2022 жылдың 14 қазаны күні Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер- журналист, көрнекті ақын, сыншы, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, көсемсөз шебері , алашқа әйгілі ақын, ғалым, Ақжайық өңірінің аяулы перзенті Сағынғали Сейітовтің 105 жылдығын атап өту, кітапханаға ақын есімін беру, шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілетін «Талант парасаты: екі ғасырмен егіз өрілген тағдыр» республикалық ғылыми конференциясы өтті.
Қазақ әдебиеті ақсақалдарының бірі, ақын, филология ғылымының кандидаты Сағынғали Сейітов шығармалары - тәуелсіз Қазақстан ұлттық мәдениетіміздің әлемдік өркениетке қосылатын рухани қазынасы. Қыран - жырымен ғарыштық қозғалыстағы әлемде биіктен-биікке самғап келе жатқан ақын-азаматтың өлеңдері алыс ғасырларда да жасай беретіні кәміл. Соңында өшпес із қалдырған поэзия тарланын дәріптеу, нақыл етіп жадыңда сақтасаң да, нақыш етіп жаныңды алқаласаң да бар кәдеңе жарар көркем сөздерін, шығармаларын насихаттау, есімін есте сақтап, оқырмандарды өлең өлкесіне тартып рухани әлемге жақындату, жас ұрпақтың жадында ақын жырларындағы ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерге үндейтін өршіл рухты қастерлеп, санамызға сіңіру.
Аталмыш шара «Ақынға тағзым» Сағынғали Сейітов ескерткішіне гүл шоғын қоюмен ашылды. Ақын ескерткішіне гүл қою рәсімі аудан әкімі Қ.Ш.Аймұхамбетов пен ақынның қызы Дидар Сейітоваға ұсынылды.
«С.Сейітов атындағы кітапхана» аудандық кітапханаға ақын есімін беру үшін ОКЖ директоры Р.Мусагалиева қаулымен ресми түрде таныстырып, ақын есімімен аталатын кітапхананың ашылу салтанатының лентасын қию рәсімі С. Темірғалиұлы мен ақынның қызы Д.Сейітоваға ұсынылады. Лента қию рәсімінен соң шара « Жалынды жылдар шежіресі » тақырыбындағы кітапханалық саяхатпен жалғасады. Кітапханадағы ақын мұрасына арналған бұрышта электронды кітаптар презентациясы көрсетіліп,ақынның әр жылдарда таспаланған суреттеріне, түрлі дереккөздерден жинақталған фото деректерге шолу жасалады. Өскелең ұрпаққа рухани азық болар ақынның туындылары, электронды басылымдардан жинақталған кітаптары ұсынылып, келген қонақтарға ақын мұраларымен толықтай танысуға мүмкіндік беретін кітапханалық саяхат болады. Бұдан соң «Тамаша талант туралы толғаныс» атты ел қонақтарымен кездесу кеші өтеді. Кеш жүргізушісі ақын, мәдениет майталманы Сағынтай Бейсенғалиев келген қонақтарды таныстырып, сұхбат құрды. Аталмыш шараға арнайы шақырылған облыс, қала, аудан көлеміндегі арнайы қонақтар кездесуге қатысты. Атап айтсақ Сағынғали Сейітовтің қызы Дидар мен Дильбар Сейітовалар, Сәкен Сейфуллиннің жиені Сейфуллина София Мәтижқызы, Донеділ Қажымов, Айтқали Нәріков, Ілия Жақанов, Ақұштап Бақтыгереева, Ғалым Жайлыбай, Ақыш Нұрдаулет, Мүтиев Зейнолла, Нұрлан Сәдір тағы да басқа көптеген шақырылған қонақтар кездесу кешінің қатысушылары, әрі құрметті қонақтары болады. Аудандық кітапхананың оқу залында С.Сейітов жинағының презентациясы өткізілді. Кітаптың лентасын қию Б.Қоспаев пен София Мәжитқызына ұсынылды. Кітапқа қысқаша шолуды Абай атындағы мектеп-гимназияның «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Ерментаева Әсел Сатқанқызы жасады. Майданда, шығармашылықта қатар жүрген жерлес ақындар Жұбан мен Сағынғали туралы «Жайықтың жайсаң ұлдары» экскурсия -поэзия сағаты Жұбан орталығында жалғасын тапты.