Жаңа кітаптар 2022 жыл

Қожахметова Мағира.

МЕНІҢ ШАШЫЛҒАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯМ: Портреттер, увертюра – эсселер, суреттер – сұхбаттар / Мағира Қожахметова – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. – 704 б.

Автордың бұл жеке жоба-топтамасы төрт бөлімге жинақталған: 1.Музыка. 2.Балет. 3.Театр. 4.Бейнелеу. Кескіндеу.

Осы өнер түрлерінің қазақ топырағында туған көрнекті тұлғаларымен қатар адамзаттың ортақ игілігіне, құбылысқа айналған есімдермен де, тарих қойнауна енген әр кезеңдегі өкілдерінің бір-біріне ұқсамайтын портреттерімен таныса аласыздар. Күй, вальс, соната, симфония, ән, жыр, би, сахна сиқыры, режиссерлік, актерлік шеберлік ісденістері, орындаушылық ерекшеліктері көркемдік мәнерімен қызықтырады. Анық-қанық, нақты. Әрбір кейіпкері өз нотасының биігінде. Бейнелеу өнерінің түрлі ғасыр аралығында інжу-маржанға айналған сурет, мүсіндері кенеттен сырын ашып, сайрап шыға келгендей ісерге бөлейді.

Жинақтың композициялық құрылымынан талант атты ұлы ұғымның уақыттан тыс, азат, нақтылай түссек – мәңгілік өзекті екені айқын аңғарылады.

Тілі тартымды, ойы телегей-теңіз «Менің шашылған энциклопедиям» қалың оқырманның игілігіне жол тартты. Интелектуалдық сұранысты өтейтіндей қауқары бар, мәдениет, әдебиет жанашырлары іздеп оқитын жинақ бұл, яғна әрқайсыңыздың жеке энциклопедияңыз. Ендеше оқуға асығыңыз, пікір түйіңіз, түйсіну, сезіну кеңістігіне қанат қағыңыз. Сұлулық әлеміне хош келдіңіз!

Құрлыбек Ергөбек

АДАМНЫҢ БІР ҚЫЗЫҒЫ БАЛ ДЕГЕН... қазақ балалар әдебиеті мәселелері – Нұр-Сұлтан: Big Dream баспасы, 2021 ж. – 428 бет

Бір жанр жай-күйін тұтас бір кітапта тарата, талдай әңгімелеу көрнекті әдебиет сыншысы Құланбек Ергөбектің қалыптасқан қаламгерлік дағдысы. Сыншылық сондай мақсаткерліктен туған «Адамның бір қызығы бала деген...» - қазақ балалар әдебиетінің тарихын түрік халықтарына ортақ алтын тамырдан арна тарта әңгімелейтін, әдебиеттің қызықты да, қиын саласының көп жылдық жетісьік, кемшілгін ақ – адал саралайтын, бүгіні, алдағы ділгір мәселелерін орайымен толғайтын толайым толғақты ойлардан тұратын жұлын-жүйкесі бүтін жүйелі еңбек, бір тақырыпта туған желілі тұтас кітап.

 

 

Нұрперзент Домбай

ҰЛТ ЖАНЫ. – Нұр-Сұлтан: «Big Dream» баспасы, 2021 ж. – 228 бет.

Нұрперзент Домбай журналистік қызметінде ана тіліміздің мәртебесі артуына қызмет етті. Тілдің ұлт, ел үшін алар орны ерекше екенін алға тартты. Оқырман қауымға ұсынылып отырған бұл жинақта тілге қатысты әр жылдарда жарық көрген мақалалар, сұхбаттар, ой-толғамдар беріліп отыр. Ана тілге деген сүйіспеншілік пен құрмет, ықылас-пейіл осы дүниедерден анық аңғарылады.

Көпшілік оқырманға арналған.

 

 

 

 

Жылқыбай Жағыпарұлы

Қалам киесі (публицицстикалық-танымдық проза). – Нұр-Сұлтан: «Big Dream» баспасы, 2021 ж. – 228 бет.

