Жобаның мақсаты мен міндеті.
Мақсаты: Оқырмандардың ұлттық көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын жоғарылатуға бейімдеу, қалыптастыру, оқырмандарды көркем әдеби кітаптарды оқуға шақыру, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету, оқырмандарға ұмыт қалған авторлар кітаптарын насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау.
Балаларды ешқашан құндылығын жоймайтын кітап оқуға тәрбиелеп, ел болашағын құрайтын жас ұрпақтың саналы, білімдар, елім дейтін ерлер болып өсуіне, қалыптасуына ықпал ету.
Міндеті: ХХІ ғасыр - ғылымның, білімнің ғасыры. Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші – білім, ал білімнің кәусар бұлағы – кітап екені бәрімізге белгілі. Сондықтан да оқырмандарымызды оқуға тарта отырып, мазмұны ескірмеген әдебиеттерді жандандыру бағытындағы жобаның мақсатынан саналы міндеттер туындайды.
-
«1+1» оқырмандар акциясының жобасын дайындап өткізіп отыру арқылы оқырмандардың әдебиетке деген сенімін арттыру;
-
Әдеби мұра құндылықтарын дәріптеу;
-
Ұмыт қалған авторларды насихаттау;
-
Болашақ ұрпақ бойына кітапқұмарлық қасиет дарыту;
-
Жаңадан дамыған әр түрлі кітапханалық жұмыс формасын, оқуға қабілеттілігін арттыру;
-
Ауыл кітапханасының оқырмандармен жұмысын жандандыру;
Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік, парасат, иман ордасы деп білімін, ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті ең асыл құндылықтың ең жанкешті сақшылары ретінде санаймын.
Әбіш Кекілбаев