруды әдетке айналдырды. Сонымен қатар балалармен жасөспірімдерді кітапханаға көптеп тартуда А.Құнанбаевтың -150 жылдығына орай жылдың төрт мезгіліне байланысты  кітап көрмелері, әдеби қойылым, дауыстап оқу шараларын ұйымдастырды.

С.Бимағамбетовтің «Тарғыл мысық» кітабын балаларға насихаттау нәтежесінде жылдың  ең көп оқылған кітабы  болып анықталды.

1997 жылдан осы кезге дейін Алғабас ауыл  кітапханасында Шадыманова Сәуле кітапханашы қызметін  атқарып келеді. Тәжірибелі кітапханашы Сәуле өз ісіне адал, жауапкершілігі мол. Кітапханасы уақыт талабына сай жабдықталып, жаңа кітаптармен толықтырылып, үгіт-насихат жұмысының пәрменді болуы, кітаптардың саласына бөлінуі, безендірілуіне кітапханашы кәсіби дәрежесін ұдайы шындай отырады. Кітапхана-рухани байлық, ұлы ғұламалардың ақын жазушылардың жазып қалдырған мәңгілік ескерткіші жинақталған білім ортасы. Бүгінгі таңда кітапханада 15138 дана кітап қоры, тұрақты 756 оқырман бар. 15 дана әр түрлі мерзімді басылымдар алып, балалар мен жасөспірімдердің, жалпы оқырман қауымының рухани нәр алатын ақпарат көзі соңғы кезде кітапхана жаңа кітаптармен толықтырылуда. Ауылдық кітапхана, мәдениет үйі, мектеп, денсаулық сақтау саласы, әйелдер кеңесі, жастар ұйымы қызметкерімен тығыз байланыс жүргізе отырып, әр түрлі мәдени көпшілік шаралар өтуде. Ауылдың ұлағатты қарттарын кітапханалық шараларына қатысуын ұйымдастыра отырып мысалы: Ауылдың ақсақалы Шүйіншалиевтың шығармаларын жастар тәрбиесіне,өлкетану бағытында насихаттап отырады.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен 2007 жылы Алғабас ауыл кітапханасында «Кітапхананың қоғамдық  ұйымдарымен және мекемелерімен қарым-қатынасы» атты зерделі кеңес (суретте) өтті. Оған ауданның, ауылдық округтердің кітапханашылары түгел қатысты. Бүгінгі таңда  кітапхана еңбек етумен қатар, өзінің түрлі  сала бойынша жинақталған кітап қорын насихаттап,  оқырмандардың талап тілегін орындау мақсатында тынымсыз еңбектену үстінде. Әлемде қаншама ғылыми-техникалық ғарыштау заманы болып, ақпарат көздері көбейгенімен, адам жанына сұлулық пен парасатты, адамгершіліктің қарапайым қағидалары мен ізгілік нұрын сыйлар кітап әлемінің орны ерекше.

Сонымен қатар кітапханада қариялар мен жүрулері қиын, нашар көретін,  науқастарға   кітаптарды үйге апарып беруді және аудандық кітапханамен тығыз байланыс жасай отырып көзі нашар көретін азаматтарға арнайы қызмет көрсету бағытында аудио касетталарды  алып, оқырмандарына тұрақты жеткізіп отырады . Кітапханашы Шадманова Сауле ұзақ жылғы қажырлы еңбегі  ауыл тұрғындары  арасында, кітапхана саласында да тәжірибелі жұмысы бағаланып  грамота, алғыс хаттармен марапатталып жүр .

 

 

Алғабас ауыл оқругіндегі кітапханалардың 2004-2008 жылдар аралығында

 мерзімді  басылым көрсеткіштері.

 

1985-2007 жылдар аралығында оқырмандар, кітап қорының орташа есеппен алынған көрсеткіштері.

 

Қазақстан  республикалық «Бір ел- бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен

2007 жылдан бастап өткізіліп келе жатырған «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында алғаш жыл кітабы Абай «қара сөздері»,

2008 жылы М.Әуезовтың «Қилы заман» шығармасын,

2009 жылы М.Жұмабаевтың лирикасын,

2010 жылы Ж.Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасын,

2011 жылы Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» шығармасын,      

2012 жылы О.Бөкей шығармаларын,

2013 жылы Ф.Оңғарсынова «Дауа» кітабын,

2014 жылы С.Мұратбековтың «Жусан иесі» шығармасын,  

2015 жылы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын осы әр жылы ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттауда оқырмандарды оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасауда  түрлі іс-шаралар ұйымдастырып өткізіп, «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырған түрлі байқауларға да оқырмандар қатысып, «Алғыс хат» пен мадақтамаларға ие болып тұрды.

