1920 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жыланды ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, жауынгер. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы. Орал ауыл шаруашылығы техникумында, әскери-саяси курстарда білім алды. 1940-1947 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. "Лениншіл жас" (1948 – 1952 ж), Қазақстан жазушылар одағында (1953 – 1971ж ) , "Қазақ әдебиеті" (1955 – 1956 ж) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958 – 1963 ж) редакцияларында қызмет жасады. Алғашқы өлеңі 1939 жылы "Ленин тірі" деген атпен "Комсомол ұрпағы" газетінде басылды. Газет бетіне басылған өлеңінен бергі жылдар ішінде алпыстан астам кітабы жарық көрді. Тұңғыш жинағы 1949 жылы "Жеңіс жырлары" тақырыбымен жарық көрді. Жұбан Молдағалиевтің көптеген поэмаларында азаматтық сарын мен көңіл күй лирикасы басым. Соның бірі «Кісен ашқан» поэмасы үшін 1970 жылы ең жоғарғы Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған. 1970 жылы Жұбан Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді. Көркем аударма мен публицистика саласында да жемісті еңбек етті. Шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгр, араб, монгол тілдеріне аударылған. Жұбан Молдағалиев 7- ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралақасы, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі (XII—Х -съездерде) болып сайланды. Ж.Молдағалиев екі рет Еңбек ҚызылӀӀӀ Ту және 2-ші дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет Белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.