Қазақстан Жазушылар одағаның мүшесі, белгілі журналист Жылқыбай Жағыпарұлының бұл кітабына ғасырлар тоғысындағы ширек ғасырдан астам уақыт ішіндегі журналистік жазбалары арқау болған. Сонау бір «өкпені қысқан өтпелі» кезеңнің ащы шындығы, қарапайым адамдардың толғанысты тағдырлары, бүгінгі күнінің кешенді проблемалары мен қазақ жерінің экологиялық жанайқайы нақты өмірден алынған оқиғалар негізінде шынайы баяндалған.

Кітаптың тілі шұрайлы, мазмұны танымдық. Көпшілік оқырманға арналған.

 

 

Мәсімханұлы Дүкен

Азаттығым мен қазақтығым: елдік пайымдар, сыр-сұхбаттар, толғамдар / Д.МәсімханұлыАстана, 2014. – 400 б.

Тәуелсіздік алғалы бері қазақ зиялылары елдің іргесін бекемдеу, сананы отарсыздандыру, жас ұрпаққа сапалы біліп беру, олдарды отан сүйгіштікке баулу, қазақ елінің демографиялық әлеуметін көтеру, т.б. секілді елдік мәселелер төңірегінде тынбай тер төгіп келеді. Аталған мәселелер төңірегінде жиі қалам тербетіп, «елім» деп еңіреп жүрген азаматтың бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, талантты ақын, аудармашы, қытайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы. Бұл кітапқа оның елдік мүдде мен ұлт болашағы туралы әр жылдарда жазған мақалалары, мерзімді баспасөзге берген сұхбаттары мен пәлсапалық толғаныстары топтастырылып отыр.

Кітап жоғары оқу орындарының саясаттану, әлеуметтану, журанлистика, шығыстану, дінтану, т.б. мамандықтарда оқитын студенттерге, сонымен бірге «елім, жұртым» дейтін жалпы оқырманға арналған.

Мәсімханұлы Д.

ӨЗ АСПАНЫМ ӨЗІМДЕ. Өлеңдер, толғаулар, поэмалар. – Астана: Фолиант, 2014. – 440 бет.

Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, белгілі ақын, аудармашы, Дүкен Мәсімханұлының «Өз аспаным өзімде» атты жыр жинағына оның соңғы жылдардың беделінде жазылған өлең, поэмаларымен бірге қытай және өзге де шетел ақындарынан тәжімалаған аударма өлеңдері топтастырылып отыр.

Мұндағы шығармалардың денін ақынның ел мен жер, Отан туралы азаматтық мінез бен патриоттық рухқа толы жырлары құрайды. Сондайақ жастық шақ туралы жырлар мен махаббат лирикаларына да кітаптан мол орын берген.

Кітап жыр сүйер қауымға арналған.

 

Балмолда М.

«ДАЛА КӨКЖАЛЫ» романы / «TengriLTD» ЖШС баспаханасы, Қарағанды 2021. – 594 бет.

Роман бурқанған жиырмасыншы ғасырдаң бас кезеңінде еліміздің дербестігі үшін басын бәйгеге тігіп, жанқиярлықпен күрес жолына түскен Алаш арыстары қақындағы тарихи деректер негңзңнде жазылған. Бұл көркем әдеби еңбекте Алашорданың күнбатыс бөлімі, оның көсемі Жаһанша Досмұхамедұлы және оның айналасындағы адамдар арқылы сол кезеңнің тарихи оқиғалары суреттеледі. Кітап Жаһанша Досмұхамедұлының туғанына 135 жыл толуына арналады. 

 

 

 

Рухани әлем иесі (Звайда Бисенқызы Утешеваның өмірі мен шығармашылығына арналған) / құрас.: А.ККульчукова, Т.М.Исмагулова, шығаруға жауапты Э.И.Аманғалиева – Орал, ШұғылаПринт, 2021. – 114 б. + түрлі-түсті суретті жапсырма. – («Танымал тұлғалар биобиблиографмясы» сериясы)

Библиографиялық көрсеткіш 120-дан астам жарияланымдар мен мақалалардың авторы, ҚР Мәдениет қайраткері З.Б.Утешеваның 60 жылдығына арналып шығарылды. Көрсеткіш кітапхааншыларға, мәдениет қызметкерлеріне, өлкетанушыларға, оқытушыларға, кітпахана факультетінің студенттеріне, мекетп оқушыларына және БҚО кітапханаларының тарихына қызығушылық танытқандардың барлығына арналаған.