2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына  «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты үлкен ауқымды шара өтті. Азаматтық арына дақ түсірмеген өршіл рухты алыптардың жауға тойтарыс беріп, солардың күресінің нәтижесінде бізге келген сол бір жемісті, жеңісті күннің алауы тарих түпкірінен мәңгілік орын алатыны рас екенін сезіндіру мақсатында қойылым көрініс көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалды. Халқының жарқын болашағы үшін жандарын пида еткен ақтангерлердің ерлік істерін жастарға өнеге етіп, елін, жерін қорғауға, патриоттық сезімдерін оятып, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде аса мағыналы шара болатын.

2013 жылы 15 қараша күні Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші, жыршы, термеші Қаламқас Орашеваның 60 жас толуына орай «Көмейінде күміс жыр» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Кеште Қ.Орашеваның қызы Ақмарал Жақсылыққызы, сіңілісі Мейрамгүл Орашева мен Мақсат Тілепберген келіп халыққа өз өнерлерін паш етті.  Әсем әні мен жүрек тебірентер, қазақтың жыр, терме өнерінде өшпес із қалдырған біртуар өнер иесі Қаламқас Орашеваның мол мұрасы насихатталды.   

2014 жылы Қариялар күніне орай ауылымыздың ақыны Асқар Қаленовтың «Аманат» атты кітабының жарық көруіне арналған кеш өткізілді. Ауданымыздың танымал ақыны, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Сағынтай Бисенғалиев жүргізген шарада,  «Аманат» кітабын құрастырған және алғы сөзін жазған Қазақстан жазушылар одағының мүшесі жазушы Айтқали Нәріков сөз сөйлеп жылы лебізін білдірді.       

1997  жылдар аралығында  Алғабас ауыл  кітапханасында Шадманова Сәуле кітапханашы қызметін  атқарып 2015 жылы зейнет жасына  шықты.

2015 жылдың қазан айынан бастап Шадманова Жамила Бекетқызы Алғабас ауылдық кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

2006 жылдан  бастап Жаңажол ауылында қызмет атқарып, кейіннен    2007 жылы  Қарағай ауылында, бүгінгі күнде Алғабас ауылдық кітапхана- комьюнити орталығында меңгеруші қызмет атқаруда.

2008 жылы өткен аудандық «Үздік кітапханашы» сайысының жеңімпазы.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігігінің 25 жылдығына орай, ауданымыздың кітапхана ісі мен оқу мәдениетінің дамытудағы қосқан үлесі үшін Чапаев ауылындағы ОКЖ директоры Р.С.Мусағалиевадан «Алғыс хат» марапатталды.

2020 жылы «Мәдениет және өнер қызметкерлер» күніне орай Мәдениет басқармасының басшысы С.Дүйсеновтің «Алғыс хат» марапатталды.

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, еліміздің келешегі көркейе беруіне қосқан үлесі үшін Ақжайық ауданының әкімі Қ.Айтмұхамбетовтан «Алғыс хат» марапатталды.  

2021 жылы қазан айында Алғабас ауылдық кітапханасына  тағы бір маман Болатова Шынар Маратқызы кітапханашы болып қызметке орналасты.

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы мен Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығына,Ұлы Жеңістің 70 жылдығына осы айтылған атаулы күндерде барлығын қамтуда «Тарихтан тағлым» атты әдеби конференция оздырылды оған елді мекендердегі ауылдық кітапханашылар, ауылдағы мекеме қызметкерлері, кітапхана оқырмандары атсалысты, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар  ұлы халықты,  тарихты насихаттау бағытында өтті.  

2017 жылы Ауданымыздың танымал ақыны, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Сағынтай Бисенғалиевтің 60 жасқа толуына орай «Ақжайығы аялайды Сағынтайдай ақынын» атты көпшілік оқырман тобымен кездесу кеші өтті.

Сағынтай Бисенғалиевтің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, ақынның шығармашылығын оқырмандарға насихаттау, өлеңдерін оқыту сол арқылы олардың бойына поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншіліктерін берік қалыптастыру, сонымен қоса жаңа жарық көрген «Күрең күз» атты жыр жинағын насихаттау мақсатында өткен болатын.

