«Жұлдызды сәт-2021»

Мәртебесі биік киелі шаңырақ – Ақжайық  аудандық кітапханалар жүйесінің төріндегі бүгінгі «Жұлдызды сәт» марафонының үздіктерін  марапаттау   шарасы  өткізілді.

Батыс Қазақстан облыстық  зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы ұйымдастырған «Алма сөресі» кітап эстафетасына қатысып, ерекше балалар арасында кітап пен оқуды насихаттауда белсенділік танытқаны үшін бір топ кітапханашылар  «Алғыс хатпен», сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2021» онлайн фестиваліне қатысып, кітапхана саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Шакенов Мейірман Орынбасарұлы «Алғыс хатпен» марапатталды.

2021 жылда кітап оқуда озық  танылып, рухани әлеммен тығыз байланыста болған кітапхана белсенділері және  кітапхана саласы  қызметінің одан әрі дамып жетілуіне үлестерін қосып,  жарқырап көрінген жыл үздіктері марапатталды. Атап айтсақ:

«Ең жас оқырман» - Сағынғали Амир Әлібекұлы,

«Тәуелсіздік құрдасы» - БШО маманы, «Көркем сурет»  үйірмесінің жетекшісі Сисенгазиев Қайсар Талапұлы,

"Әлеуметтік желідегі белсенді оқырман" - Абай атындағы мектеп-гимназияның ұстазы Имангалиева Гүлнар Аққұбашқызы,

«Үздік оқырман: мемлекеттік қызметкер» - Құрайлысай ауылдық округінің әкімі,  Құрайлысай ауылдық кітапханасындағы Комьюнити орталығының  тұрақты оқырманы Жапашев Орынбек Талғатұлы,

«Үздік оқырман отбасы» - Ілбішін  ауылдық кітапханасының Коворкинг орталығының оқырмандары Жұлқашевтар отбасы,

«Үздік оқырман- 2021» - Чапаев ауылындағы Аграрлық - техникалық колледждің ұстазы,  аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы Қоспаева Алия Бақытжанқызы,

«Кітапханамен серіктес мекеме» - Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Габбасова Меңдігүл Сейфоллақызы,

«Кітапхана қамқоршылары» - Алғабас ауылдық кітапханасының Комьюнити орталығының  оқырмандары Қайырқомов Нәсіпқали, Аманғалиев Қайыржан, Бисенова Ақбөбек,  Хамзин Асланбек, Тілепқалиев Медет,

«Үздік ауылдық кітапхана» - Ілбішін ауылдық кітапханасының Коворкинг орталығы, жетекшісі Садыкова Гульжан Өтепбергенқызы,

«Үздік шығармашыл кітапхана маманы» - Орталық модельді балалар кітапханасының кітапханашысы Кубайтова Дана Сансызбайқызы,

«Заманауи кітапханашы» - аудандық кітапханалар жүйесінің Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету  бөлімінің  редакторы Елекенова Шолпан Ғабитқызы,

«Кітапхана саласының майталманы» - Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Саранова Римма Аманғалиқызы,

«Жылдың үздік кітапханашысы - 2021» - әдістеме бөлімінің жетекшісі  Есеналиева Жаңылсын Жанболатқызы марапатталып, оған 100 000 теңгенің арнайы сертификаты табысталды.

 

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00