 

 

Ғұбайдуллин Бауыржан

Биленбеген вальс. / Б.Ғұбайдуллин. – Орал: «Полиграфсервис», 2020. – 156 б.

Жаушының бұл жинағына әңгіме, новелла және мысал жанрында жазған прозалық шығармалары топтастырылған. Осы кітаптан әр жылдары газет—журанлдарда жарқ көріп, оқырман қауымға қоса, әдебиетіміздің әлеуетті өкілдері тарапынан жоғары бағаланған «Кие», «Шортан», «Биленбеген вальс», «Ортақ ерлік», «Бір түнгі жалғыздық» сынды әңгімелерге қоса, сіздер автордың соңғы жылдары жазған соны шығармаларын да оқи аласыздар.

 

 

 

 

 

Толқын Қабылша

Осы бір сәт ұнайды: Қабылша Т. – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. – 120 бет.

Ақын Толқын Қабылшаның бұл жыр жинағына шығармашылық иесінің лирикалық сарындағы толғаныстары мен азаматтық тақырыптағы өлең-жырлары енген. Нәзік те қуатты жырлардың легімен поэзия парасатына бойлаған қаламгердің шынайы ішкі тегеуріні, ақындық аманатқа, адалдығы жанарға жылы ұшырап қана қоймай, оқырманына ой салады.

 

 

 

 

 

 

Исламғали А.

Жетінші авеню / Айбол Исалмғали. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. – 128 б.

Жас әрі жаңашыл ақының бұл жинағына лирикалық жырлары мен шағын аудармалары еніп отыр.

Кітапқа өң мен түстің, бар мен жоқтың арасында сабылған жанның алағай күйі, сағынышы, үміт пен аңсары көркем кестеленеген.

Ақынның қайшылыққа толы әлемі мен ішкі бұлқыныстары, шексіз қиялы мен астарлы ойлары көктемгі жауындай мұңлы һәм ерекше сезімге бөлейді.

Жинақ көпшілік оқырманға арналған.

 

 

Қарақыстық С.

Өлеңім – өмірімнің айнасындай: Көркем әдебиет / Сланқожа Қарқыстық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. – 152 б.

Бұл жинаққа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің еңбек сіңірген қызметкері, Бүкілодақтық конкурстың лауреаты, отставкадағы полиция полковнигі Сланқожа Қарақыстықтың ұзақ жылдар жүрегінен шыққан жырлары енген.

Бала жастан поэзия мен музыкаға жаны құштар, нәзік сезім иесі ақындықты армандағанымен оның бар саналы ғұмыры, тағдыр жолы, тәртібі қатал, жұмысы қауып-қатерге толы, жауапкершілігі мол ішкі істер органында өтті. Оның адал жүрегі әсем табиғаты, сұлулықты, туған ел, туған жер, Ұлы Отанды, шынайы махаббатты, адалдық пен адамгершілікті жырлаулан жалыққан емес.

Ақын өлең өлкесіне ерте жол тартса да бұрын жазылған өлеңдері мен әндері, күйлері газет-журналдар мен жекелеген авторлардың жинақтарына енегеннен әрі аспағандықтан бұл ақынның тұңғыш жеке жыр жинағы болып табылады.

 

Талап Ш.

Катарсис / Шерхан Талап. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. – 136 б.

Жас ақынның бұл жинағына арман мен аңсарға толы лирикалық өлеңдері, бірқатар аудармалары еніп отыр.

