Кітапхана

Кітапханашылар Әнұраны.

 

«Кітап – білім бұлағы» – деп айтады Ел,

Жан – дүниең шөліркесе қайта кел.

Қанып ішсең қайнарынан білімнің ,

Заман көшін бастадым - деп айта бер!

 

Қайырмасы:

Кітапхана – болашаққа жол басы,

Кітапхана – орман – ойдың ордасы.

Тектіліктің тұмасынан басталған,

Бағыты айқын ақыл - өзен арнасы.

 

Кітапхана қазыналы сарай кең,

Сол сарайды зор байлыққа балайды Ел.

Қасиетті қазынаны игерсең,

Салиқалы саптамын деп санай бер!

 

Қайырмасы:

Оқырманға орда кілтін ашатын,

Саналарға сәулелі нұр шашатын,

Кісілікке қызмет етер қашан да,

Кітапханашыларымыз ЖАСАСЫН!

 

Қайырмасы:

Кітапхана – болашаққа жол басы,

Кітапхана – орман – ойдың ордасы.

Тектіліктің тұмасынан басталған,

Бағыты айқын ақыл - өзен арнасы.

 

Сағынтай Бисенғалиев

 

ОКЖ тарих Аудандық кітапхана тарихы Ақжол ауылдық кітапханасы Ақсуат ауылдық кітапханасы Алғабас ауылдық кітапханасы Алмалы ауылдық кітапханасы Базартөбе ауылдық кітапханасы Базаршолан ауылдық кітапханасы Бударино ауылдық кітапханасы Есенсай ауылдық кітапханасы Құрайлысай ауылдық кітапханасы Мерген ауылдық кітапханасы 

 

Бүгінгі кітапхананың мақсаты – ауыл жұртшылығының сұранысын қамтамасыз ету үшін өзінің ақпараттық әлеуетін нығайту, оқырман қауымның ақпараттарды білуге деген талап-тілегіне қолдау көрсету, электронды ресурстарды тиімді қолдануға үйрету. Жалпы оқырман сұранысына жауап беретін ақпарттық орталық ретінде кітапхананың алар орны ерекше.

Оқырмандарды жаңа технологиялар арқылы ақпаратпен қамтамасыз етуде және пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсетуде кітапханалық КАБИС автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы мәліметтер базасы толықтырылса, BOOKSCAN модулі арқылы өлкетану бағытындағы кітаптарды көбейту, мұрағат қорларымен де тығыз қарым қатынаста жұмыстануда.

Ақпараттық, мәдени-ағарту орталығы болып табылатын заманауи кітапхана – бұл мәдениеттің, ғылымның әлеуметтік институты және кітапхана саласындағы озық технологиямен жұмыс жасауды талап етеді. Кітапхана қызметін дамыту мамандардың кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Сол бағытта қызметкерлердің кәсіби деңгейі бір бағытта тұрып қалмай, уақыт талабымен ұштасып отыруы басты назарда болып отыр. Кітапхана қызметкерлері жыл сайын кәсіби біліктілігін арттырып, түрлі біліктілікті арттыру курстарына қатасып білімдерін жетілдіре түсуде.

Қорында 76000-нан астам кітабы бар «Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-сі 1978 жылы орталықтандырылды. ОКЖ болып құрылғанда құрамында 17 ауылдық кітапхана,оның ішінде аудандық кітапхана, орталық балалар кітапханасы яғни, 19 кітапхана- филиалы болды.

Қазіргі таңда Ақжайық ауданында барлығы - 42307 мың халыққа әртүрлі жүйедегі 45 кітапхана қызмет көрсетеді. Оның 1-аудандық кітапхана, 2-орталық балалар кітапханасы, 42 ауылдық кітапханалар, 8-і модельді кітапхана.

Кітапхананың жалпы аумағы 725 шаршы метрді құрайды. Қазіргі заманға сай 2 қабатты ғимаратта орналасқан. 583851 кітап қоры бар, қорды 29499 мыңнан аса оқырман пайдалануда. Жыл сайын 426398 мыңға жуық кітап пайдаланушыларға беріліп, кітапханаға келушілер саны 185968 аса оқырманды құрайды.

78 жоғары білімді кітапхана қызметкерлері оқырмандар үшін үздіксіз қызмет көрсетуде.

