Демалыста кітап оқы

«Рухани жаңғыру» деген ұғымның өзі рухы мықты елге тән құбылыс. Еліміздің  әр азаматы өзінің тарихын біліп, тілін құрметтеп, салт-дәстүрінің озығын алып, кітап оқу арқылы кемелдене түсері сөзсіз, осы орайда «Bookdating» жобасы аясында студенттер мен жастарды кітап оқуға насихаттайтын кездесу кеші оздырылды.

Шараға ауданымызда әр салада еңбек етіп жүрген жастар, студенттер қатысты. Кітапханашы  А.Қайыржанов қатысушыларға  Елбасының  2019  жылды «жастар жылы» деп жариялауы еліміздің әр жас буынына ерекше әсер сыйлағандығын және ел ертеңін жалғайтын жастарға өздеріне артқан сенімді абыроймен атқаруға ат салысуға шақырды.  Теdx форматы бойынша еркін микрофон айдарында  қатысушылар  Ж.Маратов, П.Темирбулатова, Қ.Бигалиев  оқыған шығармаларымен бөлісті.  Поэтикалық марафон  бөлімінде қатысушылар  «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында  биылғы жылғы ел болып оқуға ұсынылған Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін  мәнерлеп оқыды. «Демалыста кітап оқы» айдарында  кітапханадағы  жаңа кітаптар таныстырылды. Шара соңында «Кофе брейк» ұйымдастырылды.

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00