Имангалиев Азамат Ермекұлы 1961 жылы 12 наурызда Чапаев ауданының Барановка ауылында дүниеге келген. Барановка бастауыш және Бударин орта мектептерінде білім алғаннан кейін, Чуйков атындағы ұжымшарда еңбек жолын бастайды.
1979 жылы Кеңес әскеріне шақырылып, алғашқыда Венгрияда, кейін Ауғанстанда әскери азаматтық борышын өтейді. Ауыр жарақат алғанымен, емделіп, қайтадан ұрыс алаңына оралып, маңызды соғыс операцияларына қатысып, ерлік пен ұстамдылықтың үлгісін көрсеткен.
Азамат Ермекұлы «Воину-интернационалисту от благодарного Афганского народа» медалімен (1989), «70 лет Вооруженных Сил СССР» мерекелік медалімен (1988) және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасымен марапатталған.