Ақбұлақ ауылдық кітапханасы

Ақбұлақ ауылдық кітапханасы ОКЖ-нің баланстық есебіндегі  кітапхана ғимаратында орналасқан.

Жалпы көлемі- 24кв.м

 

1930 жылдардан аудандық білім бөліміне қарасты Сахарный бастауыш мектебі  жанынан  «оқырман отауы» ашылып, ол мектеп оқушыларына, ауылдың тұрғындарымен қоян- қолтық жұмыстар жүргізді. Ауылдық зиялы қауымы саналған кітапханашы  ол кезде  еліміздегі күрделі бір мәселе сауатсыздықпен күресуге атсалысты.

 

1957 жылы атқарушы комитеттінің   1957 жылдың 27 мамырындағы «О перемещений культурно-просветителный учреждений» шешіміне сәйкес  Сахарный ауылындағы кітапхананы Горячкин ауылындағы кітапханаға көшіру туралы  мәдениет бөлімі  № 83 бұйрығында  көрсетілген.Осы жылдан бастап кітапхана жабылған.           

 

Каленый поселкесін 1952 жылға дейін орыс халқы мекендеп, санаулы қазақ үйлері болған. Сол кездерде  поселкеде  500-ге тарта  үй және  шіркеу болды. Мектеп жанынан ашылған кітапхана үйі   мәдени ағарту жұмыс бөлімінің қарауында  болды. 

 

1950 жылдың 1 наурызындағы мәдени ағарту бөлімінің № 8  бұйрығында Каленый ауылындағы кітапханаға  кітапхана меңгерушісі қызметіне  Есенғалиев Нығмет қабылданған.

 

1951 жылы  Н.Есенғалиев жұмыстан босатылып, орнына  Башенятова Августина  кітапхана меңгерушісі қызметіне қабылданды. Сонымен қатар, осы жылдар аралығында Косарева Александра да кітапханада қызмет атқарған.

 

Совхоз болып құрылған Каленный ауылы 1952  қоян жылы малдары қырылып, тарап кеткен. Сол жылы жаз айынан бастап  Орда ауданына  қоныс аударып, Орданың К.Е.Ворошилов атындағы колхозы  Каленый ауылына қоныстанды.

 

1955 жылдарда Темірғалиев Каленый ауылындағы кітапхана меңгерушісі қызметін атқарған. (мәдениет бөлімінің 1955 жылғы 28 қыркүйектегі № 127 бұйрығы негізінде)

1952-57 жылдарға дейін Каленый – К.Е.Ворошилов  атындағы  колхоздың орталығы болып, Сахарный  ауылы колхоздың фермасы болды.    

 

Каленный ауыл кітапханасы 1968 жылдары   клуб жанындағы бөлмеде орналасқан.  Ауыл тұрғындарының, мәдениет бөлімінің көмегімен ұйымдастырылған кітапханада  алғашқы кітапханашы болып   С.Жантуғанова  қызмет атқарды. Көптеген үйірмелер ашып, Советтік салт ғұрыптарын үнемі жетілдіріп отыру, жұмысшы қатарына ену жеке белгілер тапсыру, озық кәсіп мамандығын атап өту сияқты елеулі күндермен оқиғаларды салтанатты түрде өткізу кітапханашының игі қызметтері және маңызды бір саласы   екенін   көпшілік шараларды өз деңгейінде өткізіп отыру арқылы жеткізе білді.  Апамыз істеген сәттерде кітапхана жұмысы одан әрі жақсара түсті.  Ауылдың көркеюіне саналы ұрпағымыздың өсуіне өз еңбегін сіңірген жан.