Шара мақсаты ислам діні туралы түсінік беру, тәні сау және рухани бай орта қалыптастыру, жастарды жат діни 2019 жылы  Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен «жастар жылы» жас оқырмандарды кітап оқуға тарту, рухани әлемге жақындату мақсатында «Жастар қандай кітап тандайды» атты фото байқауда кітапхана оқырманы Асылбекова Аяжан І-орын иеленді.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған Ә. Кекілбаевтың 80 жасқа толуына орай «Әбіш әлемі» атты  жариялаған конкурсқа кітапхана оқырманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Бахытжанова Жанна Бахытжанқызы қатысып, «Алғыс хат» марапатталды.

2020 жылы Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған «Жетістікпен Жұлдызды сәтке- 2020» марафоны бойынша «Үздік оқырман: оқырман отбасы» аталымымен Сарбаевтар отбасы марапатталды.

2021 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «2021 жылы Қазақстан балалар және жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Қош келдің, әз Наурыз» отбасылық party жобасының «Ұлттық тамақ мәзірі номинациясы бойынша республикалық байқауға  оқырман отбасы қатысқан Сарбаевтар отбасы «Алғыс хат»  марапатталды.

Кітапхана – оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі. Сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын, киелі орта.

Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал,

Кітап - алтын қазына демекші қазынаға толы рухани ордамыз қазіргі таңда заманға сай жабдықталып, ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай 2021 жылы 13 желтоқсан күні Алғабас ауылдық кітапханасы комьюнити орталығы болып ашылды.

Алғабас ауылдық кітапханасының комьюнити орталығы төрт  алаңнан тұрады.

«Руханият» алаңы шығармашылық үдерістің ең биік шыңы саналатын ғылыми ізденістің ошағы болып  біздің орталықта заманауи ақпараттық ресурстармен толық қамтылған Қазақстан Республикасының «Еgov» порталы жұмыс жасайды. Оқу әдістемелік әдебиеттер, мерзімді басылымдар жинақталып сақталған. Сонымен қатар дәстүрлі және электронды кітаптарды оқуға арналған руханият алаңы бар.

Relax – алаңы. Бұл жерде кез – келген оқырман өзінің сүйікті ісімен айналыса алады. Караокемен ән салып, теледидардан қызықты бағдарламалар қарап, балаларға «Флестейшн» ойыныда орнатылған болатын. Шахмат, шашка, нарды ойнап, кофе ішіп мерзімді басылымдарды оқуға да барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар ақын ұлттың жүрегі, шешен көптің тірегі, батыр көптің білегі демекші орталықта әр түрлі мерей той иелеріне арналған кештердің өтетін алаңы. Бұл «Релакс» алаңы.

KIDS – балалар алаңы  Біздің кітапханамыздың бір бөлігі балаларға арналады. Әр баланың өсу, даму қабілеті мектепте білім алумен, мектепшілік үйірмелермен шектелмеуі керек. Оған қоса демалыс уақыттарында өздерінің замандастарымен бірге әр түрлі өнер, білімдерін шындап, дәстүрлерді үйреніп, спортта өздерін дамытуына мүмкіндік беретін осындай комьюнити орталықтар!   Оқырмандарымыз бұл бөлімде керекті ақпараттарды таба алады, әлем бойынша жаңалықтарды біліп, ой-өрісін кеңейтеді. Теледидардан қы­зықты бағдарламалар мен сүйікті мультфильмдерді көре ала­ды. Балалар өздеріне ұнаған кітаптарды оқып дем­алады.. Бұл бөлім «KIDS» балалар алаңы.

2022 жылы Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған «Жетістікпен Жұлдызды сәтке - 2022» марафоны бойынша «Үздік жас оқырман 2022» аталымын кітапхана оқырманы Қошпанов Даниал Данабекұлы иеленсе, «Кітапхана белсендісі: жомарт жүрек» аталымын Искаков Наурыз Исатайұлы жеңіп алып алды.

