Қабыл ауылдық кітапханасы

Қабыл ауылдық кітапханасы клуб ғимаратының  43 кв.м көлеміне орналасқан.

Прогресс ауылы аудан орталығынан онтүстік шығысқа қарай Жайық өзенінің оң жағасында орналасқан. Қабыл ауылының  кітапханасында  алғашқы кітапханашы болып Насіпқалиева Қ 1967-1978 жылдары жұмыс істеп оқырман арасында жоғары дәрежеде өз мамандығын көрсетті. Кітапханада  сол жылдары үкімет жарлықтарын, шыққан заңдарды насихаттап көрмелер жасақтап малшылар арасында үгіт-насихат жұмыстар жүргізіп, түрлі көпшілік шаралар үйымдастырды.  Ауыл тұрғындарына кітапханалық насихат жұмыстарын ұйымдастырып,  ауылдың рухани, мәдени, тұрмысын көтеруге кітапханашылар Конурова Б, Төлегенова М., Сисенова Қ., Қошанова Ш., Елекенов С.  өз үлестерін қосты.

 

1999-2001 жыл аралығында кітапхана жабылып қалып киномеханик  А.Муберекова кітапхананы таратпай кітап корын сақтап, өз еркімен Қабыл ауылының кітапханашысы  қызметін мойнына алып, ауыл тұрғындарына, шалғайдағы нүктелерге   кино көрсетумен қатар үгіт-насихат, әдебиеттерді насихаттау ұмыстарын жүргізіп отырды.

 

Қазақстан Республика Президентінің – «2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы»  Жарлығына орай аудан халқына мәдени қызмет көрсетуді жақсарту, рухани қажетін өтеу  мақсатында:   « ҚР жергілікті өкілді және атқарушы органдар» Заңының 46 бабын басшылыққа алып, ауыл турғындарының сұрауы бойынша Ақжайық ауданы әкімі А.Б.Сәтбаевтың  2000 жылдың 13 қыркүйегінде № 174 шешімімен  Қабыл  ауылдық кітапханасы ашылды. Кітапхана ауыл клубының бір бөлмесінде орналасқан.   

 

Муберекова Сая кітапхананы  2800 кітап қорымен қабылдап алып, жұмысын жалғастыруда. Оқырмандар арасында түрлі көпшілік шаралар:  әңгімелер, сайыстар, көрмелерге шолулар жие өткізіп тұрады. Сонымен қатар Саяның ұйымдастырушылық  қабілетіне  байланысты  мектеп пен, клубпен бірігіп көптеген шаралар өткізіп,  концерттерге қатысып әзіл-сықақ, скечтер оқып,  қойылымдарға қатысады.

 

 

  

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00