«КІТАП ӘЛЕМІ – ҒАЖАП ӘЛЕМ» кітап мерекесі

Аудандық кітапханада Халықаралық кітап және авторлық құқықты қорғау күніне арналған «Кітап әлемі – ғажап әлем» атты кітап мерекесі өткізілді.

Кітап оқуды насихаттау, кітапхана пайдаланушыларының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған шарада оқырмандар ертегі кейіпкерлерімен қызықты шараның алаңдарына саяхаттады.

Кітап мерекесінде «Кел, балалар оқылық!» балаларға арналған кітаптар көрмесі, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен «Көңілді кейіпкерлер», «Ертегі әлемінде» және «Фотозона» алаңдары жасақталды. Сонымен қатар жасыл алаңда ұйымдастырылған кітап мерекесі «Кітап оқы», «Золотой век», «Рухани қазына» және «Көңілді әуен» атта алаңдарға бөлініп, оқырмандарға қызықты көңіл-күй сыйлады. Әр алаң өз қызықтарымен ерекшеленіп, түрлі образдарымен оқырмандарға таныстырылды. Шараға қатысушылар XIX ғасыр ақындарының шығармаларынан үзінді оқып, жаңа әдебиеттерден кітаптар оқуға алды. Айтыстың ерекше түрі қыз бен жігіт айтысы тамашаланды. Би биленіп, алау жанында ән айтылды.

Кітапхана алаңындағы кітап мерекесі оқырмандарға ұмытылмас әсер, қуаныш, рахат пен күлкі сыйлап, ертегі кейіпкерлері кітап әлеміне саяхаттауға мүмкіндік берді. 

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00