"Жұбан" орталығы ашылды

Белгілі қоғам қайраткері, жерлесіміз, ақиық ақын Қазақстанның халық жазушысы, КСРО және Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтарының иегері, қазақтың қыран перзенті Ж.Молдағалиевтың 100 жылдығы мерейтойына арналып аудан орталығы Чапаев ауылында "ЖҰБАН" орталығы ашылды.

Өткен жылы Ұлы ақынның ғасырлық тойын тойлауды жоспарлаған кезде ақсақалдар көтерген бастаманы ауданның меценаттары, кәсіпкерлері, ел азаматтары қолдай кетіп, орталық мерейтойға табысталып отыр.

Аталған игі іске мұрындық болған аудандық мәслихат депутаты Сағитов Ақылбектың еңбегі зор.

Орталық Жұбан ақынның өзі тұтынған құнды жәдігерлермен толған жұмыс бөлмесі, кітапхана және акт залымен қамтылған.

Орталық жас ақындардың шығармашылығын дамыту орнына айналатын болады.

Орталықтың ашылу салтанатына Алматы қаласынан ақынның жары София Мәлікқызы мен ұрпақтары, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ауданның құрметті азаматы, әйгілі композитор Ілия Жақанов,облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов және басқа да еңбек ардагерлері мен танымал тұлғалар қатысып, ыстық тілектерін арнап, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00