«Community Center»

2021  жылы  13 желтоқсан күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының  «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында Алғабас ауылдық кітапханасындағы  комьюнити  орталығын ашылды.

«Community Center» (ағылшынша Community Center) - бұл белгілі бір адамның көңіл көтеру үшін арнайы бөлме,  қоғамдастық шеңбері.

«Қоғамдық орталық» (ағылшынша «community» - қауымдастық) - осал топтарға жататын адамдар қарым-қатынас, әлеуметтік қолдау, ақпарат алу, көмек, іс-шараларға қатысу немесе достықта уақыт өткізу үшін жинала алатын қауіпсіз кеңістік.

Комьюнити орталығына келген әрбір оқырман интернет желісін, материалдық техникалық базаны тегін пайдалана алады. Кез келген цифрлық форматтағы интеллектуалды контент  қолжетімді (кітаптар, мерзімді басылымдар, аудио, бейне, ойындар және т.б.);  барлық форматтағы ақпараттық ресурстарды пайдалануға  және интеллектуалдық тікелей қарым қатынас жасауға алаң бөліну жоспарлануда.   Әр баланың өсу, даму қабілеті мектепте білім алуымен, мектепішілік үйірмелермен шектелмеуі керек. Оған қоса демалыс уақыттарында өздерінің замандастарымен бірге әр түрлі өнер, дәстүрлі ойындарды үйреніп, спортта өздерін дамытуына мүмкіндік беретін осындай комьюнити-орталық.

Шара барысында заманауи үлгідегі орталықтың ашылу рәсімі өткізіліп,  Алғабас өлкесінен шыққан ақын-жазушылар, дүлділ күйші-әншілер, сонымен қатар топжарған спорт санлақтарының өмірі мен жетістіктері хақында жасақталған «Туған өлке» бұрышы таныстырылады.

Заманауи және мобильді стандарт бойынша жабдықталған,  кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтын орталықта:  KIDS center  / балалар  орталығы (Қауіпсіз интернет, Қолөнер үйірмесі, көркемсөз, сурет үйірмелері), relax аймақ /демалыс аймағы/   (кафе-шкаф, "Компьютерлік сауаттылық,  ENGLISH club, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындары үйірмелері) алаңдары кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға, жаңа келіп түскен кітаптары оқуға зор мүмкіндік тудырады.

Шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – мәңгі жаса!» мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Аталмыш шараға  Аудан әкімі орынбасары Ердос Рашидұлы Үмітов, мекеме, бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары, аудан кітапханашылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00