Кітапхана коворкинг

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ауылдық кітапханаларды мәдени, ағарту және ойын-сауық орталықтарына модернизациялау туралы» ережесіне сәйкес Ақжол ауылдық кітапханасы "Кітапхана коворкинг" орталығы болып ашылды. 

Шараға ақын Бақтыгерева Ақұштап апа, аудан әкімі Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы, Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Мұсағалиев Қадырболат Қабдірұлы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Парасат" және "Құрмет" орденінің иегері, Қазақ ақыны, жазушы Раушанов Есенғали Әбдіжаппарұлы, еңбек ардагерлері, мекеме, бөлім басшылары, жастар қоғамдық бірлестіктер мүшелері, кітапханашылар, ауыл тұрғындары қатысты. Облыстық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері Мейірман Шәкеновтің кітапханадағы коворкинг орталығының ашылуына арналған арнауымен басталған шара "Жаңа форматтағы -Кітапхана" экскурсиясымен жалғасты. Асыл әжелеріміз бен аяулы аналарымыздың ақылдарынан нәр алып,сусындай отырып ибалы да иманды, өнегелі, көрегенді, сыпайы да салмақты нағыз қазақ қыз-келіншектерінің тобын құрып, бай дәстүрімізді бағалау мақсатымен құрылған «Ақшағала» қыз-келіншектер сырласу клубының осы күні таныстырылымы болып, тұсауы кесілді.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері,«Құрмет» ордені,Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының БҚ облысы бойынша филиалының төрайымы,"Ақжайық ауданының Құрметті азаматы" ақын Бақтыгерева Ақұштап апаның 75 жасқа толу мерейтойына орай М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінде сынып ашылып, Н.Майданов атындағы саябақта «Ақұштап әлемі» атты шарасы өткізілді. Шара аясында "Жайықтан есті самал жыр"ақындық аудиториясы, "Өлеңмен өрілген өмір" саябақтағы кітапхана , "Ақ Жайық, Ақ ана, Ақшағала, Ақұштап" ашық кітап көрмесі , «Сырлы саусақ"- қолөнер туындылары, «Қуыршақтар, ертегілер әлем»,"Әдеби тамшылар"- викториналық ойындар ұйымдастырылып оқырмандар назарына ұсынылды. Ақын мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш «Мерей» мәдени демалыс орталығында жалғасын тапты.
#coworking#руханижаңғыру#АқұштапБақтыгереева75жас#кітапханадағысаябақ

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00