«Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» ұзақ мерзімді жобасы

Баба тарихтан бізге жеткен деректердің бірқатары әсіресе кеңестік кезеңде өзге елдер ғалымдары мен саяхатшыларының еңбектері арқылы таныстырылғаны жасырын емес, түрлі бұрмалаушылықтардың да болғаны аян.

Бүгінгідей еліміз егемендігін алып, өз өлкесінің тарихын өзгеден бұрын өзі біліп, өзі жасауға талпынуы керек. Ақжайық ауданының аумағында тарихын әліде нақтылай түсуді қажет ететін мәдени ескерткіштер мен қорған, обалар, жер-су аттары баршылық.

Олар ауданның әр округінде дерлік кездеседі. Сондықтан аудандық кітапхана «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» жобасын іске асырды. Жоба облыстық кітапханалар байқауында жоғары дәрежеде бағаланды.

Жобаның мақсаты - өлкетану жұмыстарын жүргізу нәтижесінде өлкемізде әлі де болса белгісіз, жабулы күйінде қалып келген кейбір тарихи орындар немесе оқиғалар туралы тың дерек көздерінің табылу мүмкіндігінің молайтып, оқырмандардың өз өлкесін тануға, білуге деген құлшынысы мен қызығушылығы арттыру.

Жоба қолға алынғаннан бері көптеген іс-шаралар өткізіліп, нәтижесінде ауданның тарихынан сыр шертетін 3 бірдей басылым жарыққа шықты.

 

 

 

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00