Катарсис – адам жанының, рухының тазаруы. Ақынның өзін-өзі іздеп аласұрған адасқақ ойлары, ішкі арпалысы, сезімдер симфониясы, шексіздікке ұмтылған қиял-үміті өлең боп өріліп, өзгеше күйге бөлейді. Ол күңгірт түстерден де ізгілік шуағын көргісі келеді.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

 

 

Нұртас Тұрғанбекұлы

Жалқынұр: Өлеңдер/ Нұртас Тұрғанбекұлы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. – 88 б.

терең әрі образды ой, мөлдіп сезім, тұңғиық пәлсапа, бояуға қанық сурет пен мәнді лирикалық иірімдерден тұратын Нұртас Тұрғанбекұлының бұл жинағы – ақын жанының айнасындай. Өлеңнің әр жолына сыр жасырғанпоэзиясы кез-келген оқырманды өзіне баурап алары сөзсіз. Ақын өлеңдерінде ауылдың топырағы, қаланың қым қуыт тірлігі, өмірдің өкініші мен көңілдің мың құбылған сәттері бар. Жүректен шыққан мөлдір өлеңдер сіздің де жүрегіңізден орын алады деген сенімдеміз.

Кітап барша оқырман қауымға арналған. 

 

 

 

Қайсар Қауымбек

Іңір қаранғысындағы көктем: Өлеңдер / Қайсар Қауымбек. – Алматы: – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. – 104 б.

Ақынның тұңғыш жыр жинағына бозбала шақтағы арбыр сезімнен туған аңқылдақ жырлары мен жігіт жасындағы орныққан жүректен шыққан ойлы жырлары еніп отыр. Ақын жырлары атамекенді қастеурлеуге, ата-ананы ардақтауға, ұлтын сүюге үндейді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

 

 

 

 

Сарин Қ.

Ғазал-ғұмыр: Өлеңдер, аудармалар. / Сарин Қ. - Алматы:

ЖШС РПБК «Дәуір», 2021, – 216 бет

Өлендегі әр сөзінен шынайы сезімнің шырын дәмi сезiлiп тұратын талантты ақыннын бұл жинағына әр жылдары жазган лирикалық жырлары мен аудармалары енді. Ақынның жүрекжарды тебіренiсi окырманды да бейжай қалдырмайды.

 

 

 

 

 

 

Мұқаш Қ.

Сенің терезең... Хикаят, әңгіме, эссе / Құлтөлеу Мұқаш. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. – 384 б.

Құлтөлеу Мұқаштың бұл жинағына әр кезенде жазылған кейбір хикаят, әңгіме, эсселерi енгiзiлдi.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

Тохан Б.

Қазақ тіліндегі көне және сирек қолданыстағы сөздер сөздігі / Бодаухан Тохан. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. – 464 б.

Тәуелсіздіктен соңғы 30 жылда мемлекеттік мәртебеге ие ана тіліміздің абыройын асқақтату мақсатында ондаған сөздік құрастырылып, қазақ тілі түркі тілдес халықтар ішінде ең бай тіл екендігін көрсете білдік. Бұған Елбасының өзі жоғары бағалап, лебізін білдірген, жүз мыңнан астам сөз бен сөз тіркестерін қамтыған «Қазақ сөздігі» (Алматы, 2013 жыл) куә. Алайда

күні бүгінге дейін қазақ тіліндегі көне сөздердің жеке сөздігі құрастырылмаған екен. Жазушы Бодаухан Тоханның бұл сөздiгi осы кемістігіміздің орнын толтыруға арналған еңбек. Замана ағымына сай сөздік қорымыздағы сан мыңдаған сөздің көне сөзге айналған, тіпті белсенді қолданыста болуға тиісті біршама сөздің аясы тарылып, жастар санасынан өшіп бара жатқан өмір

шындығын ойласақ, бұл еңбек бүгінгі жастарымыз үшін таптырмайтын оқу құралы болары анық.

 

Омар А.

Алфавит. Повести и рассказы / Асель Омар. - Алматы: ТОО РПИК «Дәуір», 2021. - 400 стр.

В книгу выдающегося автора современности, писателя, эссеиста, литературного критика, кандидата философских наук, PhD Асель Омар вошли повести «Алфавит», «Маятник», «В небеса и обратно», «Синий волк» и три цикла рассказов.

