Тінәлі ауылдық кітапханасы

Тінәлі ауылдық кітапханасы ОКЖ-нің баланстық есебіндегі  кітапхана ғимаратында орналасқан.  Жалпы көлемі- 25кв.

1967 жылдары №2 Қарша ауылында кітапхана   «Оқу үйі» болып ашылды. Алғашқы ашылған кезде  кітапханашы болып А.Есенжанова жұмыс істеді.

Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі егін, мал шаруашылығы болғандықтан алыстағы шопандарға, малшыларға   газет-журналдар апарып, «Социалистік өмір салты», «Партияның бағыты- жасампаздық бағыты» кітап көрмелер ұйымдастырып Компартия және сьезд материалдарымен таныстырып отырған. Лениндік теория мен коммунистік құрылыстың проблемаларына ерекше көңіл аударып, тақырыптық сөрелер, кітап көрмелерін ұйымдастырып «В.И.Ленин и коммунистическое воспитание молодежи» атты  үздік рефератқа сайыс  оздырды. (суретте)

Кітапханада түрлі тақырыпта әңгімелер өткізіп жас оқырмандарға дауыстап оқу жұмыстарын өткізді. Жастарды еңбек, даңк өнегесінде тәрбиелеу, олардың отаншылдық сезімін оятып, азаматтық дербестігін және жауапкершілігін қалыптастыруда жұмыстың жаңа түрі болып саналатын ашық кітап қорын, жаңа әдебиеттерді көпшіліктің қарауына беру, лениндік оқулар, шаралар, еңбек даңқына арналған кештер, диспуттар, еңбек жеңімпаздарымен кездесу  кеші сияқты  шараларды ұйымдастыру  кітапханашының негізгі міндеті болды.

1973-1986 жылы Г.Ихсанова жасады. Кітапханашы өлкетану жұмысына көңіл бөліп өзіміздің аудан туралы әдебиеттерді, баспасөз беттеріндегі материалдарды іздеп тауып, есепке алып насихаттау жұмыстарын жүргізіп отырған. Мұндай жұмыстар жоспарлы түрде халық шаруашылық мүдделеріне, еңбекшілерге коммунистік тәрбие беру ісіне сай жүргізілді.  Оқырмандарын туған өлкеге сүйіспеншілік рухында баулуға, өлкенің  өткені мен қазіргі өмірін тарихы мен жұмысын  білу мақсатында «Өз өлкеңді білесің бе?», «Туған өлке табиғаты», атты шараларды ұйымдастыра отырып, жас оқырмандарды кітапханаға көптеп тарта білді. 1978 жылы кітапхана жұмысын жүйелеуге байланысты  мәдениет бөлімінің қарауында Чапаев орталықтандырылған кітапханалар жүйесі болып ұйымдастырылып, Карша ауылдық  филиалының меңгерушісі Б.Қайсиева қызмет атқарды.

1986-1993 жылдары кітапханашы Г.Құлбаева жасады, кітапханада  оқырмандарға кітап көрмелерін ұйымдастырып, алыстағы малшыларға, шопандарға  агитбригада құрылып насихат жұмыстар жүргізіп отырған. Еліміз тәуелсіз алып, Егеменді Қазақстан болып тіл мәселесі көтерілді. Осыған орай кітапханада «Менің елім - Қазақстан», «Мемлекеттік тіл -ел болашағы» атты кітап көрмелері (суретте) ұйымдастырылып, түрлі шаралар жүргізілді.  

Қазіргі кезде Тінәлі ауылының кітапханасында 1993 жылдан бастап жоғары білімді маман Айтжанова  Айжан жұмыс істейді.  2500 кітап қорымен кітапхананы қабылдап алып, жаңаша жұмыс түрлерін қолданып, ауыл тұрғындарына, оқырмандарға түрлі тақырыпта көпшілік шаралар өткізіп, кітап көрмелерін ұйымдастырып шолулар өткізу Айжанның басты міндетіне айналып отыр. Кітапханада ауылдағы мамандарға ақпарат күндер ұйымдастырып, жаңа келген кітаптармен таныстырып отырады. Кітапханашы мектеппен тығыз байланысты жұмыс істейді. Осыған орай оқушылармен бірге ертеңгілектер, әдеби сайыстар ұйымдастырып, балалардың тапқырлығын, кітапқа сүйіспеншілігін зерттеп отырады.    

