«Халық батыры – Жұбан» - атты Жұбантану жинағының тұсауы кесілді.

2021 жылы 5 қазан күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ақиық ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, КСРО және ҚР мемлекеттік сыйлықтарының иегері,белгілі қоғам қайраткері, «Мен – қазақпын!» деп жаһанға жар салған даңқты жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтың туған күніне орай ақынға арналған ескерткіш алаңында «Қазақ барда – Жұбан рухы мәңгілік» поэзия сағаты өтті.

Аталмыш шараға аудан әкімі орынбасары Т.Габдушев, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Ақжайық ауданының Құрметті азаматы», ардагер-ұстаз, жұбантанушы, ақын Үзілдік Елеубайқызы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, педагогика ғылымының кандидаты, қалалық мәслихат депутаты Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы, Мәдениет саласының үздігі, Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы және зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері және түрлі жас шамасындағы кітапхана оқырмандары қатысты. Шарада Ж.Молдағалиевтың «Анкетама қосымша» өлеңі, «Жесір тағдыры» поэмасынан үзінді, Үзілдік Елеубайқызының ақынға арналған төл туындысы оқылып, ақын рухына тағзым етілді.

Шара «Жұбан» орталығында жалғасын тауып, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Ақжайық ауданының Құрметті азаматы, ардагер-ұстаз, жұбантанушы, ақын Үзілдік Елеубайқызының құрастыруымен ақын туған өңірдің келбеті мен қасиетті мекендері туралы, туған топырағы, өсіп-жетілген ортасы, әдеби шығармашылық өнерінің қалыптасуы туралы жазылған «Халық батыры – Жұбан» - атты Жұбантану жинағының тұсауы кесілді. Аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов құттықтау сөз сөйлеп, Үзілдік Елеубайқызына алғыс хат табыс етті.

Шара барысында ақын С.Бисенғалиевтің «Жайығына Жұбан келе жатқандай...» өлеңі, Ү.Елеубайқызының «Дарабоз бір бәйтерек» әні, ақынның сөзіне жазылған «Туған жер» әні орындалды. Сонымен қатар жаңа жинақ туралы пікірлер айтылып, қалың оқырманға таныстырылса, зиялы қауым өкілдері ой өрбітіп, естеліктер айтты.

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00