 

1968 -1988 ж.  аралығында  Ақбұлақ ауылда клуб жетекшісі болып мәдениет саласында Нұрмуханова Райхан Жұбанқызы жұмыс істеп бастады. Ол кездерде мамандықтың тапшылығына байланысты кітапхана қызметін  киномеханик Райхан Жұбанқызына  жүктелген болатын. Кітапхана  қызметінің жұмыс әдістерімен тәсілдерін жетілдіре беруде кітапхана қызметкерлерін білім дәрежесін көтеріп, іс тәжірибесін шындауға  Орал қаласына кітапханашылардың бір айлық курсына жолдама беріліп, оқып шықты. Кітапханада оқырман арасында түрлі шаралар ұйымдастырып, оқырмандарға кітап оқуына барлық мүмкіншіліктер жасады.  Жасөспірімдерді өмірдегі кездес етін зиянды әдеттерден сақтандыру және өздерін соған қарсы күреске жұмылдыру мақсатында: «Комсомолдық шын сөз», «Адам адамға дос», «Қандай болғың келеді?» т.б  тақырыптарда шаралар жүргізілді.  Еңбекшілердің бос уақытымен демалысын, творчестволық пен мәдениетті де мазмұнды тынығуын ұйымдастыруда кітапхананың негізгі бір саласы. Осы бағытта «Бос уақыт деген не?» , «Сенің бос уақытың», «Демалыс сағатын ұйымдастыра білесің бе?», сияқты тақырыптар қызу талқыланатын шараларды ұйымдастыра білген  Райхан апай өзінің зор еңбегі үшін,  кітапхана жұмысымен  қатар ауыл өміріндегі барлық шараларға, өзгерістерге  үлесін қосып  бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталған.

 

1988 жылдан бастап Ақбұлақ ауылдық кітапханада мамандығы бойынша жас маман Тоғызбаева Ләйлә Қошқалиқызы  еңбек жолын бастады.Оқырмандарын тауып, кітапханада жасөспірімдермен түрлі шаралар ұйымдастырып, мектеп кітапханасымен тығыз қарым қатынаста жұмыс ,яғни жасөспірімдер арасында танымдық ойындар ұйымдастырып,   түскен әдебиеттермен таныстырып отырады. Ауыл өміріндегі барлық шараларға қатынасып жаңа талантарын көзін ашуда аудан бойынша өткізген байқауларға, сайыс, концерттарға оқырмандар арасынан өнерпаздар тауып, Совхоз күндерін өткізуге өз дәрежесінде: совхоздың өмірі мен тарихына,  еңбек озаттары мен ардагерлеріне байланысты көрмелері мен баяндамалар әзірлеуде өз салмағын қоса білді.  Кітапхана ісіндегі жаңашылықты тәжірибесіне еңгізе отырып әр топтағы оқырмандарға жеке оқу жоспарларын құрып кітап насихаттап отырды. Ләйләнің ұйымдастырушылық, үгіт насихат жұмыстарына қабілетілігі науқандық жұмыстар,  сайлау кезінде бағаланып жүр. 

 

2006 жылдың қыркүйек айынан бастап  Ақбұлақ ауыл  кітапханасында  Утугалиева Гүлбаршын Аманкелдіқызы  кітапханашы қызметін атқарып келеді. 2006 жылдың 8 маусымындағы № 169 аудан әкімінің шешімімен Ақсуат ауыл округіне қарасты Каленный ауылының атауы Ақбұлақ болып өзгертілді. Ауыл атауының өзгеруіне байланысты Ақбұлақ ауылдық кітапханасы болып тұрғындарға кітапханалық қызмет көрсетіп ,жұмысын жалғастыруда. Ауылдың  әр түрлі саяси науқандарда белсене қатысып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп . Яғни кітапхана  көрнекілігі ,әр сала бойынша кітап қоры көбейіп оқырмандарға кітап оқуына барлық мүмкүншіліктер жасап түрлі  кітапханалық  шаралар ұйымдастырып, ауыл тұрғындар, мамандар, жастар арасында тығыз қарым-қатынас жасап, бірігіп  оқырмандарға қызмет көрсетуде.

 

Қазіргі таңда Ақбұлақ кітапханасының кітап қоры 8 мыңнан астам , 350-ге тарта оқырманы бар . Биылғы жылы яғни 2008 жылы Утугалиева Гүлбаршын аудандық кітапханашылар байқауында кәсіби дәрежесі бағаланып жүлделі 3-ші орынды жеңіп алды.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00