В повести «Алфавит», написанной в жанре травелога, автор выступает в роли исследователя книги «Кодекс Куманикус», повторяя путь книги от тюркской земли до европейских стран. В результате исследования автор составляет новый художественный «словарь» ценностей: это история и язык казахского народа, любовь, мир и война, подчеркивая, что знания и интеллект являются основой для развития и благополучия. Повесть «Маятник» через воспоминания о школьном учителе в последние годы советской страны переносит читателя в современный мир, чтобы осознать изменения, произошедшие в нас за последние тридцать лет по отношению к понятию свободы.

О высокой ценности свободы человека говорят и рассказы «Хромовые сапоги», «Французский берет», «Черный снег декабря». Посредством знакомых каждому житейских ситуаций и яркой палитры характеров автор раскрывает свой гуманистический взгляд на жизнь во всей ее полноте.

Стиль произведений Асель Омар - интеллектуальный и эстетский, язык-богатый, яркий, метафоричный и живой, позволяют в полной мере насладиться чтением.

Книга адресована широкому кругу читателей.

Мырзахмет А.

Жетіирек: Әңгімелер / Мырзахмет А. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. - 144 б.

Кітапта жазушы Алмаз Мырзахметтiн кейінгі жылдары жазылған әңгімелері

топтастырылған. Психологиялық иiрiмдерге толы туындылар қазақ әдебиетіндегі

қала прозасынын жана тынысы іспетті. Жаңашыл iзденiстерге толы әңгімелердің

оқиғалары шымыр, тiлi шұрайлы. Автор кейіпкерлерін түрлі қайшылықтарға салып,

күрделі психологиялық әлемiн аша білген.

Кітап қалын оқырманға арналған.

 

Күлманат Әуелхан

Өң мен түс. Күлманат Әуелхан. – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір»,2021. – 152 б.

Баспамыздан жарық көрген «Өң мен түс» жыр жинағында жүзден астам лирикалық өлеңдер мен толғаулары топтастырылған. Ақын өлеңдерінде жастық сезімдер, әйел затына тән нәзік көңіл-күй, шұрайлы тіл әсем өлеңдермен тамаша суреттеледі.

Кітап жастарға, жалпы оқырман қауымға арналған.

 

 

 

 

 

Нурбай Бектурсынов

100 казахских батыров (военно-исторический сборник), Алматы: ТОО РПИК «Дәуір», 2021. – 216 с.

Древние кочевники с молоком матери впитывали незыблемую истину: можно лишиться богатства, имущества,но никогда – ни пяди своей земли! Значит,защита Отечества пришла к нам от далеких предков, и охрана его – святая святых всех живущих на этой земле. «В трудное время собраться для войны, выйти навстречу врагу или отправиться в далекий конный поход было для них первым делом, главным в жизни», - с восторгом писали о наших предках древние историки. Во все века предводители и батыры – военные вожди волею обтоятельств становились во главе этих кровопролитных противостояний. Они олицетворяли лучшие черты своего народа – ум, любовь к Отечеству,мужество и бесстрашие в борьбе с противником. Своими благородными помыслами и свершениями такие люди подали современникам и потомкам вдохновляющий пример беззаветного служения Родине, готовности защищать честь и национальное достояние народа. Имена Абулхаир хана, Абылай хана, Кабанбай батыра, Богенбай батыра, Наурызбай батыра становились общенациональными символами.

 

Елгезек А.

Шаһар кезген: Өлеңдер. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. – 400 бет.

Қазақ поэзиясына өзгеше леп, бөлекше сарын алып келген белгілі ақын Ақберген Елгезектің кезекті жинағына жұртқа кеңінен таныс жырлары мен жаңа өлеңдері енгізіліп отыр.

Автордың бұл кітабы да мәртебелі оқырманның талғампаз көңілінен шығатынына сенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

Есдаулет У.

