Шабдаржап ауылдық кітапханасы ОКЖ-нің баланстық есебіндегі кітапхана ғимаратында орналасқан. Жалпы көлемі – 28 кв.м
Шабдаржап ауылы ( Бұрынғы Харькин ауылы) – Совет үкіметі орнағаннан бастап 1957 жылға дейін Краснояр совхозына бірігіп еңбек еткен.
1957 жылы үкіметтің Қаулысымен Краснояр совхозы қайта құрылғанына байланысты Шабдаржап ауылы осы совхоздың II фермасы болып жасақталған.
1934 жылы Харькин ауылында төрт жылдық бастауыш мектеп ашылып, мектеп жанынан білім бөліміне қарасты «оқырман үйі» жұмыс жасады. Соғыс кезінде мектеп жабылып қалып,уақытша сауаттандыру жұмыстарын кітапханашы, мұғалімдер жүргізді. 1943-1945 жылдары мектеп қайта жұмыс жасап, осы кезде тылға еңбек етуге келген балаларға орыс кластарын ашты. Бүл жерде айта кеткіміз келгені, осы жылдарда кітапхана, мәдениет саласы тікелей білім ағарту министірлігі қарауында болды.
1959 жылы Харькин 8 жылдық мектебінің ірге тасы қаланып, ауылда «Оқырман үйі атымен» ашылған кітапхана түрғындар арасында мәдени рухани жұмыстарын жалғастырып отырды. Елімізде жүрген сауатсыздықпен күрес, сауат ашу жұмыстарын жүргізуге кітапхана көп еңбек етілген. Ауыл түрғындарының мәдени рухани көзқарастарын көтеруге ауылдағы зиялы қауымдармен бірігіп кітапхана көптеген үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Мәдениет бөлімінің бұйрығы негізінде (1963 21 сентябрь бұйрық № 67) Харкин ауылдық кітапханасының кітап корын толықтыру үшін Калмыков аудандық кітапханасынан 300 дана кітап қайтарымсыз берілді.
1972 жылы «Оқырман үйі» ауыл кітапханасы болып ауысып кітапханашы болып Мерғалиева Нүрғаным істеді.
1973-1976 жылға дейін Абдрашева Балкенже кітапхана қызметін атқарды. Кітапханада түрлі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп еңбекшілерге, ауыл тұрғындар арасында көпшілік шаралар ұйымдастырды. Соның ішінде Лениннің өмірімен қызметі туралы әдебиеттерді насихаттауды, коммунистік партия мен совет халқының тарихи-революциялық және ерлік дәстүрлері туралы тақырыптық кештер, В.И. Лениннің жеке еңбектерімен танысатын бірнеше лекциялар кітапханада тыңдалды. «Ленин и дети», «Ленин жастардың ұстазы және досы» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып шолулар жүргізілді. Кітапханада өткізген шараларға ауыл тұрғындарының көпшілігі қатысып, оқырман ретінде кітапханаға тіркеліп әр дайым жаңалықтын арасында ,елдегі болып жатқан өзгерістерді біліп жүрді.
1976-1990 жылға дейін Абдрашева Ақкенже кітапханашы қызметін атқарды. Сол уақытта мәдениет орындары, кітапханалардың негізгі міндеттерінің бірі адамгершілік тәрбиесімен қатар К.Маркстің, революция көсемдері туралы олардың адамгершілік ізгі қасиеттерінің көзі коммунистік мораль мен революцияшыл жасампаз ілімі туралы әдебиеттерді жан-жақты насихаттау. Осыған орай кітапханада Ақкенже түрлі «Өмірі - үлгі өнеге», «Көсем, жолдас, адам» кештер, саяси оқулар ұйымдастырып өткізді. Кітапханашы Ақкенже оқырман, жасөспірім арасында осы тақырыпта көптеген мәдени шаралар ұйымдастырып, сонымен қатар КПСС Орталық Комитетінің, пленум жарлықтарын насихаттап оқырмандар арасында ақпарат күндер ұйымдастырып газер жүрналдардың бетіндегі жаңалықтарымен таныстырып отырды.
