Қожахметова Мағира.
МЕНІҢ ШАШЫЛҒАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯМ: Портреттер, увертюра – эсселер, суреттер – сұхбаттар / Мағира Қожахметова – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. – 704 б.
Автордың бұл жеке жоба-топтамасы төрт бөлімге жинақталған: 1.Музыка. 2.Балет. 3.Театр. 4.Бейнелеу. Кескіндеу.
Осы өнер түрлерінің қазақ топырағында туған көрнекті тұлғаларымен қатар адамзаттың ортақ игілігіне, құбылысқа айналған есімдермен де, тарих қойнауна енген әр кезеңдегі өкілдерінің бір-біріне ұқсамайтын портреттерімен таныса аласыздар. Күй, вальс, соната, симфония, ән, жыр, би, сахна сиқыры, режиссерлік, актерлік шеберлік ісденістері, орындаушылық ерекшеліктері көркемдік мәнерімен қызықтырады. Анық-қанық, нақты. Әрбір кейіпкері өз нотасының биігінде. Бейнелеу өнерінің түрлі ғасыр аралығында інжу-маржанға айналған сурет, мүсіндері кенеттен сырын ашып, сайрап шыға келгендей ісерге бөлейді.
Жинақтың композициялық құрылымынан талант атты ұлы ұғымның уақыттан тыс, азат, нақтылай түссек – мәңгілік өзекті екені айқын аңғарылады.
Тілі тартымды, ойы телегей-теңіз «Менің шашылған энциклопедиям» қалың оқырманның игілігіне жол тартты. Интелектуалдық сұранысты өтейтіндей қауқары бар, мәдениет, әдебиет жанашырлары іздеп оқитын жинақ бұл, яғна әрқайсыңыздың жеке энциклопедияңыз. Ендеше оқуға асығыңыз, пікір түйіңіз, түйсіну, сезіну кеңістігіне қанат қағыңыз. Сұлулық әлеміне хош келдіңіз!
Read more ...