«Кітапхана әлеуметтік желіде» кітапханалық блогы

Бүгінгі күннің шындығына көз салсақ, қазіргі кезде жастарды ғаламтордан және әлеуметтік желілерден айыру мүмкін емес, сондықтан кітапханалық қоғамдастықтың міндеті ғаламтордағы мәдени контентті кеңейтіп, жас ұрпақтың сапасы төмен, жалған ақпараттарды айыра алатындай медиа және ақпараттық сауаттылығын тәрбиелеу.

Электронды орта қолжетімділікті кеңейтіп, жазушылармен кездесу, оқырмандар клубы, викториналар және байқаулар тәрізді кітап пен оқу ісін ілгерілетудің дәстүрлі формаларын түрлендіруге мүмкіндік береді. Қашықтағы пайдаланушылармен кітапханалық қарым-қатынас жасау формасына форумдар мен блогтарды жатқызуға болады.

Аудандық кітапхананың әзірлеп отырған блогы кітап пен оқу мәселесіне бағытталған. Кітапханалық қарым-қатынас жасау формаларын қолдану кітапханадағы көрсетілетін қызметке баға беріп, оқу мәселесі бойынша жеке кеңес алуда пайдаланушыға көмек болуы мүмкін.

Блогтың мақсаты – жастардың интеллектуалды интерактивтік қарым-қатынас жасау ортасын құру, кітапханалардың әлеуметтік желілерде белсенділіктерін арттыру, ғаламтордың мәдени - маңызды сегментін кеңейту.

 

 

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

Блог директора

Мусагалиева Роза Сакеновна

Перейти к блогу

Баннеры

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Схема проезда

Западно-Казахстанская область, Акжаикский район, село Чапаево, улица Конаева, дом 73
ПН-ПТ 09:00-18:00