1940 жылы 5 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданында туған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болған. 1959 жылы Тайпақ орта мектебін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, Ақжайық, Жымпиты аудандық газеттерінде қызмет еткен. Оның алғашқы үш әңгімесі республиканың жас жазушыларының «Шұғыла» атты жинағына (1966 ж) енген. «Алыстан көрінген от» (1970 ж), «Қимас күндер» (1980) кітаптарының авторы. Көптеген очерктері жарық көрген.