2022 жылы «Туған өлкеге тағзым» атты жоба құрылды. Жоба мақсаты: Кітапхана пайдаланушылары үшін туған өлкенің мәдениеті мен ауыл тарихында ұмытылмас із қалдырған айтулы тұлғалар жайлы, сондай-ақ кітапханалардың өлкетану бағытындағы жұмыстарын жетілдіру, мәдениет жүйесінде және жеке тұлғаны тәрбиелеуде өлкетану білімдерін насихаттау, аймақтық жазушылардың жаңа әдеби шығармаларымен таныстыру, оқырмандарды елі мен жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттыққа баулу. Жоба міндеті жыл сайын өлке мәдениеті мен тарихына байланысты немесе өлкеміздің ұлы тұлғаларына арналған шараны Алғабас, Тегісжол, Жаңажол, Қарағай, Тоған кітапханашылары бірлесе ұйымдастырып үлкен ауқымды шара әр кітапханада кезектесе өткізіп, туған өлкемізді насихаттау. Осы «Туған өлкеге тағзым» жобасы аясында алғаш Алғабас ауылдық округіне қарасты кітапханашыларының ұйымдастыруымен Қарағай ауылдық кітапханасында 2022 жылы 30 маусым күні Кеңес Одағының батыры Есен Орақбаевқа 100 жыл толуына орай «Өлкеден шыққан ерен тұлға» атты  Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаның ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту, жас ұрпақты патриоттыққа баулу мақсатында еске алу шарасы өткізілді.

2022 жылы 23 тамыз күні Алғабас ауылдық кітапхана-комьюнити орталығының бастамасымен  «Туған өлкеге тағзым» жобасы аясында елімізден шыққан жайықтың жайсандарын, ақын-жазушыларымызды насихаттау мақсатында Тоған ауылдық кітапханасында ұйымдастырылған «Жайықтың жайсаң ақыны» атты А.Нәріковпен кездесу кеші өткізілді.

2023 жылы 20 мамыр күні «Туған өлкеге тағзым» жобасы аясында Алғабас ауылдық мәдениет үйінде Алғабас ауылдық округіне қарасты кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Сағынышқа айналған қайран Нарын» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Батыс Қазақстан уневерситетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, өлке тарихын зерттеуші, Алғабас ауылының тумасы, сегіз кітаппен 100-ден аса ғылыми және тарихи танымдық еңбектердің авторы Боранбаева Бақтылы Сансызбайқызы қатысып, «Капустин Яр полигоны: қазақ депортациясы» кітабының кейіпкерлерімен жүздесіп сыр-сұқбат өрбіді.

2023 жылы 25 мамыр күні «Туған өлкеге тағзым» жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші, жыршы, термеші Қаламқас Орашеваның 70 жас толуына орай «Өнерімен нұрландырған, ел-жұртын сағындырған» атты еске алу кеші ауылдық кітапханашыларының ұйымдастырумен Жаңажол ауылдық кітапханасында Қ. Орашеваның інісі Орашев Айса ағаның қатысумен өтті. Шара жас ұрпақты өнер сүйер қауымға жыраулық өнердің шоқ жұлдызына айналған Қаламқас Қожахметқызының тәлім- тәрбиелік мәні бар туындылары насихатталды.

2023 жылы Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапхана ұйымдастыруымен  Қазақстанның халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, ақын Жұбан Молдағалиевтің туған күніне орай оздырылған «Жұбан жырлары жүрегімізде» атты аудандық байқаудың «Жұбанның сырлы әлемі» бағытында үздік өнер көрсеткен кітапхана оқырманы Ермек Альбина Айғабылқызы 2 дәрежелі дипломмен марапатталып, және 40 мың ақшалай сыйлыққа ие болды.

2023 жылы Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған «Жетістікпен Жұлдызды сәтке- 2023» марафоны бойынша  «Үздік оқырман - 2023 мемлекеттік қызметкер» аталымын Имашева Сайра Нұрболатқызы, «Белсенді оқырман - 2023» аталымы бойынша Жора Сәнім Қошетерқызы  жыл үздіктері атанып  марапатталды.

2024 жылдың 16 шілде күні «Ерен еңбегі үшін» медальінің иегері, ақын, жұбантанушы, ардагер ұстаз Үзілдік Елеубайқызының 70 жас мерейтойына арнап «Ел деген алтын тұғырым» тақырыбында әдеби-сазды кездесу кеші оздырылды. Шара Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Мусағалиева Роза Сәкенқызы, ақын, журналистер одағының мүшесі, Ақжайық ауданының құрметті азаматы Бисенғалиев Сағынтай Орынғалиұлы мен мекеме қызметкерлері, кітапхана оқырмандарының қатысуымен өтті. Жұбан атамыз туған топырақтан түлеп ұшқан, қолынан шәй  құйып беріп, батасын алған Үзілдік Елеубайқызының мерейтойына орай оқырман қауымды, ақынмен жүздестіріп өз аузынан шыққан ыстық ықыласын тындату мақсатында тағылымы мол, есте қаларлық шара өткен болатын.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00