Тайпақ ауылдық балалар кітапханасы

 Тайпақ ауылдық балалар кітапханасы

 

Тайпақ ауылдық балалар кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының 58 кв.м көлеміне орналасқан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Осыған дейін қызмет атқарып келе жатқан Тайпақ ауылындағы  балалар кітапханасы ҚазССР –нің Мәдениет министірлігінің 1962 жылғы 4 желтоқсанындағы хаты негізінде Тайпақ ауылындағы балалар кітапханасы жойылып , кітап қоры мектеп кітапханасына берілу туралы Чапаев аудандық мәдениет  бөлімінің 1963 жылғы 2-ші қаңтарындағы №1 бұйрығында жазылған.

 

 1964 жылы 15 мамырдағы Мәдениет бөлімінің № 33 бұйрығы негізінде Тайпақ ауылында балалар кітапханасы ашылды.

1970 жылы кітапханада 6825 дана кітап қоры,650 оқырман саны, 14096 кітап берілімі болған. Ал қазіргі уақытта 17824 дана кітап қоры мен 30420 кітап берілімі мен 1630 оқырманды қамтамасыз етеміз.

       

Кітапхана ісіне жауапкершілікпен қараған қызметкерлер аз болмаған. Олар 1964 жылы -Байқұтова Қ,

1970  жылы -Имашева С,

1967  жылы -Даулетова М, Адилова Қ т.б жұмыс жасаған.

1981  аудандық балалар кітапханасы жаңадан салынған « Пионерлер үйінің екінші қабатына көшірілді. Кітапханадада мектеп жасына дейінгі балалармен 1-2 класс оқушыларына арналған « Ертегілер» бөлмесі ашылды.

 

1997 жылы Тайпақ ауданы тарауына байланысты, балалар кітапханасы Мәдениет үйінің екінші қабатына көшірілді. Кітапханада кітап беру бөлімі, оқырман залы жұмыс жасайды.

 

2000 жылдан кітапханада «Айгөлек» әуесқойлар клубы жұмыс жасайды. Онда 12 мүше бар. Клубтың мақсаты балаларды өз Отанын сүюге, салт-дәстүрін, тілін, дінін қадірлей білу. Кітапханада осы бағытта түрлі мәдени шаралар оздырылып тұрады.

 

 

Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Республикалық бағдарламаны іске асыру бағытында, мүмкінділігі шектеулі балалармен кітапханада кештер, жарыстар, оздырылып тұрады. Кітапқа сүйіспеншілігін кітапхана арқылы тәрбиелеп, олардың қанаттарына қуат беріп, білім нәрімен сусындату үшін барлық күш жігерімізді, өз кітап қорымызды пайдалана отырып жұмыс атқарып келеміз.

 

2005 жылы «Отан» республикалық саяси партиясымен С.Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасы ұйымдастырумен оздырылған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына – арналған « Кітап жадыңды жандырады»- тақырыбындағы республикалық шығармалар конкурсына қатысып, Шынар Жұмағалиева деген оқырман жүлдегер атанды.« Кітап оқып, өткенді еске алу»- байқауға қатысқан  шығармалар жинағы  Алматы, 2005 ж. шыққан кітаптың 35 бетінде «Соғыс шарпыған сол бір шақ»- атты шығармасы жариялаған. Оқырман Диплом мен ақша сыйлықпен марапатталды.

 

Балалар кітапханасында жыл бойы

« Өнегелі өмір өшпес мұра»- тақырыбына ақын –жазушылардың мерей тойларына кітап көрме, кештер ұйымдастырады.

 

Кітапхана «Айгөлек» - балабақшасымен тығыз байланыста, кішкентай бөбектер үшін «Оқышы маған, Анашым» атты ертегіден дауыстап оқу, «Бөбектерім оқы, ойна Оқу- білім саған пайда»-  атты жарыстар оздырылады.

 

 

«Оқуға кеңес береміз»- атты бұрыш ұйымдастырылып, бұл бұрышта оқырмандардың өздері оқыған және ұнатқан кітаптары тұр. Енді соларды басқа оқырмандарға оқуға кеңес беріп тұрамыз.

 

Мектеп оқушылары 3 ай жазғы демалысқа шыққанда түрлі экскурссиялар, саяхаттар ұйымдастырамыз. Балаларға түсінікті түрде аудан, облыс, ел тарихын үйрету бағытында түрлі шаралар өткіземіз. Ауылымыздың мектеп жанындағы лагерьде балаларға жылжымалы кітапханалық қызымет көрсетіледі.        

 

Тайпақ топырағына жерлесіміз Болғаным Қайырғалиева, Сұлтанғали Лұқпановтар, Қазақстанға еңбегі сіңген бір топ өнер қайраткерлері Б.Төлегенова, Ә.Дінешов, Р.Рымбаева, М.Жүнісова, Б.Жұманиязов, Ә.Бейсеуов , М.Нұрекеев, Г.Оразымбетова, М.Илиясов, Ж.Ысқақова , С.Ибрагимов және « Шаншар » әзіл-сықақ отауы,

Д. Таңатаров өз өнерлерін көрермен қауымға паш еткен.

 

Оқырмандардың ой-өрісін дамытуда, кітап оқу жүйесіне бағыт- бағдар беруде, ең таңдаулы жаңа әдебиеттермен танысуда, ұсынылатын әдебиеттер көрсеткіштерінің орны ерекше.

 

Тайпақ ауылдық балалар кітапханасының 1985-2007 жылдар аралығындағы оқырмандар,  кітап қорының орташа есеппен алынған көрсеткіштері

 

Тайпақ ауылдық балалар кітапханасыныңң 2004-2008 жылдар аралығында мерзімді басылымдар көрсеткіші.

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00