РУХАНИ ОРДАДАҒЫ АПТАЛЫҚ

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі. Наурыз – адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы Төлдеп, аузы аққа жаритын шаруа мерекесі.

Ақжайық аудандық кітапханасында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай фольклорлық апталық өткізілді.

Апталықтың алғашқы күні «Амал келді, жыл келді» атты қонақжай кешімен бастау алды. Шара барысында қыстан аман шығып, мал төлдеп, ауыз аққа тиген шақта бар ырымның бәрін жақсылыққа, молшылыққа жорыған әжелер әңгімесін айта отырып, келген қонақтарға көже бауырсақтан келіндер дәм ұсынды. «Қымызмұрындық» және «Құрсақ тәрбиесі» салт-дәстүрінен көріністер қойылып, ән шашумен жалғасты. Кітапхана директоры Р.С. Мусагалиева келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Құрметті ақсақалдар, батагөй аталарымыз ұлттық мерекенің басталуымен құттықтап, ұлттық салт-дәстүрдің төл тарихына шолу жасап, асыл әжелеріміз наурыз тілектерін білдірді. Сонымен қатар, мәдени демалыс орталығының өнерпаздар ұжымының мерекелік ән-шашулары мен бойжеткендердің ою-өрнек, кесте төгу көріністері шарада орайластырып, көрсетілді.

Апаталық айтыскер ақын, "Облыс ақыны" атағынның иегері, облыстық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Бисенғалиев Әсет Сағынтайұлымен «Ұлы даланың ұлттық өнері» атты кездесу кешімен жалғасын тапты.

Шарада сырлы сұқбатқа толы болған әсерлі кеште оқырмандар ақын өмірі, шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды.

Шара барысында Ә.Бисенғалиев айтыстың бір түрі «Қыз бен жігіт айтысы» жайында мәліметтермен бөлісіп, кітапхана қызметкерлері "Қыз бен жігіт айтысынын" үлгісін көрсетті.

Шара соңында ақын оқырмандарға ризашылығын білдіріп, ақ тілегімен қатар шараға арнап жазылған «Апталыққа ақ тілек» атты өлең жолдарын оқып берді.

Апатаның бір күні Ақжайық модельді балалар кітапханасының «Батырлар жыры-ауыз әдебиетінің асыл мұрасы» атты кешінде Ораш Дәурен оқырмандарға сөзі Нұрпейіс Байғаниннің, әні Ғ.Құрманғалиевтің «Еңбек» термесін орындады. Қырықбай Айша «Хан» және Дүйсенова Жансұлу  «Түйісу» атты Сырым батыр жырынан үзінді оқыды. Батырлар жыры туралы бейнеролик көрсетілді.

Осылайша, аудандық кітапхана апталығы «Ұлттық құндылықтар сыр шертеді» атты құндылықтарымызды паш ететін әдебиеттерімізден дефилесімен  жоғары деңгейде қорытындыланды. Дефиледе ұлттық киіммен кітапхана қызметкерлері зергерлік өнер нақыштары, киізден бұйым жасау, кесте өнері, ұлттық дастарханымыз, киіміміз, батырлар жыры және де биыл балалар жылына орай арнайы логотиппен шығарылған балалар әдебиеттері де көрсетілді.

Ұлттық құндылықтарымыз жаңғыртыла берсін!

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00