1990 жылдан бастап қазіргі кезге дейін кітапхана қызметін З.Габдулина атқаруда.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі жыл сайынғы жолдауын, «Қазақстан 2030» бағдарламасының басты бағыттарын оқырманға насихаттау, салауатты өмір салтын орнықтыруға,салт дәсүрімізді сақтап білуге, «Мәдени мұра» бағдарламасын оқырмандарға насихаттау мақсатында жұмыстану жастар саясатын қолдау, мәдениетті өмір сүру инабаттылыққа тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруда кітапханашы ауыл тұрғындар, мекеме басшылар, жасөспірім арасында көптеген мәдени шаралар ұйымдастырып өткізді. Ауыл тұрғындары өте ұйымшыл, әр бір кітапхананың шарасына қатынасып осы ұйымшылдықтың арқасында кітапханада «Ауылымыздың болашағы-өз қолымызда» атты ауыл жастар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып өткізілді.
Шабдаржап ауылдық кітапханасының кітапханашысы Габдуллина Зоя Едилбаевна Құрманғазы саз коледжінің кітапханашы мамандығын 2003-2005 жылдары тәмамдап, 1990 жылы 30 мамырдан бастап Шабдаршап ауылына кітапханашы болып жұмысқа орналасты.
2008 жылы Шабдаржап ауылдық кітапханасы Ақжайық аудандық кітапханасының БИБЛИО сыйлығының «Көзайым кітапханасы» аталымы бойынша марапатталды.
2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Аталардың ерлігін жыр етем келер ұрпаққа» облыстық қолжазба кітаптар байқауына белсене қатысып, ұлы ерлікті насихаттаудың зор үлгісін қолжазба кітаптар жасау арқылы көрсете білгендігі үшін Ақжайық ауданы, Харькин ЖОББМ оқушылар «Жас тілші» үйірмесі марапатталды.
2016 жылы Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Р.Мусағалиеваның «Алғыс хат» марапатталды.
2019 жылы Ақжайық ауданының әкімі Қ.Айтмұхамбетовтың «Алғыс хат» марапатталды.
2022 жылы «Қадыр Мырзалиевты оқимыз» атты облыстық акциясына қатысушы Шабдаржап ауылдық кітапханасының оқырманы Амангелді Рафик марапатталды.
2022 жылы «Қадыр Мырзалиевты оқимыз» атты облыстық акциясына қатысушы Шабдаржап ауылдық кітапханасының оқырманы Таңатжан Айберген марапатталды.
2023 жылы Жұбан Молдағалиевтің туған күніне орай оздырылған «Жұбан жырлары жүрегімізде» атты аудандық байқауына белсене қатысқан үшін Хамидуллина Шырай «Алғыс хат» марапатталды.
2024 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы А.С.Пушкиннің 225 жылдығына орай ұйымдастырған «Кітап достық көпірі 2024 жыл» эссе және шығарма жазып қатысқан Утеуова Зарина Шабдаржап ауылдық кітапханасының оқырманы марапатталды.
2008 жылы Шабдаржап ауылдық кітапханасы Ақжайық аудандық кітапханасының БИБЛИО сыйлығының «Көзайым кітапханасы» аталымы бойынша марапатталды.
2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Аталардың ерлігін жыр етем келер ұрпаққа» облыстық қолжазба кітаптар байқауына белсене қатысып, ұлы ерлікті насихаттаудың зор үлгісін қолжазба кітаптар жасау арқылы көрсете білгендігі үшін Ақжайық ауданы, Харькин ЖОББМ оқушылар «Жас тілші» үйірмесі марапатталды.
2016 жылы Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Р.Мусагалиеваның «Алғыс хатымен» марапатталды.
2022 жылы «Қадыр Мырзалиевты оқимыз» атты облыстық акциясына қатысушы Шабдаржап ауылдық кітапханасының оқырманы Амангелді Рафик марапатталды.
2022 жылы «Қадыр Мырзалиевты оқимыз» атты облыстық акциясына қатысушы Шабдаржап ауылдық кітапханасының оқырманы Таңатжан Айберген марапатталды.
2023 жылы Жұбан Молдағалиевтің туған күніне орай оздырылған «Жұбан жырлары жүрегімізде» атты аудандық байқауға белсене қатысқаны үшін Хамидуллина Шырай «Алғыс хаттен» марапатталды.
2024 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы А.С.Пушкиннің 225 жылдығына орай ұйымдастырған «Кітап достық көпірі 2024 жыл» эссе және шығарма жазып қатысқан Утеуова Зарина Шабдаржап ауылдық кітапханасының оқырманы марапатталды.