Абилхаят, или Легенда о живой воде. – Алматы: ТОО РПИК «Дәуір»,2021,-320 с

Для книги «Абилхаят или Легенда о «живой» воде исвестного поэта, лауреата Государственной премии Республики Казахстан Улугбека Есдаулета характерно разнообразие литературных жанров. Она состоит из эссе, воспоминаний, зарисовок, стихов, философских миниатюр, путевых очерков, написанных в разные годы. Часть произведений, вошедших в данную книгу,создана на стыке тысячелетий. В то время, когда не только отдельные личности, но целые государства в результате распада империи на одной шестой части земного шара мучительно пребывали на распутье, было непросто сохранить духовно-нравственные ценности своего народа. По делам и думам, по взаимоотношениям коллег по творческому цеху, мастерски изложенным автором, чувствуется, как это было важно для его поколения. Удачно выбранная стилевая тональность позволяет в изящной форме и с изрядной долей юмора донести до читателей основную мысль и идею автора. Многого интересного и познавательного можно почерпнуть также из глав «Познание» и «Разумение». В книге на убедительных фактах рассказывается не только о прошлом Великой степи, но и о настоящем в сопряжении с иными цивилизациями.

 

Жуманова З.

Запах дождя. Повести и рассказы / Заря Жуманова.

Перевод с каз. А. Ахетова. – Алматы: ТОО РПИК «Дәуір»,2021. – 248 стр.

Ее имя хорошо знакомо казахскоязычной литературной среде. Заря Жуманова – прозаик, член Союза писателей Казахстана, автор книг: «Екіге бөлінбейтін келіншек», «Түнгі оттар», «Сіз іздеген әлем», «Ақбота», «Көбелек қанатының дірілі», «Күләйша, Рокфеллер және басқалар», призер международных и республиканских конкурсов. Она работала несколько лет зведующей отделом в ркспубликанских литературных изданиях («Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз»).

Автор предлагаемой читателю книги рассказывает о непростых и интересных судьбах своих современников. Через ее книгу вы сможете взглянуть на прекрасный мир глазами женщин. Мы надеемся, что ни одно из произведений, написанных женщиной с тонкой душой, не оставит равнодушным вдумчивого читаткля. 

 

Жанат Жаңқашұлы

Ойтамған: Жанат Жаңқашұлы. – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. – 144 бет

Бұл кітапқа белгілі ақын Жанат Жаңқашұлының кейінгі жылдарда жазылған жырлары топтастырылған. Осыған дейін «Тәңір таңбасы» атты (2012ж.) жинағы жарық көрген. Өмірге ғашық, өлеңге құштар автордың жаңа туындысынан ақын ретінде өскенін, шеберлігінің жетілгенін, қалыптасқанын ашық байқаймыз.

 

  

 

 

 

 

Тұрмағанбет Кенжебаев

Кәусар: Өлеңдер / Кенжебаев Т. – Алматы, 2021. – 224 б.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі Тұрмағанбет Кенжебаевтың бұл жинағына ақынның соңғы жылдары жазған шығармалары енді.

Кітап «ТӘУБЕ» және «ФӘНИ – ЖАЛҒАН» атты екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге автордың өмір туралы, өзі туралы ой-толғанымдары енсе, екінші бөлімге туған жер, жастық шақ пен махаббат тақырыбындағы өлеңдері топтастырылған.

Шынайы сезім, сағыныш сазы, ой айқындығы мен ар тазалығы – ақын жырларының асыл мұраты. Сағыныш пен сырға, нұр мен мұңға толы жаңа жыр жинағы оқырман жүрегіне жол табады деп ойлаймыз.

 

 

Ерлан Жүніс

НАРАДУ. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. – 336 бет.

Ақынның бұл кітабына кейінгі жылдары жазған өлеңдері, поэмалары, дастандары мен поэтикалық ойлары еніп отыр.

Дүние мен адам жанының құбылысын өзінше қабылдауы, нәзік лиризм мен сыршылдығы, интеллектуалдық иірімдері, тарихи оқиғаларды тәпсірлеудегі тосын шешімдері мен жаңаша беру формасы оқырман қызығушылығын тудырады деп ойлаймыз.

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00