Аудандық кітапхана, Тайпақ Ақжол, Жаңабұлақ ауылдық модельді кітапханалары алаңында вебинар оздырылды.

Бүгінгі күні  елімізде Елбасының тікелей тапсырмасымен еліміздің бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жаңа технологияларды игере отырып, цирфлы экономикаға өту жолдары жүйеленіп,осы тұрғыда тыңғылықты жұмыс жүргізіліп жатқаны белгілі.

Кітапхана – қоғамның оң өзгеріске бет алуына мүмкіндік беретін орын ретінде, жүйені цифрландыру ісіне барынша үлес қосуда.Осы бағыттағы атқарылар жұмыстармен таныстыру мақсатында кітапханашылардың  оn-line режимінде  ауылдық кітапханашылардың қатысуымен  Аудандық кітапхана, Тайпақ Ақжол, Жаңабұлақ ауылдық модельді кітапханалары алаңында вебинар оздырылды.

Тайпақ  ауылдық модельді кітапханасы «Менің арманымдағы кітапханам» слаид шоуы арқылы кітапханашылар көзімен   болашақ коворкинг орталығының жобасымен таныстырса, Ақжол ауылдық модельді кітапханасы  қазіргі таңда кітапхананың қолжетімді қазына екендігін жырақта жүрген оқырман, Алматы техникалық университетінің студенті М.Н.Декичтің бейне құттықтауы арқылы жеткізіп, жастар атынан сөз алған  оқырман Н.Е.Гумарова     Ә.Тәжібаевтың «Қараймын көнерген іздерге»  өлеңін мәнерлеп оқыды. Жаңабұлақ  ауылдық модельді кітапханасының  жас оқырмандары баланы жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейтін ұлттық  асық ойыны арқылы латын әліпбиін жазуға үйрететін асық терапиясы ойынынан үзінді көрсетті.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00