2003 жылдың 3 наурызындағы Мәдениет бөлімінің № 16 бұйрығы негізінде ауыл атаулар өзгеруіне байланысты №2 Қарша ауылдық кітапханасы Тінәлі ауылдық кітапханасы  болып өзгертілді.

1988 жылы Мәдени-ағарту училищесін кітапханашы мамандығы бойынша бітіріп 1998 жылы  Тінәлі ауылдық кітапханасына кітапханашы жұмысына қабылдандым.         

2005 жылы Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы университетін  тәмәмдадым.

2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен дене шынықтыру мен спортты дамытудың, еліміздің келешегі мен бүгінгісін тануда әдебиеттерді оқырман сұраныстарын қанағаттандыру үшін кітапхана қорларын толтыру түрлі салалар бойынша және көркем әдебиеттерді насихаттай отырып, оқырмандар арасында көпшілік шаралар  өкізіліп келеді.

Оқырмандарды жаңа кітаптармен, газет-журналдармен таныстырылып отырады. Кітапханашылар жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеуге атсалысу бағытында көптеген қызмет түрлерін жалғастырып, «Жазғы демалыс балалармен», «Бір ел – бір кітап» акциясына байланысты көптеген шаралар ұйымдастырылып   тұрады. Жазғы уақытта мектеп жанынан ашылған «Мирас» жазғы демалыс лагеріне қатысушылармен балаларға шаралар ұйымдастырылды.

2013 жылы мәдениет және өнер қызметкерлер күніне ОКЖ директоры Р.С. Мусағалиевадан «Алғыс хат» марапатталдым.

2013 жылы Қазақстан халық ассамблеясының 25 жылдық мерейтой аясында өткізілген «Кітап - достық көпірі» татар ұлтының әдебиетін насихаттау бағытындағы виртуалды байқауға Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Өтешовадан оқырмандарым Құттығали Медет, Аслан Аяна «Диплом» марапатталды.

2015 жылы Ұлы Жеңістін 70 жылдығына орай орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Майданда туған жырлар»  атты тақырыбында өткізілген сайысқа белсене қатысқан үшін оқырманым Орынбасар Кәусар ОКЖ директоры Р.С Мусағалиевадан «Диплом» марапатталды.

2017 жылы Алаш Орданың 100 жылдығына арналған « Кемел елдің кемеңгер қаламгері» облыстық шығарма байқауына қатысып, оқырман Қамалғали Перизат «Алғыс хат» марапатталды.

2020 жылы Кітапханашылар күніне мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.О Ермұхановтан «Алғыс хат» марапатталдым.

2020 жылы Қазақстан халық жазушысы КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты ақиық ақын Ж.Молдағалиевтың 100 жылдығына орай «Алаштың асыл ардағы» атты аймақтық байқауға қатысып, оқырманым Орынғали Дәурен «Алғыс хат» марапатталды.

2021 жылы «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап» атты облыстық жас иллюстраторлар байқауына қатысып, оқырманым Акмышева Наз «Диплом» марапатталды.

2023 жылы Қадыр Мырзалиевті оқимыз облыстық акциясына қатысып, оқырманым Акмышева Нұрдана «Алғыс хат» марапатталды.

2024 жылы «Кітап –достық көпірі» облыстық байқауға орыс ақыны жазушы А.С.Пушкинің 225 жылдығына шығарма жазып, оқырман Сарсенғали Құралай «Диплом» марапатталды.

Кітапханада кітап қорында ескірген әдебиеттерді кітап қорынан шығарып, жаңа әдебиеттермен кітапхана қоры толығып отырады.  Кітапханада тұрақты көрме «Елбасы жолдауы» - халықты қолдау, «Туған өлке-тұнған шежіре» көрмелері бар.  Ауылымыздың оқырмандары жан-жақты білімді қазақтың салт-дәстүрін бойына сіңіре отырып, ауыл кітапханасы ауыл халқына қызмет етеді.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00