Елбасы Н.Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Ақпараттың ғасыры» деп атап көрсеткендей, ХХІ ғасыр жаңа бағытта жұмыс істеуді талап етеді.
Осы мақсатта кітапханашы мамандардың бас қосуымен «Ақпарат әлеміндегі – кітапхана» тақырыбындағы тимбилдинг шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Шараға аудан әкімінің орынбасары Т.Габдушев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараларда белсенді атсалысқан қызметкерлерге
аудан әкімі Қ.Айтмухамбетовтің алғыс хатымен
- ОКЖ директоры – Р.С.Мусагалиева
- Әдіскер – Ж.Есеналиева
- Қурайлысай ауылдық «i-Lib» комьюнити орталығының кітапханашысы – М.Шакенов
- Сайқұдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы – Қ.Тлегенов
- Кітап қорын толықтыру және өндеу бөлімінің жетекшісі – Г.Гилмановаларды марапаттады.
Ақиық ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Жұбан Молдағалиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етуден бастау алған шара «Жұбан» орталығында экскурсиямен жалғасты. Кітапхана саласы қызметінің одан әрі дамып жетілуіне, жыл бойы аталып өткен атаулы даталарға, түрлі байқауларға қатысып өз үлестерін қосып жарқырап көріне білген кітапхана мамандары марапатталды.
Аудандық кітапхананың субұрқақ алаңында жалғасын тапқан ұйымшыл ұжым қалаптастыруға, ұжымдық байланыстарды нығайтуға жағдай жасайтын қазіргі заманғы тәсілдердің бір түрі ТИМБИЛДИНГ шарасы қызықты өткізілді. ОКЖ диреторы Р.С.Мусагалиева «Ақпарат әлеміндегі – кітапхана» тақырыбына тоқталып, жұмыстың жаңаша түрлері, ақпарат кеңестігіне жол ашу, жаңа технологияды, интернетті ұтымды пайдалану, жаңа бағдарламалар мен жаңа жобаларды іске асыру туралы сөз етті. Шара барысында үлгілі кітапханалар (Алмалы ауылдық модельді кітапханасы, Тайпақ кітапхана-коворкинг орталығы, Қурайлысай ауылдық кітапханасындағы «i-LIB» комьюнити орталығы) жұмыстары танысытырылып, іс-тәжірибе алмасылды. Мамандықтардың қыр-сырымен таныстыратын, жасөспірімдерге мамандық таңдауға көмек беретін «Сенде бір кірпіш дүниеге» атты жаңа жобаның презентациясы өткізілді. Жиналған кітапханашы мамандар ой-бөлісіп, сергіту сәтімен шара қорытындыланды.