 

 Кітапхананың негізгі міндеттері және жұмыс бағыттары

Кітапхана тұрғындарға сапалы кітапханалық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау, заман талабына сай ақпараттық-технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жаһандық ақпаратпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде:

  • Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Стратегиялық бағдарламаларын, Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау;

  • Мәдени саланы дамытудағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу;

  • Ақпараттық және кітапханалық қызмет көрсету сапасын жақсарту; ақпараттық ресурстарды дамыту;

  • Кітапхана қорының электрондық базасын құру. Электронды мәліметтер және өлкетану базасын толықтыру;

  • Ұлттық және халықаралық кітапханалық қоғамдастықтың дамуына атсалысу және қолдау;

  • Ақпараттық және кітапханалық қызмет көрсетуде қоғам үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған кітапхана қызметінің құқықтық базасын жетілдіру;

  • Кітапханалар ісін дамыту мен автоматтандыру бағытында жаңа технологиялық үрдістерді пайдалана отырып, оқырмандарға қызмет көрсету түрлерін жетілдіру:

  • Мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға арналған «НҰР» рухани отауының қызметін кеңейту;

  • Кітапханалардың әлеуметтік желілерде белсенділіктерін арттыру, оқырмандардың интеллектуалды интерактивтік қарым-қатынас жасау ортасын құру, қашықтықтан кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты КІТАПХАНАЛЫҚ БЛОГ арқылы ұйымдастыру.

  • «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» кітапханалық жобасы арқылы өлкетану ресурстарына кеңінен қолжетімділікті қамтамасыз ету.

  • Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ел ішінде елеусіз, көріне алмай жүрген шығармашылықпен айналысатын жас оқырмандарды тауып, шығармаларына жол ашып, жария болуына жағдай жасау. «МУЗА» шығармашыл оқырмандар отауы жұмыстарын дамыту;

  

 

Кітапхана бөлімдері:

  • Әкімшілік;

  • Абонемент залы;

  • Көпшілік оқу залы;

  • Мәжіліс залы;

  • Кітапхана ісін дамыту және автоматтандыру бөлімі;

  • Әдебиеттерді өңдеу және толықтыру бөлімі;

  • Әр бөлімде библиограф мамандары ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетеді;

  • Мерейтой иелеріне арналған бөлме:

  • 2015 жылы Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдық мерейтойына арналған «Ақұштаптану» бұрышы;

  • 2017 жылы Сағынғали Сейітовтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ поэзиясының тарланбозы» бұрышы

  • «Әже, оқып берші» бұрышы;

  • Кітапхана мұражайы;

  • Мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға арналған «НҰР» рухани орталығы;

  • «Муза» шығармашыл оқырмандар отауы;

 

Кітапханалық қызмет көрсету

  • Кітапхана ресурстарына электронды қолжетімділік;

  • Құжаттарды электронды жеткізу;

  • «Кітапхана әлеуметтік желіде» кітапханалық блогы арқылы виртуалды анықтама; оқырман орталығын құру; қашықтықтан пайдалану мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

  • Деректер және мәліметтер базасына, ғаламторға еркін қолжетімділік;

  • Кітапхананың кез келген жерінде жоғары жылдамдықты WI-FI желісі;

  • Кітапхананың оқу залында және оқырман компьютерлерінде электронды каталогты пайдалану;

 

  

Мерейтой иелеріне арналған бөлме

Ғылым мен білімнің бұлағы кітап атаулының шоғырланған мекемесі кітапхана - адамзат баласының рухани тыныс-тіршілігінің айнасы ретінде танылып, жаңа дәуірде жаңаша дәстүрмен, жаңаша келбетімен танылып, бүгінгі қоғамға өзінің қажеттілігін мойындатып отыр.

Оқырманның ойына ой қосатын, санасына нұр ұялататын бөлмелерінің бірі «Мерейтой» бөлмесі. Бұл бөлме атақты тұлғалардың, оның ішінде ақын-жазушылардың мерейтойларына арналып жасақталады.

2014 жылы «Құрмет» орденінің, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының БҚО бөлімшесінің төрайымы, ақын А.Бақтыгерееваның 70 жасқа толуына орай «Ақұштаптану» бөлмесі, 2017 жылы Қазақстанның белгілі ақыны, әдебиеттанушы ғалым Сағынғали Сейітовтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ поэзиясының тарланбозы» атты бөлмесі жасақталды.

Мерейтой иелерінің бөлмесі жанға жайлы, мол мұрағаттық қорымен оқырмандарды мерейтой иесінің әлеміне енгізеді.

