Ғазезов Жанәділ Аманұлы

ҚАЗ

Ғазезов Жанәділ Аманұлы. 1994 жылы 29 қыркүйекте Ақжайық ауданы Құрайлысай ауыл округі Әтібек елді-мекенінде дүниеге келген. 2010-2013 жылдары аралығында Орал политехникалық колледжінде «Құрылысшы» мамандығы бойынша оқып бітірді. 2011жылдан «Облыстық ат спорты» мектебінде білім алып, БҚО чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы атанды. 2012 жыл Шымкент қаласында Асанбай Асқар атындағы Халықаралық турнирде аударыспақтан жеңімпаз, 2013 жылы Республикалық «Ақ бидай» ауыл ойындарында Шымкент қаласында теңге ілеуден бас жүлде, 2014 жылы Түркістан қаласында ашық Республикалық турнирдің күміс жүлде иегері, 2015 жылы Талдықорған қаласында ҚР чемпионатында күміс жүлде иеленеді. 2013-2019 жылдар аралығында облыстық балалар жасөспірімдер мектебінде «Ат спорты» бөлімінде бапкер - жаттықтырушы, 2019 жылдан Ақжайық ауданында «Жігер» спорт клубында спорт - нұсқаушы болып жұмыс жасап, ұлттық спортқа облыс деңгейінде шәкірт тәрбиелеумен айналысуда.

РУС

Газезов Жанадиль Аманович родился 29 сентября 1994 года в селе Атибек курайлысайского сельского округа Акжаикского района. С 2010 по 2013 годы учился в Уральском политехническом колледже по специальности «строитель». В 2011 году прошел обучение в школе "областной Конный спорт" и стал неоднократным победителем чемпионата ЗКО. 2012 год-победитель международного турнира по аударыспаку имени Асанбая Аскара в Шымкенте, в 2013 году-Гран-при тенгеилеу в Шымкенте, в 2014 году-серебряный призер открытого республиканского турнира в Туркестане, в 2015 году-серебряный призер чемпионата РК в Талдыкоргане. С 2013 по 2019 годы работал тренером в областной детско - юношеской школе на отделении «Конный спорт», с 2019 года работал спорт-инструктором в спортивном клубе «Жигер» Акжаикского района, занимался воспитанием учеников в национальном спорте на областном уровне.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00