«Кітап оқып, сыйлық ұтып ал» аудандық байқауының қортынды шарасы

2021  жылы  30 қыркүйек күні өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімдерін, кітап оқуға, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға тарту мақсатында  ұйымдастырылған Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы  аясында «Кітап оқып, сыйлық ұтып ал» аудандық байқауының қортынды шарасы фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфирде өтті.

Шараға Ақжайық аудандық ішкі-саясат бөлімінің басшысы – Хайруллин Армат Сейхуатұлы, Аудандық балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының директоры Есеналиев Руслан Амангелдіұлы, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы – Жолдыгалиева Зульфия Нұрлыханқызы, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры – Мусагалиева Роза Сакенқызы және байқау үздіктері, кітапханашылар  және әлеуметтік желі оқырмандары қатысты.

Шара барысында Армат Сейхуатұлы байқауымыздың алғашқы жеңімпазы Абай атындағы мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы. Республикалық «Астана жас толқыны» атты балалар және жастар шығармашылығының халықаралық байқауының жеңімпазы, С.Сейфуллиннің 125 жыл толуына орай «Сакен оқулары» байқауының 3 орын иегері, ауданда  өткен іс-шараларға белсене қатысып, бірнеше алғыс хаттармен марапатталған,  мақалалары Самал, Жайық таңы  газеттерінде жарық көріп жүрген жас тілші, Орталық модельді балалар кітапханасының тұрақты  оқырманы «Кітап оқып, сыйлық ұтып ал» аудандық  байқауының 9-13 жас аралығындағы жеңімпазы - Зайдуллина Арунаны, Зульфия Нұрлыханқызы С.Ошанов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 1 сынып оқушысы. Республикалық дәрежеде өткен түрлі байқауларға қатысып жетістіктерге жетіп, Республикалық «Кішкентай құстар» І дәрежелі дипломымен, Халықаралық ғылыми тәжірибе Республикалық қашықтық олипмпиадалар орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жайдарлы жаз» атты сурет байқауының І дәрежелі диплом иегері  және республикалық математикалық «Ақылды бала» байқауының жеңімпазы. Ақсуат ауылдық кітапханасының жас оқырманы байқаудың  6-8 жас аралығындағы жеңімпазы Ержан Іңжуді марапаттап, сыйлықтарын табыстады.

Байқау жеңімпаздары ақжарма тілектерін айтып, ән мен жырдан шашу шашылды.  

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00