 

 

«Әже, оқып берші» бұрышы

Кітаптың шығармашылық негізіндегі даму мүмкіндіктерін терең түсінген бірегей ғалым Альберт Эйнштейн былай деген: «Егер балаңыз ақылды болсын десеңіз, оған ертегі оқып беріңіз. Егер балаңыз асқан ақылды болсын десеңіз, одан да көп ертегі оқып беріңіз».

2015 жылы Орталық модельді балалар кітапханасы «модельді кітапхана» статусын алғаннан бері, абонемент залында «Әже, оқып берші» бұрышы тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтарды, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу,аға ұрпақтың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, Отанын сүйетін патриот, ұлттық рухы биік парасатты азамат, жоғары адамгершілік иесі, еңбекқор болып өседі.Сондықтан,отбасылық оқуды дәріптей отырып, осы бұрыш арқылы бала бойына ұлттық тәрбиені, халық ауыз әдебиетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар мен шешендік сөздерді кеңінен насихаттап сіңіру мақсатында, кітапханада белгілі бір ата-аналар тобымен үнемі жұмыс жүргізіледі.

Осы бұрышқа Алдар көсе, «Даналық әліппе» инновациялық сөйлейтін қалам, Дудар қыз және т.б. кітаптар мен қатар дәстүрлі бұйымдар қойылған.

 

 

 

Кітапхана мұражайы

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсанында киелі шаңырақ саналатын кітапханада – кітапхана мұражайы ашылды.

Кітапхана мұражайы - тәрбиелік мәні бар мәдени орын болып табылады және кітаптың таралу тарихын ашып көрсетуге, оқырмандарды бірегей жазба ескерткіштері мен сирек басалымдарға тартуға үндейді.

Мұражай - қасиетті шаңырақта қонақта болып өз қолтаңбаларымен сыйға тартқан басылымдарды, Ақжайықтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтың өз кітапханасынан тарту еткен құнды басалымдары, мәдениет және кітапхана саласында көп жылдар бойы қызмет еткен қызметкерлердің алған асулары туралы кітапхана тарихыннан сыр шертеді.

Кітапхана тарихы тереңде, себебі қазіргі Тайпақ ірілендірілген ауылдық кітапханасы сонау ХІХ ғасырдың аяғында (1884 жылы Калмыков елді мекенінде) «Тургенев кітапханасы» болып ашылған. Кітапхана алғаш құрылған жылдардан-ақ көпшіліктің жиі баратын, сүйікті орынына айналған. Заман көшіне ілесе отырып, оқырман игілігіне қызмет етуде. Кітапхана мұражайы осы тарихтың барлығын құнды құжат санап, сақтауда.

 

 

Мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға арналған «НҰР» рухани отауы

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық кітапханада «НҰР» рухани отауы ашылды. Бұл отау мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан тыс қалдырмау, рухани ордаға бас сұғып, әдебиет әлеміне тереңірек бойлауына мүмкіндік беретін, рухани байлықпен танысып, емін-еркін отырып тынығатын бөлме болып табылады.

Рухани отауда «Брайл» қаріпімен оқылатын туындылар, көзі көрмейтін оқырмандарға арнайы компьютерлік JAWS 15.0 бағдарламасы және ұлттық спорттық ойынға арналған бедерлі шахматтар, дойбы, балаларға арналған брошюралар, ертегі кітаптар, отандық және шетелдік авторлардың туындылары жазылған аудио-таспалар мен компакт-дискілер бар.

 

 

«Муза» шығармашыл оқырмандар отауы

Елбасымыз Н.Назарбаев қолдаған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ел ішінде елеусіз, көріне алмай жүрген шығармашылықпен айналасатын жас оқырмандарды тауып, шығармаларына жол ашып, жария болуына жағдай жасау мақсатында «Қазақстан ақын-жыршылар Одағының» мүшесі, ақын, аудандық кітапхананың әдіскері С.Бисенғалиевтің жетекшілігімен «МУЗА» шығармашыл оқырмандар отауы құрылды. Талабы зор, мақсаты айқын «Муза» ұлттық мәдениеттің мәңгілігі жолында қалың оқырманға қызмет ете жүріп, олардың арасындағы жылт еткен жыр шоғын үрлеп, жарқырата жағу – арман мақсаттарымыздың, мұрат мүдделеріміздің бастысы болмақ. Жоспарлы жұмысы жалғасып, ой ордасы – кітапхананың түндігін жырмен ашып, мәдени мұраларымыздың мәңгілігіне қажет ете бермек.

 

 

 

 

 

 

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00